Тақырыбы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының математикадан білімі мен дағдыларын тестілік бақылау



бет5/6
Дата28.11.2023
өлшемі292.04 Kb.
#484756
1   2   3   4   5   6
презентация

Бақылау тобы
Эксперимент тобы
Бақылау сауалнаманың деректері бойынша: оқушылардың 33%-ында жоғары деңгей, 33%-ында орташа деңгей және 34%-да танымдық қабілетінің төмен деңгейі анықталды. Бақылау тобында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Эксперимент тобы оқушыларының жауаптарын талдап, келесі нәтижелер анықталды: жоғары деңгей 6 адамда (40%), орташа деңгей 6 оқушыда (40%) және төмен деңгейі 3 оқушыда анықталды. Қалыптастырушы экспериментке қатысқан балалар белсенділік, объектілер мен құбылыстарды білуге деген ұмтылыс сияқты сипаттамалардың көрінісімен қоршаған әлемге көбірек назар аудара бастады.
Оқушылардың жауаптарын талдап, келесі нәтижелер анықталды: бақылау тобында жоғары мотивация 40%, орташа деңгей 30%. Танымдық қызығушылықтың мотивациясының төмен деңгейі 30%.
Әдістеме нәтижесіне талдай отырып эксперимент тобында танымдық қызығушылықтың мотивациясы 40 % жоғары деңгей, 35% орташа деңгей, 25% төмен деңгейді құрады.
Танымдық қызығушылықтың мотивациясы жоғары деңгейде болған кезде оқушылар сауалнаманың сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді. Оқушыларға мектепте өткізілетін математика сабақтары ұнайды, сондықтан олар осы сабаққа қуана барады.
Әдістеме 2. Н.Г. Лусканова бойынша Танымдық қызығушылықтың мотивация деңгейінің анықтау және қорытынды кезеңінің нәтижелері
Диагностикалық әдістеменің нәтижелері: бақылау тобының оқушылары зияткерлік белсенділіктің келесі деңгейін көрсетті: жоғары 20%, орташа 38 % және төмен деңгей 42%. Эксперимент тобының оқушылары келесі нәтижелерді көрсетті: 4 оқушыда (27%) дербестіктің жоғары деңгейі анықталды, 6 оқушыда (40%) зияткерлік белсенділігінің орташа деңгейі бар және 5 оқушыда (33%) зияткерлік белсенділіктің төмен деңгейі анықталды.
Зияткерлік белсенділіктің жоғары деңгейімен олар тапсырмаларды өз бетінше орындады және 10 минут ішінде олар ұсынған тапсырманы шешу мүмкін емес деген қорытындыға келді.
Әдістеме 3. Н.Н.Александров және Т.И.Шульга бойынша Шешілмейтін тапсырма әдісі бойынша анықтау және қорытынды кезеңінің нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет