ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері
Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова
Сабақ тақырыбы: ЖКО кезіндегі жарақаттардың түрлері
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: әр түрлі жарақат түрлері, олардың алдын алу, дәрігерге дейінгі көмек беру шаралары туралы білім беру
2) Дамытушылық: әр түрлі әдістер, өмірмен байланыстыру арқылы өз денсаулығын сақтауға көңіл бөлуі мен жауапкершілігін дамыту
3) Тәрбиелік: жеке басының ғана емес, өзгенің де денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуы, адамгершілік сапасын қалыптастыру
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, интерактивті, пікір - талас
Сабақтың көрнектілігі: сызбанұсқа, дәке, қатты қағаз, жұқа тақташалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сабақты бекіту
V. Қорытындылау
VI. Үйге тапсырма
1. Сыныппен амандасу, түгендеу, сабаққа назарларын аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру.
1) Сүйек қандай ұлпадан түзілген? (дәнекер)
2) Қаңқаның толық сүйектенуі неше жасқа дейін қалыптасады?(20 - 25 жас)
3) Сүйектің құрамындағы ағзалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? (серпімділік, иілгіш)
4) Сүйектің байланысы атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді (3 топ)
5) Буын дегеніміз не? Адам денесінде қанша буын бар? (сүйектің қозғалыспен байланысатын жері; 230 буын бар)
6) Буын қапшығы деген не? (буынның сыртқы қабығы)
7) Сүйектің жуандап өсуі неге байланысты? (сүйекқап)
8) Сүйектің ұзарып өсуін түсіндір? (шеміршекті қабаттағы жасушаның бөлінуі)
9) Сүйекке қоректік заттар қалай жеткізіледі? (қантамыр)
10) Сүйектің құрамында қандай заттар болады? (ағзалық, бейағзалық)
11) Қарт адамның сүйегі неге тез сынады? (минералды заттардың көбеюінен)
12) Сүйекте оссеиннің қызметі қандай? (иілгіштік)
13) Сүйектердің шетінде болатын шеміршектің қандай пайдасы бар? (жасушалары бөлініп, ұзарып өседі)
Достарыңызбен бөлісу: |