Тақырыбы: Латын тілі жəне оның қысқаша тарихы. Латын алфавиты. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардың ұзақтығы мен қысқалылығы. Фонетика. Жоспар



бет8/14
Дата21.10.2022
өлшемі49.06 Kb.
#463210
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
латын вет

Ветеринариялық терминология - ветеринария саласына қатысты процестердің, құбылыстарыдың, заттардың ғылыми атауларының жиынтығы.
Ветеринариялық терминология үш терминологиялық топтардан тұрады:
1. анатомиялық
2. клиникалық
3. фармацевтикалық

Номенклатура – атаулар жиынтығы, белгілі бір ғылым ауқымында қолданынылып жүрген атауыштар мен категориялардың жиынтығы. Қазіргі кезде медицина мен ветеринарияның терминологиялық қоры 500 мың терминді құрайды (тарихи анықтама: егер Х ғасырда медициналық бір мың термин болса, 1850 жылы алты мыңға жуық, ал 1950 жылы 45 мың термингежеткен).
Анатомиялық терминдер жеке сөздерден немесе сөз тіркестерінен тұрады. Мысалы: vertebre – омыртқа немесе articulatio temporo-mandibularis – самай төменгі жақ буыны.
Терминге қажетті нақтылықты көрсету үшін оның құрамына анықтауыш кіреді. Ол жеке бір сөзге емес, толық сөз тіркесіне қатысты болады.
Мысалы: сүйек миы – medulla ossium – қызыл не сары болады, сондықтан да бұл терминнің толық аталуы medulla ossium rubra – сүйектің қызыл майы жəне medulla ossium flava – сүйектің сары майы.
Анықтауыштың екі түрі бар:
1. Келісілген – анықталатын зат есіммен тектік түрде жəне септікте келісілетін сын есім: musculus rectus – тік ішек. Егер зат есімнің бірнеше келісілген анықтауышы болса, онда бірінші болып ағзаға тиістілігін анықтайтын, оның артынан көлемін анықтайтын немесе тұрған жерін анықтайтын анықтауыштар тұрады; conchae nasalis dorsalis et ventralis – дорсальды жəне вентральды мұрын кеуілжірлері.
2. Келісілмеген – genetīvus септігінде тұрған зат есімнің басқа бір зат есімді анықтауы, мысалы: columna vertebrarum – омытрқаның бағанасы, facies cerebrum – мидың қабаты.

Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы
Зат есімнің септеу жүйесіндегі орнын түсіну үшін ботаникалық жəне зоологиялық номенклатурадағы жіктелу жүйесінде қолданылатын негізгі токсономиялық категориялардың атауларын жатқа білген жөн.
Жануар жəне өсімдік əлеміндегі жіктелуінің негізгі бірлігі түр (species, ēi f) болып саналады. Түрлер туысқа (genus, ĕris n), ал туыс – в тұқымдастыққа (familia, ae f), тұқымдастық – жануарларда тек тармаққа (отрядтарға -ordo, ĭnis m), өсімдіктерде қатарға (порядки - ordo, ĭnis m), ол өз кезегінде – текке (кластарға - classis, is f), ал тек – жануарларда тапқа (тип - phylum, i n), өсімдіктерде бөлімге (отделы - divisio, ōnis f), тап пен бөлімдер – патшалыққа (regnum, i n) алып келеді. Сонымен, зоологиялық жəне ботаникалық токсономиялық категория түрден басталып, патшалыққа келіп тірелетін төңкерілген пирамидаға ұқсайды. Түр атауы биноминальды номенклатураға сай екі бөлімнен – тектік жəне түрлік атаудан тұрады.
Тектік атау Родовое nom. sg.септеуінде тұрған зат есіммен аталып, бас əріппен жазылады: Betŭla - қайың, Ciconia - тырна, Tritĭcum - бидай.
Зат есімнің түрді анықтауға қолданылатын кездері болады: Luscinia luscinia - бұлбұл, Pica pica - сауысқан, Rattus rattus - қара атжалман. Мұндай атаулар тавтонимдер (грек. to auto onyma - соның өзі) деп аталады жəне тек зоологияда ғана қолданылады.
Түрлік атауда термин элементтерінің тікелей аудармасына сай келе бермейтін жағдайлар да болады: Hypoderma bovis - бұқа оқалағы - зат есім hypoderma, ătis n (тікелей. «теріастылық») жəне ілік септігіндегі зат есім bos, bovis m, f - бұқа, сиыр деген сөздерден тұрады. Rattus rattus (тікелей аудармасы «атжалман-атжалман») «қара атжалман», Canis lupus - қасқыр (тікелей аудармасы «ит-қасқыр») деп аударылады.
Сын есімдер биологиялық номенклатурада түрдің анықтауышы ретінде жəне субстантивирленген формада – тұқымдас, бөлім, тектердің уноминальдық атауларында қолданылады. Түрді анықтағанда сын есімдер өзінің мағынасын жоғалтып, басқаша болып аударылуы да мүмкін: orientālis, e - шығыстық, бірақ: Blatta orientālis - қара таракан; esculentus, a, um – жеуге жарамды.
Токсономиялық бірліктегі зат есімнің аталуы
Түрі Species, ēi,f f
Туысы genus, ĕris n f
Туысы genus, ĕris n
Тұқымдасы familia, ae f f
Тек тармағы (Отряд) ordo, ĭnis m жануарларда f
Қатар ordo, ĭnis m өсімліктерле f f
Класы classis, is f f табы phylum, i, n жануарларда
Бөлімі divisio, ōnis, f өсімдіктерде
Топтама (дүние) regnum, i n



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет