А. Фрелих бойынша базальді ынталандыру (стимуляция) әдісі.
«Базальді ынталандыру» (грек тілінен аударғанда «basis» - негіз, база) - балаға өз денесін таныту үшін базальді қоздырғыштармен әсер ету арқылы жүзеге асатын кешенді педагогикалық әдісі. Процесте негізгі эсер қалыптасуында келесі аймақтарды қамтиды:
Соматикалық (жанасу арқылы дене сезгіштігінің дамуы);
Вестибулярлы (тыныштық күйіндегі дене тепе-теңдігінің дамуы қозғалыстағы сияқты, үш негізгі бағытқа негізделеді;
Тербелмелі (вибрация) (қозғалмалы және дауысталатын объектіні шақырудағы, тербелмелі ауа сезімталдағынының дамуы);
Оральді;
Пайдаланылатын қоздырғыштар өте қарапайым және минимумға дейін қысқартылған: тактильді (жанасу, кұшақтап алу); вестибулярлы (дененің жеке бөліктерін бұру және шайқалту, жоғары-төмен қозғалту, кейбір қимылдарды жылдамдату-бәсеңдету); тербелмелі (тербеліс, қысым түсіру).
Вероника Шернбурннің әдістемесі.
В. Шернбурннің әдістемесі келесі жаттығу топтарынан тұрады:
1. Байланыс орнату және назар аудару. Нұсқаушы мен бала бір - біріне қарама-қарсы кілемде отырады, ал сосын бала ересекке арқасымен отырады. Ересек баланы тербеп, сипап, өзінің іс-әрекетін байсалды тілмен жеткізіп отырады.
2. Қауіпсіздік және сыпайлық сезімін дамыту. Нұсқаушы ересекке арқасымен отырған баланың орнын ауыстырады және т.б.
3. Ынтымақтастыққа және әріптестікке үйрету. Нұсқаушы және бала еденде жатқан күйінде бір-бірін табанымен итереді.
4. Дене сұлбасында және кеңістікте бағдарлау. Дене бөліктеріне және олардың кеңістікте орналасуына назар аудартатын түрлі жаттығулар жүргізіледі.
5. Қорқыныш және эмоцияларды менгеру. Нұсқаушы баладан аттап, оны ақырын басып, итереді.
6. Физикалық жағдайдың және күштің дамуы. Нұсқаушы арқасымен жатады, ал бала оны ішмен жатқызуға тырысады.
7. Босаңсуға үйрету. Жатқандағы толык релаксация.
8. Ойындағы дербес қозғалыстардың дамуы. Мысалы, нұсқаушы көпір жасайды, ал бала көпірмен еңбектеп, көпірге өрмелей бастайды және т.б.
9. Елестетудің және еліктеудің дамуы. Үрлеу, қозғалыстар мен дыбыстарға еліктеу. Ымдардың көмегімен сұрақтарға жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |