Тақырыбы: Науқастар мен қызметкерлер үшін аурухананың қауіпсіз ортасы. Тақырып 1


СТАНДАРТ Науқасты Фаулер жағдайында орналастыру



бет2/8
Дата03.01.2022
өлшемі23.21 Kb.
#450431
1   2   3   4   5   6   7   8
53747a27-6bd0-421c-a620-24e6dadf56df

СТАНДАРТ

Науқасты Фаулер жағдайында орналастыру.
Мақсаты: төсекте ыңғайлы жағдай туғызу.

Қолдануы: төсектегі науқастың пассивті және мәжбүрлі жағдайда болуы, тері ойылуының қаупі орын алғанда, науқасты тамақтандыру, жүрек қан тамыры және тыныс алу жүйесінің ауруларында.

Әзірле: жастық, валик, аяққа арналған тіреуіш, функционалды кереует.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа процедураның мақсатын, іс-әрекетін түсіндіріңіз және келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз.

  3. Науқастың жалпы жағдайын бағалаңыз. Кереуеттің тежеуіштерін қатайтыңыз.

  4. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Резеңке қолғап киіңіз.

  5. Керуетті горизонтальды жағдайға келтіріңіз. Науқасты керуеттің бас бөлігіне қарай жылжытыңыз.

  6. Науқастың керуеттің орта бөлігінде арқасымен жатқанына көз жеткізіп, жастықты алып тастаңыз.

  7. Керуеттің бас бөлігін 45-600 ( 900 жоғарғы Фаулер жағдайы, 300 төменгі Фаулер жағдайы) көтеріңіз немесе арқасына 3 жастық қойыңыз: науқас керуетте тігінен отыруы Фаулер жағдайы болып табылады.

  8. Егер науқас өздігімен қолын қозғалта алмайтын жағдайда болса, білегі мен саусақтарының астына жастықшалар қойыңыз. Білек және саусақтарын жоғары көтеріп алақанын төмен қаратыңыз.(қолдың ауырлығынан иықтың шығуының алдын алу; қол мен саусақ бұлшықеттерінің бүгу контрактурасының алдын алу және венозды қанның тұрып қалуын азайту. Кереует үстіндегі столшада семіген қолға тірек жасаңыз, науқастың қолын денесінен алшақтатып шынтақ астына жастық қойыңыз. Қол саусақтарын кішкене бүгіп астына жартысынан бөлінген резеңке допты қойыңыз).

  9. Науқастың бел тұсына жастық қойыңыз (омыртқаның бел бөліміне жүктемені азайту).

  10. Науқастың санының астына жастық немесе валик қойыңыз (тізе буынына ауырлық түсірмеу және тізе асты артерияның қысылмауы үшін).

  11. Сирақтың төменгі 3/1 бөлігінің астына жастық немесе валик орналастырыңыз (науқастың өкшесіне төсеніштің қысымын азайту үшін).

  12. 900 бұрышпен науқас табанына тіреуіш қойыңыз (қажет болған жағдайда).Физиологиялық жағдайын қамтамасыз етіңіз (табанының «салбырауын» болдырмау). Егер науқаста гемиплегия болса , табанына жұмсақ жастық тіреу керек, өйткені тіреуіш мұндай науқастардың бұлшықет тонусын ұлғайтады.

  13. Науқастың төсекте ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз

Қолғапты шешіңіз. Қолды сабынмен жуып, кептіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет