Дипломдық жұмыстың міндеттері
Физиканы оқыту кезінде компьютерлік модельді пайдалана отырып, сабақты дамыту әдістемесін құру.
1
2
3
4
Физика сабақтарында компьютерлік модельдерді қолдану мәселесін талдау.
Компьютерлік модельді қолдану негізінде эксперименттік зерттеу қызметін ұйымдастыру әдістемесін жасау
Физика сабағында компьютерлік модельді қолдану барысында оқушылардың
оқу әрекетінің ерекшеліктерін ашу.
БІЛІМ БЕРУГЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ
Қазіргі таңда цифрлық білім беру технологиялары – көрнекілікті қамтамасыз ететін электрондық жүйелерді пайдалануға негізделген оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілі. Цифрлық технологияларды қолданудың негізгісі – оқу просесінің сапасын, тиімділігін арттыруда. Мүмкіндіктері:
1
2
3
4
5
Оқушымен жедел кері басйланысты жүзеге асыру;
Тапсырмаларды орындау және материалдарды зерделеу ұтқырлығын арттыру;
Оқушылшардың тапсырмадан өткеннен кейін бірден нәтижеге қол жеткізу;
Материалдың көрнекілік сапасын арттыру;
Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттыру;
Физиканы оқытудағы компьютерлік модельдер
Физиканы оқытуда пайдаланудың ең болашағы бар бағыттарының бірі физикалық құбылыстар мен процесстерді зерттейтін компьютерлік модельдер болып табылады. Компьютерлік модельдер дәстүрлі сабақтарға енгізуге де ыңғайлы және жаңаша түрдегі сабақтарды ұйымдастыруға да жол ашады. Компьютерлік модельдер басқа да көрнекілік құралдарымен бірге оқу процесінің тиімділігін әлдеқайда көтереді.
Физиканы оқытуда компьютерлік модельдердің негізгі көрсеткіші ретінде оқушылардың интеллектуалды қабілеттерінің дамуын атауға болады. Компьютерлік модельдерді пайдалану арқылы физикалық құбылыстар мен процесстерді сенімді де дәл көрсетіп, оларды экспериментте түрлі жағдайда қайталап, мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушының компьютерлік эксперименттер жасауы кезінде компьютермен диалог арқылы жұмыс істеуі оның танымдық әрекеттерін арттырып, өздігінен ғылыми зерттеу жүргізу және ойлау кабілет-дағдыларын анағұрлым дамытады.
Физика оқу процесінде компьютерлік модельдерд пайдала отырып ,зертханалық жұмыстардың базасын кеңейтеді, кез келген салада эксперименттер мен зерттеулер жүргізу мәселесін жеңілдетеді, оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне баулу арқылы білімді меңгеруге мүмкіндік береді.
Физиканы оқытуда оқушылар компьютерлік модельмен жұмыс істеу кезінде параметрлерді өзгерту арқылы жұмыс жасайы. Модельмен жұмыс жасағанда оқушылар саны шектелмейді, яғни кез келген жұмысты фронтальды түрде орындауға болады.
Виртуалды жұмыстарда оқушы параметрлерін өзгертіп орнату арқылы:
құбылыстарды зерттеуге мұмкіндік береді;
физиканың жекелеген бөлімдерін, әсіресе ядролық физиканы оқу әдістемесін жетілдіреді;
компьютерлік модель арқылы тапсырмаларды тексереді, талдайды;
шешімнің тексеру дұрыстығын растайды
Компьютерлік модельдер арқылы « Механика »
бөлімі бойынша сабақтарды әзірлеу
Сабақтарды әзірлеу кезінде «Механика» бөлімінің бір бөлімін таңдап, осы бөлімшедегі барлық тақырыптар бойынша сабақтарды әзірлеген жөн. Мысалы, (Кинематика немесе Динамика)
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптың физика пәнінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес кинематиканы оқуға 8 сағатты қамтиды. Оның ішінде:
.
.
2 сағаты зертханалық жұмыстарды орындауға;
3 сағаты есептерді шығаруға;
3 сағаты сабаққа түсіндіруге арналған;
.
Сол жоспар бойынша Динамика пәнін оқуға 10 сағаты сабаққа қарастырылған, Олар:
.
.
.
4 сағаты есептерді шығаруға;
3 сағаты зертханалық жұмыстарды орындауға;
Сақтау заңдарына 3 сағат бөлінген, оның бір сағаты практикалық сабаққа бөлінген.
Заманауи электронды жаттықтырғыштар мен симуляторларлардың бірегей топтамасы физика, химия, биология, математика және география пәндерін қызықты өткізуге көмектеседі. Виртуалды зертхана симуляторлары – күрделі ғылыми құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіруде оңтайлы көмекші.
Достарыңызбен бөлісу: |