Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа процедураның мақсатын, жатқызу іс-әрекетін түсіндіріңіз және келісімін алыңыз.
2. Қолды хирургиялық деңгейде жуыңыз. Қолғап киіңіз.
3. Операциялық столға науқас арқасымен жатқызып, жамбасын жоғары көтеріп, денесінің жоғарғы бөлігі мен басын 45° төмен түсіріңіз.
4. Науқас дене салмағымен операция столының жоғары бөлігіне сырғып кетпес үшін оның тізесін 45—50° бүгіп сүлгімен немесе жалпақ шүберек таңғышпен науқастың аяғын столға тілерсек буынының тұсында және тізенің жоғары жағынан байлаңыз.
5. Науқастың бір қолын денесімен қатар қойып жалпақ шүберек таңғышпен операция столына байлап бекітіңіз.
6. Екінші қолын көк тамырға тамшылату манипуляциясын жасау үшін арнайы столға қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |