Осы органдар мынадай жұмыстар атқарады: Өз қызметіне сәйкес жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. -Жердің сапалы жай - күйінің өзгеруінің тексеруді ұйымдастырады; -Жерді мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырады; -Жер заңдарын бұзғаны үшін жоюға шаралар қолданады. -Жердің бүлінуіне байланысты сақтап қою ұсыныстарын енгізеді; -Қала құрылысы және жерді қорғау мақсатында салынған объектілерді қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. 3.Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі негізгі нормативтік актілер Біздің мемлекетте жер қатынастарын реттейтін нормативтік – құқықтық актілермен халық шаруашылығында жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жерлерді бүлінуден қорғау мақсатында жер құқықтық режимін мемлекет пен қоғамның мүдделерін қамтамасыз ететін белгілі жер құқық тәртібі белгіленген. Осы актілер мемлекеттік еріктің жеткізушілері болып табылады, нормативтік сипаты бар, бірнеше рет қолдануға көзделген және барлық жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті болып табылады. Олардың орындалуы мемлекеттік органдармен бақыланады, мемлекет тарапынан ұйымдастыру және материалдық жағынан, оның ішінде мәжбүрлі ретінде қамтамасыз етіледі. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |