Тақырыбы: логикалық тапсырмалар


Логикалық есептермен жүргізілетін жұмыс түрлері



бет4/7
Дата26.11.2023
өлшемі51.09 Kb.
#484480
1   2   3   4   5   6   7
zhoba-6

2.3 Логикалық есептермен жүргізілетін жұмыс түрлері
Бастауыш сыныпта логикалық тапсырмаларға көңіл бөлсек те, жеткілікті мөлшерде емес.
Логикалық есептер шығаруды тек сабақтың қосымша түрлерінде ғана емес, күнделікті математика сабағында қолдануға болады. Одан қалды логикалық тапсырмаларды: «Ал енді ойымызды бөліп қызықты есеп шығарайық» – деп сергіту ретінде де қоланып жатады. Олай істеуге мүлдем болмайды.
Сабақ үстінде бір немесе екі логикалық есеп барлық шешу жолдары арқылы, толық талданып, пайымдалып шығарылуы керек. Солардың ішінде ең тиімдісін көрсете білу керек. Есеп шығару барысында маңыздысы – жауапты талап етіп тұрған негізгі сұрағын анықтау, жұмыс барысында өз бетінше сол сұрақты табуға дағдыландыру.
Математика сабағында логикалық тапсырмалар көбіне сөз есептермен беріледі. Әр есепті шешу барысында логикалық ойлауды дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Математикалық есептердің өзі – логикалық ойлауды дамытудың керемет құралы болуы әбден мүмкін. Немесе, математикалық есепті логикалық тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлаудың дамытуына бағыттауға болады.
Осы бағытта есептермен жұмыс жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға болады:

  1. Шығарылған есеппен жұмыс жасау керек. Көп оқушы қайталап талдағаннан кейін ғана есептің шешу жолын саналы түрде қабылдай бастайды. Қосымша уақытты талап еткенімен нәтижесі ауқымды.

  2. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару. Уақыт шектелмеу керек. Түрлі тәсілмен шығара білу – математикалық дамуының жоғары көрсеткіші. Сонымен қатар, басқа шешу жолдарын таба білу оқушының келешегінде де маңызды. Барлығына болмаса да қабілеті бар оқушыға жүктеген дұрыс.

  3. Есептер талдау әдісінің дұрыс ұйымдастырылуы – сұрақтан немесе берілгеннен сұраққа.

  4. Есепте айтылған жағдайларды суреттеп беру. Оқушылардың назарын есептің маңызды бөлшектеріне аудару. Ойша сол есепте айтылған жағдайға қатысу. Есепті мағынасына қарай бөлу, сызба, сурет арқылы мағынасын жеткізу, пішіндеу.

  5. Оқушылардың өз бетінше берілген сөздерді, амалдарды қолданып есептер құрастыру.

  6. Есептің сұрағын өзгерту

  7. Есептің шешу жолын түсіндіру

  8. Есептерді және олардың шешу жолдарын салыстыру.

  9. Есептің дұрыс-дұрыс емес шешулерін талдап салыстыру

  10. Қате шығарылған шешу бойынша есептің шартын өзгерту

  11. Есептің шешуін аяқтау

  12. Есептің қай сұрағы немесе қай амал артық екенін анықтау. Немесе сұрақпен, шешу амалымен толықтыру

  13. Есептің шешуін тексеру амалдарын орындау

  14. Ұқсас есептер құрастыру

Математика сабағында, сабақтан тыс жұмыстарда осы көрсетілген әдіс-тәсілдер бойынша ұйымдастырылып берілген логикалық тапсырмаларды, есептерді жүйелі түрде қолдану бастауыш сынып оқушыларының математикалық өрісін кеңейтеді және күнделікті өмірде математикалық білімдерін қолдана алатын болады.
Құрылымында математикалық негіздері бар логикалық есептер кіргізу бала психологиясына кері әсер бермейтінін психологтардың жариялаған материалдарынан байқауға болады. Бұл жерде туындап тұрған қиындық, ол оқу бағдарламасын жүйелеу.
Қай кезде логикалық тапсырмалар бере аламыз?- деген сұрақ туындайды. Біріншіден оқулықта соңғы тапсырма логикалық болып есептеледі. Ол тапсырма көбіне өте жеңіл болады. Сол себептен әр сабақта аса күрделі емес жас ерекшеліктеріне сай, 5-8 мин шығаратын логикалық есептер беріледі. Күрделі болса көп уақыт алады. Ал есеп анализ жасау арқылы, жоғарыда айтылғандай, толық шығарылу керек. Мұндай тапсырмалар қызықты, түрлі болғандықтан жағымды әсер тудырады, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. Сонымен қатар логикалық тапсырмаларды жүйелі түрде орындау нәтижесінде оқушылардың білім деңгейлері артып, оқудағы әрекеттерін жандандырады.
Күнделікті тәжірибемізде не кездеседі? Оқушылар берілген есептің шартын мұғаліммен бірге талдайды және шығарады. Бірақ 2-3 күннен кейін тура сол есепті шығару барысында қиындық туындайды.
Логикалық есептер шығару барысында мұғалімнің көмегі тек жанама түрде және мұғалім тек бағыттаушы болуы керек. Оқушы есептің шығару жолын өзі іздеу керек, оны дәлелдеп беру керек. Қатесі болса, пайымдау арқылы дұрыс шешімге бағыттау керек. Есеп шығару барысында мұғалімдер тарапынан басқа да қателіктер болуы мүмкін.
Логикалық тапсырмалар орындау барысында жіберілетің қателіктер:

  • Логикалық тапсырмалардың тым жеңіл немесе күрделі болуы. Логикалық тапсырмаларды оқушының біліміне, жас ерекшелігіне сай, бірте-бірте күрделендіріп беріп тұрса олардың қызығушылығы да арта береді. Тым жеңіл болса даму міндеті орындалмайды. Тым күрделі болса оқушының қызығушылығы жоғалады. Қызығушылығы бар бала белсенді болады.

  • Логикалық есепті мұғалім білетін бір ғана жолмен шығару. Есептің бірнеше шығару жолы болу мүмкін. Балаға берердің алдында осы жағдайларды қарастыру керек. Ол сол шығаратын баланың даму ерекшелігіне байланысты екенін ұмытпауымыз керек.

  • Логикалық есеп шығаруға берілген уақыттың шектелуі. Әрбір есепті шығарған кезде уақытпен санаспай оған барлық мүмкіндік пен күшін салу.

Есеп шығару қағидалары:

  1. Есеп шығарған кезде уақытпен санаспау

  2. Есептің шартын зейін қойып оқу. Әрбір сөзіне, сөздің қосымшаларына мән беру. Жасырын ойды байқау. Әрбір сөйлемді оқи отырып, ыңғайлы тәсілмен шартын (сызба, сурет, қысқартылған сөз т.б.) дәптеріне түсіріп отыру.

  3. Есептерді шығарған кезде оның шығару жолдарына жете зер салып, оларды шешудің тәсілдері мен әдістерін дұрыс тандау

  4. Есепті шығару үшін өз біліміңе, барлық күш – жігеріңе сену керек

  5. Шығара алмаған есепті шыдамдылық пен қажырлық көрсетіп, есепті қайта-қайта шығарудан тайынбау.

  6. Есептің шешуіне анализ жасау. Жауабын тұжырымдау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет