Тақырыбы: Объектілі -бағытталған бағдарламалау


§ Полиморфизм және асыра жүктеу



бет3/3
Дата03.10.2023
өлшемі25.04 Kb.
#479647
түріПрограмма
1   2   3
Объектілі-бағытталған бағдарламалау


§ Полиморфизм және асыра жүктеу.
Операциялар мен функциялардың олардың қолданып тұрған шамалардың типтеріне байланысты әр түрлі қызметтерді атқаруы полиморфизм деп аталады. Егер, мысалы, +, = операцияларын басқа жаңа типті операндалармен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен қматамасыз етсек, онда бұл операцияларды асыра жүктелген операциялар деп атайды.

Тақырыбы: Объектілі -бағытталған бағдарламалау

Қазіргі уақытта программалуда 3 концепция белгіленген:


§ объектілі бағытталған программалау; (ОБП)
§ унификацияланған модельдеу тілі (UML)
§ программалық қамтамаларды құру арнайы жабдықтары.
Объектілі бағытталған программалау (ОБП) негізінде программа тізбектей орындалатын нұсқау ретінде емес, ұқсас қасиеттері және ұқсас орындайтын қызметтері бар объектілердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Барлық объектілі бағытталған программалау тілдерінің ішінде ең кең таралған С++ тілі. Осы бағытта соңғы пайда болған Java тілінің С++ тілімен салыстырылғанда келесі кемшіліктері бар: көрсеткіштер, шаблондар, бірнеше қайтара мұрагерлік Java тілінде қарастырылмаған. Барлық синтаксис жағынан бұл тілдер ұқсас.
Қазіргі таңда Microsoft және Borland компаниялары құрған С++ тілінің Microsoft Windows жүйесінде программалау ортасы көп тараған.
Объектілі бағытталған программалау үш тұжырымға негізделген: кластар, мұрагерлік және полиморфизм. 
Процедуралық тілдерде жазылған программалар негізінен инструкциялар жиынтығы болып табылады. Бұл тілдердегі программалар функциялардан тұрады, олар тізбектелген іс-әрекеттер тізімін орындайды.
Бірнеше функцияларды модульдерге біріктіруге болады, бірақ сонда да процедуралық принцип сақталады.
Процедуралық тілдерде екі түрлі берілгендер типтері бар: жергілікті (локальді) және кең ауқымды (глобальді). Жергілікті берілгендер тек функциялардың ішінде және тек сол функцияларда ғана қолданылады, ал барлық функцияларда қолдану керек болса кең ауқымды етіп жариялайды. Функциялар мен берілгендер арасындағы күрделі байланыстар программаның құрылымын да күрделендіреді. Кең ауқымды берілгендерді функциялар шектеусіз қолдана алады. Бұл процедуралық тілдердің ең бір үлкен кемшілігі. Екінші кемшілігі, ол берілгендер мен функциялардың жеке-жеке қолданылуы. Бұл жағдайда нақты өмірдегі объектілерді дәл сипаттай алмаймыз. Мысалы егер объект машина болса, онда оның қасиеттері (мінездемесі) – двигательдің күші, есіктер саны болады, ал іс-әрекеті ретінде мысалы, тормозды басуды жатқызуға болады. Яғни қасиеттерге программада берілгендерді, ал іс-әрекеттерге программада функцияларды сәйкестендіруге болады. Іс-әрекет дегеніміз, объектінің сырттан берілген әсерге жауабы.
ОБП-дың негізгі идеясы – ол берілгендермен осы берілгендерге қолданылатын іс-әрекеттердің объект деп аталатын бір бүтінге бірігуі. 
Объектілердегі функциялар С++ тілінде әдістер деп аталады. Егер объектінің кейбір берілгендерін оқу керек болса, онда осы әрекетті орындау үшін қолданылатын әдісті шақыру керек. Бұл әдіс берілгенді оқиды да оның мәнін қайтарады. Оның мәнін тіке, әдісті қолданбай ала алмаймыз. Яғни берілгендер кездейсоқ сыртқы әсерден қорғалған. Берілгендер мен функциялар инкапсуляцияланған (біріктірілген) делінеді. 
Жасыру және инкапсуляция ОБП-дың негізгі терминдері болып табылады. Егер берілгенді өзгерту қажет болса, онда оны да объектінің әдісінің көмегімен орындау керек. С++ тіліндегі программа объектілер жиынтығынан тұрады. Олар бірінің бірі әдістерін шақыру арқылы бір-бірімен әрекеттерді орындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет