§ Объект
Объект прогаммада қандай турде болуы мүмкін?
• Физикалық объектілер:
— көше қозғалысын модельдеудегі автомобильдер
— электр тогын модельдеудегі схема элементтері
— экономика моделін құрудағы елдер
— диспечерлік қызметін модельдеудегі ұщақтар
• Интерфейс элементтері:
— терезелер
— меню
— графиктік объектілер (сызықтар, тік төртбұрыш)
— маус, клавиатура, дискілік құрылғылар, принтерлер
• Берілгендер құрылымы:
— массивтер
— стектер
— байланысқан тізімдер
— екілік ағаштар
• Адамдар тобы:
— қызметкерлер
— студенттер
— сатып алушылар
— сатушылар
• Ақпараттар сақталуы
— құрал-саймандар тізімі
— қызметкерлер тізімі
— сөздіктер
— әлемдегі қалалардың географиялық координаттары
• Берілгендердің қолданушылар типтері:
— уақыт
— бұрыштардың шамасы
— комплексті сандар
— жазықтықтағы нүктелер
• Компьютер ойындарына қатысушылар:
— жарыстағы автомобильдер
— шахмат, дойбыдағы позициялар
— тірі табиғатпен байланысты ойындағы жануарлар
— ойындағы достар мен дұшпандар.
§ Кластар.
Барлық тілдерде стандартты типтер бар, мысалы int.
Кластар объектілер қандай берілгендер мен функциялардан тұратындығын анықтайтын форма болып табылады. Класты жариялау барысында ешқандай объект құрылмайды, мысалы int типі int айнымалының бар екендігін білдермейтін сияқты. Яғни класс өзара ұқсас объектілер жиынтығын сипаттау үшін қажет ұғым.
Класқа тиісті объекті кластың экземпляры деп аталады.
§ Мұрагерлік.
Класс ұғымы мұрагерлік ұғымына алып келеді.
С++ тілінде басқа кластарды анықтайтын класты негізгі класс деп атайды. Қалған кластар, оның қасиеттерін мұрагерлікке алады да, өздерінің қосымша басқа қасиеттерін қабылдайды. Оарды туынды класстар деп атайды. Құрылған класс басқа программаларда да қолданылуы үмкін. Бұл қасиет класс кодын қайталап қолдануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |