Электролит пен диэлектрикті УЖЖ аппаратының электродтарының арасына орналастырыңыз.
Жеткілікті дәлдікпен сұйықтардың алғашқы температурасын анықтаңыз. Аппаратты ток көзіне қосып әрбір 3 минут сайын сұйықтардың температурасын өлшеп 2-ші кестені толтырыңыз.
3. УЖЖ өрісінің әсерінен электролит пен диэлектрик температураларының уақытқа байланысты өзгеру графиктерін салыңыз
,
кесте
Уақыт
t, (мин)
|
Электролиттің
температурасы, Тэл
|
Диэлектриктің
температурасы, Тдиэл
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ тапсырма Гальванизация аппараты электродтарының полярлығын анықтау
1. Мақтаны KІ ерітіндісіне шылап оны шынының үстіне қойыңыз.
2. Шыланған мақтаның үстіне электродтарды бір-бірінен 1-2 см қашықтықта орналастырыңыз
3. Бірнеше секунд бойы ток жіберіп, электродтардағы құбылысты байқаңыз да оған түсінік беріңіз.
Әдебиеттер:
Ремизов А.Н. Медициналық және биологиялық физика: электрондық оқулық., М.: ГЕОТАР-МЕДИА, 2019 ж., 285-287 беттер; 288-292 беттер;346-347 беттер.
Бақылау сұрақтар:
УЖЖ аппаратының негізгі блогы, және олардың қолданылуы (аппараттың схемасын сызыңыз және атап өтіңіз). Электродтар құрылғылары.
Терапевтикалық контурдың УЖЖ генераторымен байланысы қалай жүзеге асырылады?
УЖЖ электр өрісінің көмегімен қыздыру процедура кезінде терапевтикалық контурды не себептен резонанстық күйге келтіреді?
Диэлектрикте және электролиттердегі жылу мөлшерін есептеуге арналған форрмуласын келтіріңіз және механизмін түсіндіріңіз
УЖЖ терапия аппаратымен әсер етудің индуктотермиядан айырмашылығы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |