Тақырыбы: Модель және компьютерлік модельдеу негіздері "Модель" түсінігінің анықтамасы


Таңбалық және вербалдық ақпараттық модельдер



бет2/5
Дата22.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#153579
1   2   3   4   5

Таңбалық және вербалдық ақпараттық модельдер


Объектіні немесе процесті сипаттайтын ақпарат әр түрлі көлемде, көрсету тәсілі түрліше және әр түрлі құралдармен берілу мүмкін. Әр адамның мүмкіндігі мен қиялы әр қилы болғандықтан алуан түрлілікке қойылар шек жоқ.

Ақпаратық модельге вербальдық (ағылшын тілінен аударғанда ауызша) модеь жатады. Бұл модель ойлау мен оның оның қорытындысы нәтижесінде алынады. Вербальдық модель ойда қалуы немесе сөзбен жеткізілуі мүмкін. Мұндай модельге жолдан өту кезіндегі біздің тәртібімізді жатқызуға болады. Адам жолдағы жағдайға талдау жасайды, бағдаршамға қарап немесе көліктің қандай жылдамдықпен келе жатқандығын бағдарлап жолдан өтуді алдын ала ойша жоспарлайды. Егер осы жоспар, Яғни модель дұрыс құрылса, жолдан өткен сәтті өтеді, ал дұрыс құрылмаса, оқыс жағдай болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай модельге ақынның ойындағы өлең жолдарын, сазгердің әуенін т.б. мысал ретінде келтіруге болады.

Вербальдық модель дегеніміз-ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Таңбалық модельдерге сурет, мәтін, график, схемалар мысал бола алады. Вербальдық және таңбалық модельдер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Адамның ойындағы вербальдық модель әр түрлі таңба арқылы көрсетілуі мүмкін. Керісінше, таңбалық модель арқылы шын мәніндегі модельді жинақтап, ойша оның дұрыс модельін құруға болады.

Мысалы, өзіміз білетін аңызда Ньютонның басына құлап түскен алма оған Жердің тартылыс күші жөнінде ой салды. Осыой заңды таңбалар арқылы қорытып жазуға мүмкіндік берді.

Физикалық құбылыстың болу заңдылығын түсндіретін мәтінді оқыған соң, адамда ойша оның бейнесі жинақталады. Осылайша бейне нақты құбылысты тануға әсерін тигізеді.

Көрсету түріне қарай ақпаратық модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:

Геометриялық модель- графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модель –иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.



Математикалық модельдер – процесстің немесе объектінің әр түрлі параметрлерін бейнелейтін математикалы формулалармен өатынастар.

Құрылымдық модельдер-схема, графиктер мен кестелер т.б.

Логикалық модель- ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізінде алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер-ноталар,химиялық формулалар.


Математикалық модель-объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модель –ақпаратың объектілік модельдік құрылым түрінде көрініс алуы.

Логикалық модельдер -әр түрлі шарттарды талдау негізінде шешім қабылданатын модельдер.
Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер.

Әр түрлі модельдерді тарату үшін әр түрлі аспатар қолданылады. Модельдерді сипаттау үшін көптеген форалды тілдер бар.

Материалдық модель құру үшін суретші қылқаламы,фотоаппарат, ара, балға, сызғыш, т.б. құралдар жеткілікті.

Егер модель абстракты түрде бейнеленсе, оларды сипаттауға мүмкіндік беретін арнайы тіл, сызба, график, алгоритм,математикалық формулалар т.б. таңбалық жүйелер қолданылады. Ал оларды тарату екі түрлі құрал арқылы іске асырылады. Бірі- кәдімгі аспаптар, ал екіншісі-кәдімгі компьютер болып табылады.

Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес модельдер болып бөлінеді.

Компьютерлік модельдер деп программалық орта көмегімен іске асатын модельдерді айтамыз. Компьютердің ақпаратпен жұмыс істейтіні белгілі. Қазіргі кезде компьютерлер дыбыстық, бейне, анимация, мәтін, схема, кесте т.б. ақпаратпен жұмыс істей алады. Осы ақпараттарды өңдеу, тарату, қабылдау үшін компьютердің техникалық және программалық жасауы болуы тиіс. Техникалық және программалық жасауы компьютерлік модельдеудің құралдары болып табылады.

