Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет11/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
НС инф аурулары

Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең көбінесе 5 күннен 2 аптаға дейін созылады. Көп жағдайда ауру жедел басталады: дене қызуы жоғарлап, есінен танады, таралған құрыспа, құсу, менингеальды симптомдар анықталады. Тері мен кілегей қабықша қызарып, геморрагиялық бөртпенің көптеген тарлған элементтері пайда болады. Психоматорлы қозу, сандырақтау, галлюцинация немес керісінше адинамия жоғарылап, пирамидалық бұзылулар, парездер, параличтер пайда болуы мүмкін. Орта мидың зақымдалуы кө қимылдатудың бұзылуымен, децеребрациялық сіреспе симптомдарының дамуымен сипатталады. Процесс сопақша миға таралған кезде бульбарлы синдром, тыныс алу параличі және жүрек қызметінің бұзылуы байқалады.
Ауыр интоксикация мидың, әсіресе гипоталамус аймағы қантамырларының өткізгіштігінің өзгеріуі вегетативті-алмасу бұзылуларына әкеледі. Қанда нейтрофильді лейкоцитоз (1 мкл-де 20000 клеткаға дейін), ЭТЖ (СОЭ) жылдамдауы анықталадыү люмбальды пункция кезінде жұлын сұйыұтығының қысымының жоғарлауы анықталады. Цитоз аралас: 1-мкл-де 200 элементке дейін болып, белогы қалыпты жағдайда болуы мүмкін.
Аурудың ағымы қте жедел және ауыр болып келеді. Кейбір эпидемияда өлім 75% - ке дейін жеткен. Қай синдромның басымдылығына байланысты маса энцефалитінің бірнеше клиникалық түрлерін бөлген: менингеальды, тырыспалы, гемипарездік, летаргиялық, бульбарлы.
Аурудың диагнозы өзіне тән жедел ағымдылығының, айқын интоксикацияның, капилляротоксикоздың, менингеальды симптомдардың децеребрациялық сіреспе синдромдарының негізінде қойылады.
Профилактикасы мен емі. Масалардан сақтанудың жеке және коллективті шараларын қолдану, батпақтарды құрғату маңызды профилактикалық шаралардың қатарына жатады. Тұрғылықты халыққа маса энцефалитіне қарсы профилактикалық егулер жүргізіледі.
Науқастарға бұлшық ет ішіне немесе эндолюмбальды түрде 2-3 мл мөлшерде 2-3 күн бойы сарысу егіледі. Дезиноксикациялық дегидратациялық терапия жүргізіп, симптоматикалық препараттар тағайындалады (антиконвульсанттар, жүрек-қан тамырға әсер ететін препараттар, антибиотиктер т.б.). сауығып келе жатқандарға витаминдердің жоғары дозасын, күшейткіш дәрілер, биостимуляторлар, массаж, емдеу және дене шынықтыруы тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет