Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық ойын. Мақсаты



Дата17.07.2016
өлшемі72.5 Kb.
#206436
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық ойын.

Мақсаты: 1) Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.

2) Оқушылардың зеректігін, тапқырлығын, ойлау қабілетін дамыту.

3) Оқушыларды шапшаңдыққы, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: PowerPoint бағдарламасында құрылған презентация, математика туралы ақын-жазушылардың сөздері.

Барысы: 1. «Кім білгір?»

2. «Сен білесің бе?»

3. «Кім жылдам?»

4. «Ойланып көр»

5. «Қателеспе»

Жүргізуші:

Мінекей залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика ғылымы жайында

«Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар» атты

Кешімізді бастаймыз.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, математика жанкүйерлері. Бүгінгі «Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар» атты интелектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар.


  1. «Теріс сан» тобы-ойыншылары: Жәрдем Ақжол, Құрақ Ақбота.

  2. «Оң сан» тобы-ойыншылары: Төлеу Альбина, Бекқұл Қыдыр.

  3. «Қарама-қарсы сан» тобы-ойыншылары: Бурабай Сүндет, Кәдірбек Фариза.

Жүргізуші: Кезекті ойынға береміз. I-бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Бұл болімде әр топқа 5 сұрақтан оқылады, әр дұрыс жауап 10 ұпай. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда қарсы топтардың бірінші болып қалақшаны көтергені жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе, ұпай сол топқа беріледі.
Бірінші топтың сұрақтары:

  1. Қосылғыштардың орынын ауыстырғанмен не өзгермейді? (қосынды өзгермейді)

  2. Бөлшектерді қалай көбейтеміз? (Алымын алымына, бөлімін бөліміне көбейтеміз)

  3. Пропорция дегеніміз не? (Екі қатынастың теңдігі)

  4. Сүйір бұрыш дегеніміз не?(90 0 кіші бұрыш)

  5. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан? (0 саны)

Екінші топтың сұрақтары:



  1. Кез келген санның нолмен қосындысы неге тең? (сол санның өзіне тең)

  2. Бүтін сандар жиынына қандай сандар жиыны жатады? (0 саны, натурал сандар жиыны, қарама-қарсы сандар жиыны)

  3. Бөлшекті бөлшекке қалай бөлеміз? (Бірінші бөлшекке екінші бөлшектің алымы мен бөлімін алмастырып көбейтеміз)

  4. Оң санның модулі неге тең? (сол санның өзіне)

  5. Бұрыш дегеніміз не? (Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған кесінді)

Үшінші топтың сұрақтары:



  1. Қарама-қарсы санның қосындысы неге тең? (0-ге тең)

  2. Оң сан мен теріс санның қайсысы үлкен? (оң сан үлкен)

  3. Аралас санды қалай көбейтеміз? (Алдымен аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан соң алымын алымына, бөлімін бөліміне көбейтеміз)

  4. Доғал бұрыш дегеніміз не? (90 0 үлкен бұрышты доғал бұрыш дейміз)

  5. Рационал сандар жиынына қандай сандар жиыны жатады? (Бүтін сандар және бөлшек сандар жиыны жатады)


Жүргізуші: II бөлім «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл бөлімде тест тапсырмалары беріледі, соған әр топ алдарыңыздағы жауап парағына дұрыс жауабын жазып бересіздер. Әр дұрыс жауап 10 ұпай, уақыты 2 минут.

Тест тапсырмалары:

1. Есепте: = а) в) с) 3,2 Жауабы: в)

2. Теңдеуді шеш: х=3 а) 21 в) с) жауабы: а) 21

3. Салыстыр: және 0,75 а) в) с) =0,75 жауабы: в)

4. Кері санды жаз: а) в) с) жауабы: с)

5. -20; 3; -30 сандарының қайсысының модулі кіші? а) -20 в) 3 с) -30 жауабы: в) 3

6. -1,5-ке қарама-қарсы санды жазыңдар? А) -1,5 в) с) жауабы: с)

7. Есепте: -30+1,5= а) -31,5 в) 28,5 с)-28,5 жауабы: с) -28,5

8. Саластыр: 20,5 және |-21,5| а) 20,5|-21,5| в) 20,5=|-21,5| с) 20,5

жауабы: с) 20,5

Жүргізуші: Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

Нұрын, сырын білуге

Көкірегінде болсын тез.

III бөлім «Кім жылдам?». Бұл бөлімде әр топ 1минуттың ішінде санға қатысты мақал-мәтелдер айтып жарысады. Әр мақал-мәтелге 5 ұпайдан беріледі.
Жүргізуші: IV бөлім. «Ойланып көр» деп аталады. Жұмбақтар оқылады, сол жұмбақтардың дұрыс жауаптарын жазу керек. Әр дұрыс жауап 30 ұпай.


  1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (инелік)

  1. Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде

Бірін-бірі көрмейді. (көз)



  1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)

  2. Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр бес ешкі

Екі қоян, үш түлке

Таба алмасан бос күлкі. (28)


  1. Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан,

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)


  1. Түйе, бота аң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой. (15)


  1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай,

Айтындаршы бұл қандай сан,

Жан-жағына қарамай. (натурал сан)


  1. Бүтін, бөлшек бөліктерден,

Барлығыда бар онда

Бұл қандай сан айтындаршы



Оң, теріс сан бәрі сонда. (ондық бөлшек)
Жүргізуші: Келесі соңғы бөліміміз «Қателеспе!» деп аталады. Бұл бөлімде таңдап алған фигураларыңыздағы үшбұрыштардың саны қанша екенін айтасыздар. Дұрыс жауапқа 50 ұпай.

Жүргізуші: Осымен сайысымызда өз мәресіне жетті, ойыншылар алдарыңыздағы ұпай санын есептеңіздер, ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Сайыскерлерімізді марапаттау үшін сөз математика пәнінін бірлестік жетекшісі Ардақ апайға беріледі.

Жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымыз өз мәресіне жетті, келген көрермендерге алғыс айта отырып кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет