Java Script тілінің мүмкіндіктері
JavaScript көмегімен HTML құжаттарының бейнеленуін және құрамын басқаруға болады. Экранда бейнеленетін құжатқа кез-келген HTML-кодты жазуға болады.
JavaScript браузердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы: WINDOWS объектісі экранға шығарып сұхбаттық территорияларды шығаруға, браузердің жаңа терезесін құруға, ашуға және жабуға терезе өлшемдерін беруге және тағы басқа мүмкіндік беретін әдістерді қолдайды.
JavaScript құжаттардың құрамымен өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді. Doсument объектісі және онда қамтылатын объектілер программаларға HTML құжатының бөлігін оқуға, кейде олармен өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді. Мәтіннің өзін оқуға болмайды, бірақ, мысалы гипермәтіндік сілтемелердің тізімін алуға болады. Қазіргі таңда құжаттардың құрамымен өзара әрекет жасайтын Form объектісі және ол қамтитын объектілер кең мүмкіндіктер береді.
JavaScript пайдаланушымен өзара әрекет жасауын қамтамасыздандырады. JavaScript кез-келген математикалық есептеулерді орындауға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
JavaScript тілі қандай тіл?
Скриптілік тілдер не үшін қолданылады?
Java Script тілінің мүмкіндіктері қандай?
JavaScript тілін кім ойлап тапқан?
Скрипт немесе сценарий деген не?
JavaScript тілінің қандай объектілері бар?
Объектілік модель неден құралады?
Достарыңызбен бөлісу: |