26
мәні адам факторын дамытуға жасалған инвестиция мен сол арқылы алынған
табыстың арасалмағын, байланысын зерттеу деп түсіндіріледі.
Зерттеушілер бұл мәселенің өзектілігін қазіргі
экономиканың түрі
өзгеруіне байланысты туған заңдылық деп түсіндіреді. Атап айтқанда,
«ғасырлар бойы экономикалық даму жер байлығына, өндірістік факторлар
ретіндегі еңбек пен капиталдың
өсуіне байланысты болып келсе, өткен
ғасырдың аяғына қарай экономикалық факторлар қатарында адам
ресурстарының жоғары деңгейін талап ететін –
«инновациялық экономика»
ұғымы қалыптасуда
».
Аталған мәселе бүгінде біздің елімізде де өзекті болып отыр. Білім мен
ақпаратқа бет алған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың
негізгі бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні қазақстандық білім жүйесі өзінің
фундаменталдық және сапалылық қасиеттерін сақтай отырып, нарық
заңдылықтары негізінде пайда болып отырған өзгерістерге тиісті дәрежеде
жауап бере алу қажеттігі туындап отыр. Соған орай, еліміздің білім беру
жүйесін Стратегиялық дамыту жоспарында төмендегі
бағыттар белгіленіп
отыр:
Қандай да бір ел өзінің адами ресурстарының әлеуетінен артық бола
алмайды. Сондықтан Қазақстанның адами ресурстарының дамуы ұзақ
мерзімді даму стратегиясының аса жоғары басымдығы болып айқындалады.
Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді
мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес ортаны қамтамасыз ету мүмкін
емес.
Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру –
мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып
табылады.
Осы бағыттардағы нақты жұмыстар жүзеге асырылуда,
атап айтқанда,
орта мектептер интеллектуалды ұлтты қалыптастыруға арналған база деп
анықталып, елімізде бірнеше интеллектуалдық мектептер ашылды.
Болашақта оларда қалыптасқан инновациялық модель жалпы білім беретін
мектептері желісіне тарайды деп күтілуде. Сонымен қатар, Астанадағы
Назарбаев университеті - жоғары білім берудегі негізгі серпінді жоба болып
табылады, оның негізіне алынатын әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер
тәжірибелері зерделенуде. «Интеллектуалды ұлт» жобасының тағы бір бағыты
ретінде ғылымды дамыту мен еліміздің ғылыми әлеуетін көтеру жұмыстары
жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің ұсынысы мен оны
бітірушілердің біліктілігіне деген жұмыс берушілердің сұранысы арасындағы
тепе-теңдікке қол жеткізу үшін Адами капиталды дамыту жөніндегі ұлттық
кеңес құру қажеттігі мәселесі қойылуда.
Аталған «интеллектуалды ұлт» пен «білімдар экономиканы»
қалыптастыру бірқатар міндеттердің
шешілуін қажет етеді, олар:
педагогтардың мәртебесін көтеру; білім беру жүйесінің экономикалық
тетіктерін жаңғырту; білім беруді басқаруды жетілдіру.
Н.Назарбаевтың «білім реформасының басты көрсеткіші - біздің
еліміздің белгілі бір бағытта білім алған және біліктілікті меңгерген әрбір
27
азаматының әлемнің кез келген елінде қажет маман ретінде танылатын
денгейге жету» деген талаптарын білім берудің нәтижелерін анықтауға
тікелей қатысты деп айтуға болады. Сонымен қатар,
аталған Жолдауда
еліміздің дамуын
«парасатты экономика» негізінде жүзеге асыру идеясы
ұсынылып, отандық білім беру жүйесінің алдына
«ол үшін, ең алдымен
өзіміздің адами капиталымызды дамыту» міндеті нақты қойылған болатын.
Осы міндеттерге сай, педагогикалық жүйедегі адам ресурстары-
басқарушылар, педагогтар мен білім алушылардың құзыреттілік сапаларын
қалыптастыру білім бер ұйымдары алдындағы өзекті мәселеге айналып отыр.
Жүйедегі басқа ресурстардан оның ерекшелігі төмендегідей белгіленеді:
ең бастысы, бұл - тұлғалық және интеллектуалдық ресурс, сондықтан,
оның өндірістік
қызметі механикалық емес,
эмоциялық, саналылық және
ойлылыққа негіделеді;
екіншіден, адамның шын мәніндегі әлеуеті басқа ресурстардай емес,
бірден ашылмауы мүмкін, сондықтан, әр адамның жалпы ұйымның
табыстылығын арттыруға үлес қосатын
шығармашылық, кәсібилік
қасиеттерінің мол екені сөзсіз;
үшіншіден, бүгінгі даму жағдайларында
адам ресурстарының да
моральдық түрде үнемі жаңғыртып отыруды қажет ететіні белгілі. сонымен
қатар, олар өзіндік мотивациялары негізінде өзін дамытуды, өз біліктілігін
көтеруді, жаңа құзыреттілік сапаларын қалыптастыруға назар аударып, өздері
қызмет ететін ұйымдардың оған
жағдай туғызуын, кәсіби шеберлігін
дамытуға қолдау көрсетуін күтеді;
төртіншіден, адамдардың қабілеттері, кәсіби
білімі мен біліктіліктері
әртүрлі болатындықтан оларды үнемі
оқыту, үйрету, қайта даярлау қажет
болады;
бесіншіден, адам тұлға ретінде ішкі қажеттіктеріне қарай өздігінен шешім
қабылдауымен қатар, қоршаған ортамен де санасып отырады. Сондықтан,
басқарудың басты міндеттерінің бірі-
оның мотивациясын басқару болып
табылады;
Тағы бір назар аударарлық фактор – тек адам ресурстары ғана басқа
ресурстардың барлығының өзара байланысын, тұрақты қызметін қамтамасыз
етеді.
Осылайша, педагогикалық жүйенің алдындағы мақсаттарын орындауға өз
үлесін қосатын ең құнды активтері – педагогикалық ұжымды дамыта отырып
басқаруды жүйенің оң өзгерістеріне ықпал ететін фактор дей аламыз.
Білім берудің жаңа талаптары тұрғысынан қарастыру бүгінгі
педагогикалық жүйелерді басқарудағы адам ресурстарын –
педагогикалық
ұжымды дамытуға шын мәнінде қалыптасқан стратегиялық көзқарас
қажеттігін айқындап отыр. Өндірістік салаларда ұзақ уақыттар бойы
стратегиялық бағдар ретінде өндіріс нәтижелері, қаржы мәселелері,
инновацияларды ендіру, т.б. нысандар алыны келгені сияқты, білім беру
саласын басқаруда да адам ресурстарын дамыту стратегиясы басты назарда
болуы тиіс.