1.1-сурет. Көп қабатты мұнай кен орнының қимасы 1, 2-қабаттардың бір нысанға біріктірілуі өзара бір-бірінен тік жақын орналасқан және олардағы мұнайдың өткізгіштігі, тұтқырлығының көрсет-кіштері мәндес болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар 2-қабаттан өндірілетін мұнай мөлшері көп емес. 3-қабаттан өндірілетін мұнай мөлшері 1-қабаттағыдан аз болса да, ондағы мұнайдың тұтқырлығы төмен және өткізгіштігі жоғары болады. Демек, жоғарыда қарастырып отырған мәліметтерге қарап, осы қабатты бұрғылайтын ұңғының өнімділігі жоғары болатынын көреміз. Одан басқа, егер 3-қабаттағы тұтқырлығы төмен мұнайды әдеттегі су айдау әдісімен өндіруге болатын болса, онда тұтқырлығының төмендігімен сипатталатын 1 және 2-қабаттарды игеру үшін өндіру алдында басқа техниканы қолдануға, мысалы, мұнайды бумен, полиакриламид ерітіндісімен немесе ішкі қабаттық жағу арқылы мұнайды ығыстыруға тура келеді. Әдебиет Негізгі: 1-3, қосымша: 4,5. Өткізу форматы: Дәріс-презентация Сабақтың жүру барысы:
Достарыңызбен бөлісу: |