Мысалы, дыбыстық ақпараттармен жұмыс істеу үшін міндетті түрде дыбыстық карта және арнайы программалық жасауы болуы қажет. Композитор арнайы музыкалық редактормен жұмыс істей отырып, ноталық мәтінді теріп, оны басуға шығарып, өңдеу жасай алады т.б. Сондай-ақ сазгер әр түрлі аспапқа арнап жазған нотаның дыбыстық моделін жекелей немесе ансамбльде тыңдай алады. Компьютерлік модеьдің цифрлық дыбысы шын мәніндегі аспаптардың тембрінен еш айырмашылғы жоқ деуге болады. Компьютер әншінің дауысын әуенін дыбыстық моделімен сәйкестендіре алады, сондай-ақ әр түрлі биіктік пен тембрдегі (тенор,бас т.б.) дауыстарды модельдеу мүмкіндігі бар. Берілген ырғақ,екпінге, музыкалық стильге т.б. сәйкес композиция құруға мүмкіндік беретін арнайы программалар бар.

Геометриялық фигураларды графикалық редакторлардың көмегімен модельдеу мүмкіндігі бар. Графикалық редактордың көмегімен жазықты, көлемді, фигураларды модельдеуге болады.

Қазіргі кезде әр түрлі компьютерлік таңбалық модельдерді құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор, формула редакторы, электондық кесте, дерек базасын басқару жүйелері, программалау орталары т.б. бар.


3-ДӘРІС

Тақырыбы: Модельдеу мақсаты. Модель құрудың негізгі

этаптары

Мақсаты: Модельдеу мақсаты тұрғысынан модельдеуші объектінің

нақты белгілерін айқындау, модель құрудың негізгі

этаптарын қарастыру туралы

Модельді құру жүйесі модельдеу деп аталады. Модельдеу – бұл информатика және информациялық технологиялар курсындағы тақырып, оны оқи отырып, қиын шешілетін және мүлдем шешуге келмейтін есептерді компьютерсіз-ақ шешуге болатынын көрсетеді. Бұл модельдеу және оптимизация түріндегі есептер. Берілген тақырыпты оқу түсінікті есептерден басталады, мысалы, физикалық үрдіспен модельдеу. Физщикалық деп модельдеуді санауға болады, шынайы объектіге оның көшірмесі сәйкес келеді, зерттегеннен кейін модельден жүйенің қасиеті және құбылыс негізгі теория объектісіне көшіріледі.

Кез-келген практикалық ќолданбалы есептердің шешілуі барлық уақытта зерттеумен, кейбір объектілерді (материалдық/ақпараттық) түрлендірумен, басқарумен байланысты.

Демек, модельдеу мақсатының табиғаты екіжақты: бір жағынан зерттеу есебіне байланысты объективтілігі, қызығушылыққа, қызметтік мотивке тәуелді түзетілетініне байланысты субъективтілігі (2-сурет).

Бір объект үшін бір субъекттің түрлі есептерді шешуіне және модель-деу мақсатына байланысты бірнеше модель құруы мүмкін (3-сурет).

Бір ғана модельдеу есебі үшін бір объекттің түрлі субъектілерінің түрлі модельдер құруы мүмкін.

Модельдің түрі және оның құрылуы субъектінің біліміне, тәжіри-бесіне, жеке қызығушылықтарына байланысты (4-сурет).

Бір объектінің негізінде түрлі модельдеу мақсатына байланысты түрлі есептерді шешілетін субъектінің бірнеше модельдер құру мүмкіндігі бар. Модель түрін таңдау, құру субъектінің біліміне, тәжірибесіне, жеке қызығушылығына тәуелді (5 сурет).




2-сурет. Модельдеу мақсатының модель субъектісіне және шешілетін

есепке тәуелділігін көрсету схемасы
Модельдеу – қазіргі заманғы ғылыми танымның басқарушы принципі. Адам таным затын оның барлық процестерінде толық көре алмайды. Сондықтан ол объектінің өзінің алдында тұрған мәселені шешуге қажетті жағын тануға ұмтылады.

Модельдеу субъект алдында тұрған модельдеу мәселесін шешкенде ғана өз мақсатына жетеді.



3-сурет. Бір объектіге бір субъекттің бірнеше модель құру

мүмкіндігін көрсететін схема.
Модельдеу ғылымы келесі принциптерге сүйенеді:

- редукционизм принципі – күрделіні қарапайымдандыру мүмкіндігі.

- эволюция принципі - барлық формалар біртіндеп төменгі формалар-дан дамиды. Төменгі формалар күйін талдау арқылы жоғары формалар күйін болжауға болады;

- рационалдық принципі – әлемнің нақты объектілерін логиканың, математиканың көмегімен тануға болады.



4-сурет. Бір объект үшін бір субъекттің бірнеше модель құру мүмкіндігін

көрсету



5-сурет. Бірнеше субъектілердің бір объектіге түрлі модельдер құру

мүмкіндігін көрсететін схема
Модель құрудың негізгі этаптары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет