Тақырыбы: «Жүрекке жол тапқан мейірімді Сара Алпысқызы» Мақсаты



Дата17.07.2016
өлшемі131.5 Kb.
Тақырыбы: «Жүрекке жол тапқан мейірімді - Сара Алпысқызы»

Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу

Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Әңгімелесу
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
Көрнекіліктер: «С. А. Назарбаева» суреттер, қанатты сөздер

Кіріспе:

Шаттық шеңбері: Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:
- Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір - біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындағы балаға қарайды)
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.
Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:
— Біз бүгінгі сабақта балаларға қамқор жан - Сара Алпысқызы Назарбаева туралы айтамыз және де адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.
1 - жүргізуші: Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н. Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.

Мейірімділік қасиеттің мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.
Мұғалім тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
Адамдарға немқұрайлы қарама (мейiрiмдiлiк, әдiлеттiлiк)
● Бiреуге өз көмегiңдi ұсынудан ұялма, алдымен қиындыққа душар болғандарға, әлсiздерге, ауруларға көмектес.
● Айналаңдағы адамдардың жұмыс iстеуiне, дем алуына бөгет жасама.
● Әдептi, сыйлай біл, бiреуге көңiлсiз қарама, үлкендерге сый көрсет.
Бiреудiң пiкiрiн, бiреудiң әдетiн сыйлай бiл, яғни басқа адамдарға төзiмдi бол. Бiрақ олардың кемшiлiгiне, терiс пiкiрiне, терiс мiнезiне еш уақытта келiспе.
Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

  1. Сара Алпысқызының «Бөбек қорын қалай құрды?

Оқушы: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан, құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі « Үлкен ақ жүректі ана « атты кешімізді  Сара Алпысқызы Назарбаева ханымның туған күніне арнаймыз.
Оқушы : Сара Алпысқызы Назарбаева Қарағанды облысының Қызылжар ауылында туған. Соғыстан соңғы жылдары өмірге келген барлық балалар секілді ол да қиыншылықты көріп өседі. Ауыл адамдарының ауыр тұрмысы, жоқшылық кішкентай қыздың көз алдында мәңгі сақталып қалады. Бұл оның адамгершілікке толы тұлғасының қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Сара Алпысқызы қажымай – талмай руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеді.
Осы орайда Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» атты жобасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны ерекше.Жалпы, «өзін- өзі тану» дегеніміз не ? Мынау жарық әлемге келген әрбір адам ең алдымен өзі өзінің жан дүниесіне терең үнілуі тиіс. Өзін- өзі танып, қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруді үйренген адам үйлесімді қоғам құруға да үлесін қоса алады. Өзінің «Өмір әдебі» атты еңбегінде Сара Алпысқызы: «Мен баланың жас кезінен –ақ барлық уақытта сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ету бақытына ие болып жетілуін қалаймын. Ол өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс» дейді. Өзіңді тани білу –жақсыларға еру.

Оқушы : Ананың тілі
Ананың мейірбандығы
Ананың махаббат сезімі
Ананың ізгілігі мен ізеттілігі
Ананың ақ көңілі мен адал ниеті
Бәрі ,бәрі адамға ананың ақ уыз сүтімен бойға сіңеді.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Оқушы : Ән» Ана туралы жыр»
Парасат патшайымы.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның есімі бұл күнде мемлекеттің бірінші ханымы ретінде ғана емес, хадықаралық» Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, жетімдердің жебеушісі, қорғансыздардың қамқоршысы ретінде де қалың жұртшылыққа кең таныла бастағанын ешкім жоққа шығара алмайды.
Басқасын былай қойғанда, бүгінде мерейтойлы межелі жасқа толып отырған Сара Алпысқызын бүкіл саналы өмірін Елбасымызбен қолтықтасып бірге қуанып, қиындығына бірге төзіп, жас азамат қосағының өмір баспалдақтарымен ілгері адымдауына бар жағдайды жасаған адал жары тұрғысынан құрмет тұтсақ та артық емес.

I Бүгінде мыңдаған жетім балалар мен мүгедек сәбилердің тағдыры үшін бүкіл жауапкершілікті мойнына алып,бөбектердің анасына айналған Сара Алпысқызы құрған “Бөбек”қоры ана мен баланы қорғауды, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлықта ұстауды,мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етуді, тұрмысы төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсетуді,бөбектер денсаулығын сақтауға жәрдемдесуді қызметінің бағыты ұстанып,қыруар іс тындырып үлгерді




  1. Мұғалім: Дұрыс, балалар. Қазір мен сендерге « Мазасыз балапан» деген әңгімені айтып беремін.
    - Қане, бәріміз отырып мұқият тыңдалық..
    Бір мазасыз балапан өмір сүріпті Бір күні ол анасынан «Мейірімділік деген не?»- деп сұрайды. Сен әлі кішкентайсың өскеннен кейін түсінесің дейді анасы. Бірақ балапан мазасыз еді. Ол мейрімділіктің не екенін білгісі келіп жолға шығады. Жолда келе жатып бір ешкіні кездестіреді. Ол лағының жоғалып кеткенін айтып көмектесуін сұрайды.
    «Менде уақыт жоқ»- дейді балапан. Мен мейрімділіктің не екенін білуім керек дейді де ары қарай жүріп кетеді. Алдынан бір бала кездеседі.
    Ол ағашқа ілініп қалған шарын ала алмай жүр екен.
    «Балапан, маған шарымды алуға көмектесші» - дейді бала.
    «Менде уақыт жоқ» - дейді балапан. «Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек дейді балапан.
    - «Мен білемін маған күнде апам мейірімділік туралы айтады»- дейді бала.
    - «Маған да айтшы» - дейді балапан.
    - «Бірінші сен шарды алып бер»- деді
    Балапан ұшып барып шарды алып береді.
    «Мінекей, сен қайрымды іс жасадың. Мейірімділік деген осы»- деді қыз. « Қандай оп - оңай» - деп таңқалды.

    Мұғалім: - Міне, осылайша мазасыз балапан мейірімділік не екенін түсінген екен. Әңгіме сендерге ұнады ма?
    - Алдымен балапанға кім кездеседі?
    - Онан кейін кім кездесті?
    - Балапан мейрімділікті қалай түсінді?
    Негізгі бөлім.
    Қазақстанда жетім, ата - аналар қамқорлығынсыз, панасыз қалған балаларға арнап «Бөбек» қорын құрған еланасы С. А. Назарбаева. «Бөбек қоры күшімен
    «Балалар ауылы» құрылды. Балалар мемлекеттің қамқорлығында.. Жетім балаларды заң қорғайды.
    Тағдырдың тас қайрағына ерте түскен әртүрлі балалардың қамқоршысы Сара апай өте мейрімді. Ол кісі еланасы» Алтын жүрек» акциясы мемлекет құрылған бірінші күннен кішкентай балаларға аналық махаббаты мен жүрек жылуын сыйлайды

Қорытынды: «Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала қайдан табылар» демекші бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала білген, әлемнің анасы атанған әз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш, мейірімді адал, Отанымыздың туын биік ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болып өсуге тілек білдіреміз.



Сара Алпысқызы

Райымбек батыр атындағы



№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі
Тәрбие сағаты

« Ұлты сүйген – ел анасы»

6 «е» сыныбы
Жетекшісі: Булеков Қ.А


Астана 2014


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет