Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Мен жастарға сенемін”өлеңіндегі азаматтық үн, ұлттық болмысү


Бүгінгі күнмен үндескен ақынның азаматтық үні



бет3/4
Дата20.02.2023
өлшемі114.91 Kb.
#469827
1   2   3   4
Мағжан Жұмабаев Мен жастарға сенемін жоба

1.2. Бүгінгі күнмен үндескен ақынның азаматтық үні.
  • Алаш-айбынды ұраны,

  • Қасиетті құраны.
    Алаштың олар құрбаны,
    Мен жастарға сенемін!-деп қарапайым халықты көзі ашық, көкірегі ояу жандарға айналдыруға, надандықты түп-тамырымен жоюға ұмтылып, ұлт тағдыры үшін жанын пида ете елін сүйген ақын жүрегінің үні оқырманын бей-жай қалдырмасы анық.
    Ақын арманындағы сөзі мен ісі біте қайнасқан, бостандығымызды баянды еткен болашақтың барыс жүрек, қырандай күшті, арыстандай айбаты, жолбарыстай қайраты бар Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сияқты қыршынынан қиылған батырларымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.
    Қазіргі қоғамдық өмірде жан-жақтылығымен, өзіндік көзқарастарымен, белсенділіктерімен аянбай тер төгіп, ел намысын биікке көтеріп, көк туымызды әлемге желбіретіп, қазақ халқын әлемге паш етіп жүрген жалынды жастармен мақтана аламыз. .
  • Дегенмен,көркем әдебиетті оқымақ түгіл, бетін парақтамайтын телефонға тәуелді, әлеуметтік желідегі арзанқол тик-токты айнолсақтағыш замандастарымды, болашақ жастарды көргенде ақын сеніміне селкеу, аманатына қиянат жасап жүрміз бе?- деген ой туындайтыны жасырын емес. Ұлы ақын сенім артқан жас ұрпақ сол жауапкершілікті сезіне ме? Бүгінгі жастардың шынайы келбеті қандай? Ақын аманатын абыроймен атқарып жүрміз бе?,-деген сұрақтар менің де кішкентай жүрегімді алаңдатады.

  • Жастар тәрбиесінің көлеңкелі тұстарын жасырып, қоғам үшін маңызды мәселеге атүсті қарап, жалған намыс пен мақтанға бой алдыру-өз тамырымызға балта шабумен бірдей. Сондықтан да елін сүйген әр ұрпақ жастық жігерін ел игілігі үшін жұмсап, білім игеріп, ғылым қуып ақын рухани демеп кеткен аманатты көңілге түйіп, жүрекке бекітіп үлгі бола алсақ, замандастарымыз ойланары қақ.
  • Жұмсақ мінез жібектер,

  • Сүттей таза жүректер.
    Қасиетті тілектер-
    Мен жастарға сенемін!-деп бүгінгі жастарға ұлттық рух пен патриоттық сезім сыйлаған Мағжан ақынның жүрек сөзін өмірлік ұранына айналдырып, жарқын болашақтың жаршысы болуды ХХІ ғасыр ұрпақтарының атынан әлемге жар салғым келеді.Біз де Мағжан ақын сүйген, сенім артқан болашақ жастармыз!
    «Алаш» ұранын көтеріп, “Қазақ” деп жүрек сөзін жайып салған Мағжан үшін ел мүддесі мен сол елдің тегеуірінді тірегі жастардың орны бөлек. Өзінің “Мен жастарға сенемін” өлеңінде болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, арыстандай айбаттылықты, жолбарыстай батылдықты, жүректілік пен жігерлілікті, қазақ даласындай кеңдік пен мәрттікті, жүзіне нұр ұялаған имандылық пен адалдықты, ұлтына деген сүйіспеншілікті көргісі келіп, шабыттана жырлады. Елін сүйген “ойы –дауыл, сезімі-аспан” көздерінде от ойнаған, жалынды жігері, қажырлы қайраты бар б Мағжан ақын сенген болашақ жастардың келешегі кемел, болашағы жарқын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет