«Мектепке дайын болу - оқи алу, санау, жаза білу емес .
Мектепке дайын болу - осылардың барлығын үйрене білуге дайын болу.
Венгер Л. А.
1
Ата аналар жиналысы Тутканбаева Гульмира Маратовна Өскемен қаласы № 15 орта мектебі . Шығыс Қазақстан облысы Құрметті ата –аналар біз бүгін жиналысымызда Ана махабаттының келбеті туралы сөйлесеміз. "Отбасындағы бала тәрбиесі" нәрестенің ана құрсағында жатқан кезінен басталады, ана құрсағында жатқан балаға тәрбие анасының, көңіл –күйі, мінезқұлығы арқылы дариды» деген пікірлер бекер айтылмаған. Ал нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,ата анасының мейірімді жүзі, жылы жүрегі ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүниетанымы, өмірді білуі басталады. Адам баласы өмір көшінде ұрпақ қамын,оның тәрбиесін, бір сәт те ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Атамыз қазақтың «бала – шағаңның қызығын көр» деп бата беруді де сол үміттің ақталуына деген тілектен туғаны анық. Неге десеңіз, ата анаға қуаты кетіп қартайған шағында қасқабағына қарап, бағыпқағатын, көңіл қуанышын сыйлайтын азамат балалары болғанынан артық бақыт жоқ. Атаанасы баласына баға жетпес не бере алады? Бұл, ең алдымен бастапқы іргелі тіршілік құндылықтары, не нәрсенің жақсы, не нәрсенің жаман екені, ненің жақсылық, ненің жамандық екені туралы түсінік беру. Жауапсыздықтан не болатыны, махаббат деген не, қамқорлық деген не деген ұғымдарды қалыптастыру. Бұл нәрселерді анасы баласына міндетті түрде үйретуі тиіс. Кей жағдайда тіптен бала қандай да бір өмірлік тәжірибе алу үшін бір қателікті жасауы қажет болатын жағдайлар да болады. Шамадан тыс қамқорлық баланы ынжық, бейқам, өсміден нені қалайтындарын білмейтіндей етеді. Олардың өмірлерінің мәні және өздерінің өмірлік ұстанымдары болмайды. Сондықтан «қамқорлық шегі» болады атааналар өз қамқорлығыңызбен баланы тұншықтырмаңыз, баланың өз бетінше болу ниетін басып тастамаңыз, дербестігіне кедергі келтірмеңіз деп айтқым келеді. Ата ананың бала үшін өз өмірін арнауын тежеу үшін әрбір атаана өзін қызықтыратын нәрсеге ден қоюы тиіс. Бала емес, оның өзін не нәрсе бақытты қылатыны жөнінде ойланулары тиіс және де бақытты бала үшін бақытты ата ана қажет екенін естен шығармаулары қажет. Өте көп атаана алдымен өзіңіз үшін, сосын бала үшін өмір сүріңіз деген ұранға қарсы шығуы мүмкін. Бірақ бұл жерде олар шамадан шығып кетпеу қажеттілігін ұғынулары керек. Себебі кебір атааналар өздері үшін өмір сүріп, балаларын тіптен естен шығарады. Бұл жерде балаға деген махаббат пен өзіне деген махаббат арасындағы дұрыс ортаны табу керек. Бұл үшін бірнеше өте ақылды кеңестер бар. 1) Атааналар өзіңіздің мойныңызға тым көп нәрсе алмаңыз. Өзіңізбен күреспеңіз, өзгертуге тырыспаңыз. Әрине, егер қандай да бір әлсіздіктері болса, атаана бұл әлсіздіктерден арылу қажеттілігін түсінуі тиіс. Егер бала бір қиындыққа тап болса, аса үрейленіп, байбалам салмаңыз, бұл қиындықтарды шешу үшін сабырлы болу қажеттілігін естен шығармаңыз. 2) Атааналар өз баласымен тіреспеуі тиіс. 3) Атааналар, балаға өте көп шектеу қоймаңыз. Кез келген атаананың баласына жақсылықтан басқа тілейтіні жоқ. Өз әке шешесін жек көретін бала да кездеспейді. Алайда өсе келе жаман жолға түссе, оның себебін басқа жақтан емес, тәрбиеде мүлт кеткен кемшіліктің баланы жақсы көру деген осы екен деп айтқанын екі етпей шектен тыс еркелетудің, кімдер мен қайда жүргеніне назар аудармаудың салдарынан іздеген жөн. «Баланы бастан» демекші атаана әуел баста бала тәрбиесіне өте ыждаһаттықпен мән беріп, аса қырағы болмаса, үміті ақтала бермейтіні белгілі. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деген халық даналығы тегін айтылмаған ғой. Өнегелі шаңырақтан жақсы тәрбие алып өскендер қатарынан жаман адам шықпауы да сондықтан болар. Кейде дұрыс адамдардың балаларынан да ішуге құмар, төбелескіш, ұрлық, жасайтын, тағы да басқа жаман әдеттермен әшкереленіп, сотталып жататындарда кездеседі.Сонда ойпырмай, бұл қалай, отбасында көрген өнегесі қайда кетті, ешнәрседен кенде емес, мұндай қылыққа қалай барды?деген толып, жатқан сауалдар туады. Оған жауап іздеп көрсек, біріншіден жақсы өнегелі көре білуге, ұйренуге саналы ой, көреген көз керек. Осы қасиетті сол жақсы атаананың өзі кезінде баланың бойына сіңіруді ескермей қалады. Екіншіден, бала деген өте сезімтал халық. Олар атаананың әлдеқалай еренсіздігінен, байқаусызда мүлт жіберген, ескерусіз қалдырған сәттерін де пайдалана қояды. Сондай сәттер жиі қайталана берсе, оған еті үйреніп,өз пайдасына іске асыра береді. Сондықтан да баланың титтей де кемшілігін ескерусіз қалдырмай, сол сәтінде қателігін мойындатып, оны енді қайталанбайтындай түсіндіріп отырған жөн. Өрескел қателігі үшін ұрып соғудан гөрі қалаған нәрсесін алап бермеу,киноға жібермеу, белгілі мерзімге далаға шығуға тыйым салу сияқты әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жазалау да теріс емес. Баланың әр нәрсеге бейімі барын ерте байқап, соған қарай баулу жақсы нәтиже берумен бірге , бос сандалып, еріккенінен не бір жаман жолға түсуден сақтайды. Мұндайда спорттың бірекі түрі,музыка, қол өнер, сурет, кітап оқу, техника тетігін үйрету сияқты дағдыға баулудың пайдасы зор. Кезінде осындай әдістерге мән бермей еренсіздік танытып, баланың уақытын қадағаламай бетімен жіберудің арқасында, кейін бармағын тістеп отырған атааналар аз дей алмаймыз. Балаға ойын баласы ғой, есі кірген соң басылар деп қарайтын бейқамдық орны толмас өкінішке ұрындырады. Халақ даналығында «Баланы бастан» деп тегін айтылмаған. Тәрбие негіздері нәресте дүние есігін ашқан сәттен басталып, мектепке барғанға дейін қалыптасып қалуы тиіс. Қорыта айтқанда балаға жақсы өнеге беру үшін атаана, тәрбиеші, мұғалім,қысқасы тәрбиеге қатысты барлық ересектер өзін айнытпай қайталайтын ұрпақ барын ескеріп, өз ісәрекетіне, мінезқұлқына, жүріс тұрысына , сөйлеген сөзіне дейін есеп бере әрекет еткені жөн. Өйткені өнеге өзімізден.
Достарыңызбен бөлісу: |