Тақырыбы: «Ойнап білім алайық» Мақсаты



Дата05.07.2016
өлшемі52.5 Kb.
#179224
Тақырыбы: «Ойнап білім алайық»

Мақсаты:

  • Балаларды дидактикалық ойын арқылы ойлау қабілеттерін, ой өрістерін логикалық ойлауын тілдерін дамыту және жатықтыру;

  • Таным әрекетін қалыптастыру тиянақтау, пысықтау, алған білімдерін нығайту;

  • Қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.


Міндеті:

  • Танымдық ойлау қабілетін, ақыл-ойын тілдерін дамыту;

  • Тәрбиелік айналасымен қарым-қатынас жасауға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.


Маңызы
Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңыы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек, ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп-салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады. Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе кішкентай топтағы балалар өзін-өзі ұстауға, өздерінің міне құлықтарын қадалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.

Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтының анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты. Қорыта айтқанда, ойын – баланың жан серігі. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.


Жоспары





Мазмұны

Қатысушылар

Мерзімі

1

2

3



4

5


6

Дидактикалық ойын құралдарын жинақтау
Ата-аналарға кенес беру «Ойын баланың жан серігі»
Ашық сабақ «Ойнап, ойлан»
Ата-аналрмен жиналыс өткізу, көрме ұйымдастыру
Күннің екінші жартысында дидактикалық ойындар өткізу
Слайд. Пед кеңесте ұжымға жүргізілген жұмыстарды көрсету. Кітап шығару.

Тәрбиеші: Жаркынова Г.И.
Тәрбиеші: Жаркынова Г.И.
Тәрбиеші, балалар.

Тәрбиеші, ата-аналар.

Тәрбиеші,балалар.

Тәрбиеші: Жаркынова Г.И.



01.09.2014

10.11.2014

12.01.2015

15.02.2015

Жыл бойы.

25.05.2015




Ата-аналарға кеңес
«Тәрбие – бала дүниеге келген сәтінен басталады» деген сөздің жаны бар. Әр ата-ана ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұят мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Осы мақсатқа ата-анамен қатар бала тәрбиесіне балабақша ұжымы да зор үлес қосады.

Балабақшаға жаңа келген бөбектер үйренгенше өздерін әртүрлі ұстайды. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен қарым-қатынастарымен танысады.

Халқымыз ойындар тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру, әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған.

Бала кішкентайынан ата-анасының талап етуімен және өз еркімен әртүрлі ойындарға қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығы мен батылдығын байқатқан. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Балалар ойын барысында өзін еркін ұстап, тапқырлық әрекет байқататын, сезіну, қабылдау, ойлау, қиялау, зейін қою, ықылас және т.б. түрлі психикалық түйсікпен сезім әлеміне сүңгиді. Маңызы өте ерекше, ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Олар қай ойынды ойнаса да беріліп, шын мәнінде ойнаулары керек. Көптеген ойындар педагогикалық қызметте ақыл-ой міндеттерін шешу үшін сондай-ақ әртүрлі таным процестерін дамыту үшін кең қолданылуы керек. Балалабақша тәрбиешісі неғұрлым ізденгіш болса, жаңалық ұғымдары мол меңгерсе, балаларды соғұрлым бірлікке баулиды.

Ойын түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Дидактикалық ойындарды педагогикалық процестерге қосқанда тәрбиеші солардың ішінен балаларға ыңғайлы ойындарды таңдап алады, олар бүлдіршіндерді ақыл-ой тәрбиесіне, адамгершілікке, эстетикалық сезімге тәрбиелейді. Дидактикалық ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады, балалар ойындарды қалай қабылдайтынына назар аударады. Бұл дидактикалық ойындар жан-жақты қамтылған, әртүрлі мағынадағы мақсатқа бағытталған.

Жас бүлдіршендерге сабақтарды ойын ретінде көркем құралдар арқылы, сабақтан тыс уақытта, серуенде өткізеді.

Тәрбиешілер бала бойында ойындарды қызықты да, әсерлі сіңіру арқылы ақыл-ой өрістерін дамытуды мақсат етеді. Сондай-ақ бүлдіршіндердің адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөледі.

Балалар алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, суреттер дайындау, декоративтік заттар тағайындау арқылы алдын ала жұмыс жүргізуі керек.


Ашық сабақ
Білім беру саласы «Қатынас. Таным»

Бөлімі дидактикалық ойындар

Тақырыбы: «Ойнап білім алайық»

Мақсаты: Балалардың ой – өрісін кеңейту. Логикалық ойлау мен тілді дамыту. Геометриялық пішіндерді бір – бірінен ажыратып, атай білуге үйрету. Таным өнерін сөздік қарым қатынастарын байыту. Дидактикалық шеберлігінің артуына ықпал жасау. Бір – біріне деген достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Берілген тапсырманы орындап, өз ойын еркін айтуға жетелеу.

Керек құралдар: Кілем, геометриялық пішіндер, үй құстары, дала құстары, үй жануарлары, жабайы жануарлары, ағаш бұтағы, ойын суреттері, аққала, көліктер мен мамандықтар.

Әдіс – тәсілдері: Жұмбақ жасыру, музыка, сұрақ жауаптар.

Жүргізуші: Балалар қараңдар, бүгін бізге көп қонақ келіпті! Амандасайық!

(дыбыс естіледі) Аю келеді

Аю: Мен сендерге хат әкелдім

Жүргізуші: Кімнен хат?

Аю: Маған оны жолда көгершін беріп жіберді.

Жүргізуші: Сен қыста ұйықтамаушы едің ба?

Аю: Мен тапсырманы орындап келгеннен кейін, қайтадан ұйқыға кетем.(Аю хатты жүргізушіге береді). Сау болыңдар балалар көктемде кездескенше!

Жүргізуші хатты оқиды.

Жүргізуші: Хатта жазылып тұр «Балалар мені қорғандаршы, мен қиындыққа тап болдым! Аққала». Балалар мына жерде ғажайып кілем жатыр екен, бірақ оны біреу тесіп кетті, біз оны жамап қояйық. (геометриялық пішіндермен жамайды). Енді безге балалар аққалаға ұшып баруға болады.

(әуен бойынша кілем үстіне тұрады)

Жүргізуші: Қараңдар балалар, аққала неге бізді қарсы алмай тұр, оны біреу дұрыс мүсіндемепті. (ойын Аққаланы құрастыру)

Аққала: Рахмет балалар, қош келдіңдер! Мені жалмауыз кемпір нашар мүсіндеп кетті.

Жүргізуші: Бұл жерде бәрі де дұрыс емес екен, қоршаға назар аударыңыз, жануарлар арасында қандай қателік көріп тұрсыңдар? (дид.ойын «жануарларды топтастыр»)

Жүргізуші: Жақсы балалар біз барлық қателіктерді дұрыстадық, үйшіктерді дұрыс орналастырдыңдар (дид.ойын «құстарды өз үйшіктеріне орналастыр»)

Аққала: Балалар, рахмет сендерге! Мен өз үйіме жылдам оралайын, жалмауыз кемпір келмей тұрғанда!

(балалар Аққаламен қоштасады)

Жүргізуші: Сау бол Аққала! Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. («жыл мезгілін ажырат» дид.ойыны, төрт жыл мезгілі туралы жұмбақ жасыру).

Суда мұз бар,

Жерде қар бар


Боран борап соғады. (Қыс)

Күн ұзарып,


Қар еріп,
Су сайларға толады. (Көктем)

Күндер ысып,


Шөп пісіп,
Ел пішенін орады. (Жаз)

Жауып жаңбыр,


Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады. (Күз)

Жүргізуші: Ал, балалар жарайсыңдар! Жұмбақты керемет шешеді екенсіңдер! Енді кілемге отырып, тобымызға оралайық! (балалар кілемге тұрады)

Жүргізуші: Енді логикалық ойындарды жалғастырып ойнайық.

«Жансыз және жанды табиғатқа не жатады?» суреттермен жұмыс

«Көліктерді топтастыру» ойыны

«Ненің көлеңкесі?» ойыны

«Көлбеңдеген көлеңке» ойыны:

Көлбең – көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Мысық қалай жүреді? (қоян, аю, түлкі, қолтырауық, қасқыр)



Кім көрсете біледі?

Жүргізуші: Сендер бүгін өз тапқырлықтарыңды көрсете алдыңдар, шапшаң болып, ойнап өз білімдеріңді көрсете алдыңдар. Жарайсыңдар! Балалар, ұмытып кете жаздадым! Аққала сендерге тәтті сыйлық қалдырып кетті! Ашып көрейік қораптың ішінде не бар екен?! (кәмпит тарату).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет