Тақырыбы: Жүргіншілер өтпелері



бет6/27
Дата15.02.2024
өлшемі1.93 Mb.
#491767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Жаңа сабақты түсіндіру.
«Ой қозғау»
Оқушылар алғашқы жәрдем туралы өз ойларын ортағы салды. Әрі қарай жаңа сабақты кесте және сызбанұсқа арқылы түсіндіремін.
АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ

Сіңірдің созылуы
Сүйектің сынуы
Буының шығуы

1) Сіңірдің созылуы - адам абайсызда ойлы - шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады. Аяқтың ұшы бұралып, сіңірі созылады.


Созылудың белгілері: сыздап аурады, ісінеді, буынның қозғалысын тежейді. Алғашқы көрсетілетін жәрдем: зақымданған жерді бинтпен немесе жұмсақ матадан жасалған таңғышпен қатты қысып байлайды, мұның өзі ішкі қан құйылуының тоқталуына көмектеседі және буынның қимылдамауын қамтамасыз етеді. Таңылған жерге мұз немесе қар салынған түйіншек басады
2) Сүйектің сынуы - адам қатты құлағанда немесе басқа оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну.
Морт сынғанды ашық сыну деп атайды. Шытынап сынуды жабық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін. Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шеңдеуіш салады. Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсатылып кетеді.
Шытынап сыну - бұл сынудың жай түрі. Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауырады, ынған жері домығып іседі. Себебі сүйекте жүйкелер мен қантамырлар болғандықтан, ауырған жері тез білінеді. Мұндай жағдайда қатты таңып, ауырғаны әбден басылғанша тыныштық қалыпты сақтау керек. Сынған сүйектерді орнына келтіріп салушы адамды сынықшы деп атайды. Сынық белгілері: жарақат алғаннан соң қатты шаншу, сынған аяқ - қолды толық қолдана алмау, аяқ - қолдың сыртқы пішіні мен ұзындығының өзгеруі, сүйек сынған жерде қозғалудың пайда болуы, қоршаған ортаға (жабық) немесе сыртқы ортаға (ашық) қанның көп кетуі. Сүйек сынған жерден төмен тері бозаруы, дене бөлігі мұздауы, сезімталдықтың төмендеуі болуы мүмкін. Алғашқы жәрдем сынықтардың жылжып кетуін болдырмау үшінтолық тыныштық сақтаудан басталады. Қол немесе аяқ сынғанда қозғалмайтындай ету үшін шина жақтау қолданылады. Егер ол қолда болмаса, таяқты, қол шатырды, шыбық бұтасын және т. б. пайдалануға болады. Тіпті болмаған жағдайда сынған қолды кеудеге қосып, ал сынған аяқты сау аяққа қосып таңу керек. Ісік болдырмау үшін жақтаушаларды саусақтарды бастап жоғары қарай зақымданған аяқ - қолға таңады. Тоқпан жілік сынғанда иммобилизация жасау. Асық жілік сынғанда иммобилизация жасау.
3) Буынның шығуы. Буын әр түрлі жағдайларда шығады: механикалық жарақат, спортта, транспорт авариясы, т. б кезде болуы мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буын шығуы белгілері: кенеттен шаншу, буын түрінің өзгеруі және оның қызметінің бұзылуы. Біршама уақыт өткен соң ісіну пайда болады. Жарақаттанған адамды мүмкіндігінше, зақымданған аяқ - қолдарын қозғалмайтындай орап, тез арада медициналық жәрдем көрсету пунктіне жіберген жөн. Қолдары зақымданған жағдайда орамал арқылы асып қояды, ал аяғы мертіккен кезде зақымданған адамды жұмсақ етіп төселген зембілге жатқызып, мертіккен аяғының астына жұмсақ жастық немесе киім салады. Еш уақытта сүйекті өз бетімен салуға болмайды, өйткені сүйектерді, нервтерді, тамырлар мен басқа да тканьдерді бүлдіріп алуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет