Жоғары сынып -оқушыларының арасындағы кикілжіңді теориялық тұрғыда зерттеу
Кикілжіңнің әлеуметтік табиғаты және оның ерекшеліктері.
Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы өзімен күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да жұмсақ түрде жүзеге аспайды, кейде қарама - кайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Әрбір адамның, әрбір үжымның немесе ұйымның, әрбір елдің бүкіл ғұмыры қарама-қайшылықтардан құралған. Мұндай қарама-қарсылықтардың табиғатын әртүрлі адамдардың әрқилы позицияларды алуына, әртүрлі қызығушылығы бойынша жетекші болуына, әртүрлі мақсатта талпынуына байланысты өзінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және мақсаттарын жүзеге асыруда бір-бірімен екі немесе одан да көп индивидтердің қарама-қарсы қақтығысқа жиі түсуімен түсіндіруге болады. Кейде бір-бірінің арасында туындаған қақтығыс тек бір ғана адамға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік топқа, кейде мемлекетке де қарсы күреске туындауы мүмкін. Олар өзінің қарсыласының мақсатына жетуіне кедіргі жасау мүмкіндігін белсенді іздейді, қызығушылықтарын қанағаттандырмауын тілейді немесе оның көзқарастарын, өмірдегі бағалаушылығын, алатын орнын өзгертуге тырысады. Дау, қорқыту және қауіп төңдіру аркылы, физикалык күш пен қару қолдану арқылы жүретін қарама-қайшылықтық қақтығысты кикілжің - деп атайды.
Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығында қызығушылықтар мен мақсаттардың қарама-қайшылығы өзара кикілжіңге әкеп соқтыратынын мүлдем білдірмейді. Қарама-қайшылық пен кикілжің - бір нәрсе емес, және қарама-қайшылықтың дамуы әрқашанда кикілжіңге ұласпайды. Кикілжің туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен кызығушылықтарының қарама-қарсылығын сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе оданда көп жеке тұлғалардың топтардың, партиялардың, елдердің, т.с.с.-дың бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік кикілжіңдердің негізі болып табылады.
Бұл әлеуметтік құбылыстардың немесе процестердің негізін түсіну үшін сөздің әтимологиялық мағынасын анықтаған жөн. Латын тілінде қолданатын «conflictus» сөзін құраған лингвистикалык әлементтерінің мағынасын анықтасақ бүл сөздің мәні айқын болады. Бүл сөздің түбірін алдына жалғанған «con» буынынан тұрады, ол біреумен бірге, біреуге қарсы, бір уақытта, бірге деген мағынаны білдіреді және «flictus» («flicо») етістігінен құралған. Бұл етістік үру, итеру, құлату деген мағынаны білдіреді.
Сонымен берілген сөздін әлементтері оны қақтығыс, дау, күрес, қарсы тұрушылык деп аударуга мүмкіндік береді.
Берілген сөзге мұндай мағына беру бөлек индивидтердің арасындағы, олардың топтарының, мемлекеттердің, тағы басқалардың арасындағы қарама-қайшылық болатындығы туралы шешімге алып келді. Қарама-қайшылықтардың екі негізгі түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, әртүрлі әлеуметтік қоғамның позициялары, қызығушылықтары қүрайды (оларға отбасы, ұйым, территориялық қүрылым, қоғамдық қозғалыс, т.б.). ал екіншісі, үкімет құрылымының іс-әрекетінің әртұрлі формасынан немесе әкономикалық, үкіметтік, политикалық қарама-қайшылықтар болып табылады. Қарама-қайшылықтардың бұл екі түрі қоғамда кикілжіңнің объективті-реалдық негізін тудырады.
Қоғамдық өмірдің барлық сфералары - әкономикалык, политикалық, әлеуметтік рухани жағы -барлығы өзара көптеген дифференциацияларға, қарама-қайшылықтарға, әртүрлі мақсаттар мен қызығулықтарының қақтығыстарына толы. Сондықтан да қоғамда әртүрлі кикілжіңдерге орын бар. Кикілжіңдік индивидтер және олардың топтары немесе әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер, кейде мемлекеттердің коалициялары да түсуі мүмкін. Әртүрлі кикілжің түрлерін тудырушы объектілер және оны шешу тәсілдері бар, сонымен қатар кикілжіңді әрекеттерді тудырушы субъекттердің түрлері аз емес олар тек бөлек ерлер немесе әйелдер, балалар немесе жастар, жүмысшылар немесе студенттер оқымыстылар немесе жазушылар типтес ғана емес, сонымен қатар олардың бүкіл топтары - профессионалдық жағынан, партиялық, ұлттық, рухани және тағы басқа жағынан да болуы мүмкін. Сондықтан өзінің объектісі және субъектісі бойынша, қарама-кайшылықтарының әрекетінің мінездемесіне қарай, оның түбірлі негізіндегі себебіне, дамуы мен шешілуіне, терендігі мен өту ұзақтығына байланысты кикілжіңдердің әртүрлі де әрқилы түрлерін ажыратуға болады. Бірақ кикілжіңдердің әрекеттершщ интенсивтілігінің функцияларының, қоғамдаы ролінің әртүрлілігіне қарамастан, дұрыс та терең зейін аударсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастықтарды сызып көрсетуге болады.
Кикілжіңнің объектісі болып әлеуметтік ортадағы және қоршаған ортадағы құбылыс немесе процесс, кезкелген зат болып табылады. Мысалы, жер, су ресурстары тарту жекеменшілік, мәдениеттік қүндылықтар немесе авторитет, престиж, бедел, басқару, т.с.с. Ал кикілжіңнің субъектісі болып әрқашанда адамдар – бөлек индивидтер, сонымен қатар олардың ортақ жиылысы - жанұя, ұжым, қызығушылықтары ортақ топтар немесе үлт және тағы басқа болып табылады.
Өмірде болатын әртүрлі қилы ситуациялардың арқасында белгілі бір субъектің (индивидтің немесе топтың) мақсаты мен кызығүшылықтары ьасқа бір субъектінің мақсатына сәйкес келмеуі мүмкін. Яғни, субьектінің мақсаты қарсы келген екінші субъектінің мақсаты мен қызығушылықтарын жүзеге асыруын қиындатады. Мүндай ситуацияның қарапайым мысалы спорттық ойын (айталық, футбол немесе волейбол), мүндағы бір карсыластың жеңісі екіншісінің жеңілісіне әкеп соқтырады. Бірақ дау-дамайлы ситуацияға түсетін әртүрлі индивидтердің немесе топтардың қызығушылықтары мен мақсаттары диадикалық бөлінумен шектеліп қана қоймайды, мүнда күрделі матрицалык жүйелі көрініс береді. Мысалы, бір топта оқитын студенттер стипендия алған соң, кейбіреулері алынған ақшаға бар өткізуді үсынса, ал басқалары танымалы әншінің концертіне баруларын өтінеді, ал үшіншілері тіпті ақшаларын жүмсағанды қаламайды. Мүндай жағдайда топта кикілжіңдік ситуация туындаиды. Егер де дау нәтижесінде бүкіл бар өткізу деген ортак шешімге келсе, онда берілген ортада кикілжің жоқ деп есептеледі. Ал егер бір студент болса да бұл вариантқакеліспесе, онда мұндаи ситуация кикілжіңге әкеп соқтыруы мүмкін. Ондай болса, әртүрлі қызығушылықтардың қарама-қарсылығы кикілжіңді жагдай тудырады.
Кикілжіңнің туындауындагы себептері өте көп, бірақ оларды үш категорияға бөліп көрсетуге болады:
· Ресурстар. Ресурстар айналасында туындаған кикілжіңдер өте қарапайым болып саналады.Бірақ бұдан өршіген кикілжіңдер өте күрделі болады.
· Психологиялық қажеттіліктер: Достық, басқару, топтың кұрамына кіру, табыс.
· Құндылықтар — біздің сенімдеріміздің жүйесінің негізі.
Бүл себептер кейде аралас кейде бір өзі кикілжің туындатады. Сенімдік құндылықтардан туындаган кикілжіңдерді шешу өте қиын болады, бұл құндылык жеке тұлғаны және оның өмір сүру маңыздылығын кұрайды.
Басқа классификациясы
· Базальді қажеттіліктер (тіршілік үшін қажет);
· Басқа да құндылықтар (дін);
· Шектелген ресурстар (ақша);
· Психологиялық қажеттіліктер (біз өзімізді пайдалы, қажет және жақсы сезіну үшін).
Басқаша классификациялау
· Негізгі (базальді) қажеттіліктер - тіршілік ету үшін су, тамақ, ауа және т.б.
· Бөлектендіретін құндылықтар - мысалы, әр түрлі дінге сенетін адамдардың құндылықтары мен қызуғушылықтары сәйкес келмейді.
· Әр түрлі қабылдау - адамдар болып жатқан ситуацияны әр түрлі қабылдайды. Мысалы, екі адам досының көйлегінің түсіне дауласуы мүмкін. Себебі, әр адам бір түсті әр түрлі қабылдайды.
· Әр түрлі қызығушылықтар - мысалы, екі оқушы кешке киноға немесе туған күнге баратыны туралы дауласуы мүмкін.
· Шектелген ресурстар өмірде әрқашанда бір нәрсе жётпей тұрады. Мысалы, өмірде барлығы бай емес, себебі ақша шектелген рссурс.
· Психологиялық қажеттіліктер - бүл қажеттілік, бізге өзімізде сенімділік болу үшін өзіміздің қажет екендігімізді және маңыздылығымызды түсіну үшін қажет. Мысалы, бізді жақсы көрубізге өте керек.
Кикілжіңнің дамуын немесе іске асуын формула ретінде көрсетуге болады.
Кикілжіңнің бірінші формуласы
Кикілжіндік жағдай + Инцендент = Кикілжің
Кикілжіңдік жағдай - нагыз себебін құрайтын жиылған қарама - қайшылықтар.
Инцидент - кикілжіңдік сылтауы болып табылатын жағдайлар ағыны.
Кикілжің - қызығушылықтары мен позицияларының қарама - қаишылануына байланысты ашық қарсы тұру.
Формулаға қарайтын болсақ ондағы кикілжіңдік жағдаймен инцидент бір-біріне тәуелсіз, яғни олар бір-бірінің туындауына себепші емес.
кикілжіңнің екінші формуласы
Мұндағы кикілжіңдік жағдайлар бір-біріне тәуелсіз және бірінен-бірі туындамаған.
Берілген формула бірінші формуланы толықтырады, сәйкесінше, әр кикілжіңдік жағдай өзінің өршуімен, баска кикілжіңнің инцидентінің туындауына әсер етеді.
Векторлық түрде кикілжіңнің бірінші және екінші формулаларын келесі түрде көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |