Тақырыбы: Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мазмұны кіріспе


Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы



бет6/25
Дата20.06.2022
өлшемі132.56 Kb.
#459371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
dip -orta-mektepterdegi-9-shy-synyp-oqushylaryna-jekologijalyq-bilim-men-tarbie-beru (1)

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы

Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі – бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде «әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.


Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп оқушылары десек, оларға тыңғылықты тәрбие, тиянақты білім беруді неғұрлым нақтылап, соған негізделіп оқыту бүгінгі заман талабы. Сондай нақтылаудың бір жолы сабақ барысында оқушыларға экологиялық білім беру.
Мектептерде факультатив сабақтар арқылы экологиялық білім беру және инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану болашақтың азаматын даярлаудағы оқыту процесін барынша ізгілендіру. Яғни оқу құралдары оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекет жүргізе алатындай және қазіргі өзгермелі жағдайға бейімдеп қолданылатындай болу керек.
Экологиялық білім берудің мақсаты – жеке адамның бойында қазаққа тән ізгілік пен әдет - ғұрыптарын дарыта отырып, «адам – қоғам - табиғат» арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Экологиялық білім беру әрқашанда жеке адамның тәрбиесін экологиялық мәдениетін дамытудан бастап, көпшілікке экологиялық білім беру деңгейіне көтерілді. Сондықтан, экологиялық білім беру өте күрделі процесс. Оны «дайын» күйінде ұсынуға болмайды. Ол үшін оқушылардың санасына, ой - өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып беру керек.
1968 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның биокеңестік қорын қорғау және оны тиімділікпен пайдалануға байланысты Үкіметаралық конференция болып, онда “Адам және биосфера” деп аталатын бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламада алғаш рет экологиялық білімнің жалпы мазмұны көрініс тапты. 1971 жылы желтоқсан айында Швейцарияда табиғат қорғауда жұртшылықты ағартуға байланысты 1-Еуропалық жұмыс конференциясы өтіп, онда ең алдымен “Қоршаған ортаны қорғау” және “Табиғатты қорғау” түсінігі егіз ұғым ретінде танылды.
ЮНЕСКО–ның ЮНЕП–пен (“БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы”) 1977 жылы Тбилисиде бірлесе өткізген қоршаған орта жөнінде білім беруге байланысты бірінші Үкіметаралық конференциясы өтуі экологиялық білім беру жүйесін одан әрі жетілудің елеулі кезеңі болды.
Экологиялық білім беру жүйесіндегі Халықаралық өзара байланыс Найроби (1982), Беч (1983), Москва (1987), Рио-де-Жанейро (1993), Орхус (1999), Кейптаун (2003) және басқа да конференцияларда одан әрі жалғасын тапты [34].
Осы жоғарыда аталған халықаралық ғылыми конференцияларда халыққа экологиялық білімді үздіксіз беру арқылы жүзеге асатыны баса айтылады. Олар:

  • -биосфера тұрақтылығын сақтау үшін ағарту жұмыстарын

  • ұйымдастыру арқылы;

  • -адам баласының туылғанынан бастап, өмір бойы экологиялық білім

  • беру;

  • -халық арасында экологиялық пікір-талас өткізу.

Жоғарыда аталған өзекті бағдарламаны жүзеге асыруда Елбасының «Қазақстан - 2030» бағдарламасымен «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясы» және Білім мен Ғылым министрлігі бекіткен «Экологиялық білім бағдарламасы» құжаттарының міндеттері бойынша экологияны жеке пән ретінде мектептерге енгізу көзделген. Аталған мемлекеттік құжаттарды жүзеге асыру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелердің бірі болып есептелінеді.
Аталған құжаттарға сәйкес үкіметтің қауылысы (3.03.1998ж. №137,8б.) экологиялық білім берудегі негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың көкейкестілігі Қазақстанның көпсатылы оқу жүйелерінде экологиялық білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа мәдени тұрғысынан қарастырылады. Осыған орай, 1987 жылы проф. А.С.Бейсенованың «Оқушыларға экологиялық білім беруді жақсарту туралы тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасында эколог мамандарды даярлау» туралы еңбектері шықты. 1988 жылы ҚР Білім министрлігінің қаулысымен «Ландшафтар экологиясы және табиғат қорғау» лабораториясы ашылды [35,36].
Аталған зертханада үздіксіз экологиялық білім берудің шетелдік, ТМД және отандық іс – тәжірибелері сарапталынды. Әсіресе, Ресей мемлекеті оқу жүйелерінде көпшілікке экологиялық білім берудің үздіксіз жүйесі жақсы жолға қойылғанын аңғартты. Онда жалпы және кәсіби білім беретін оқу жүйелеріне арналған экологиялық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтар және оқу құралдарының кешендері жарық көрген. Экологиялық білім берудің тұжырымдамасы жасалған. Осы жағдайлардың бәрі Қазақстанда экологиялық білім берудің ғылыми–теориялық негіздерін жасауға бағыт берді.
Зерттеу қорытындылары бойынша экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері, педагогикалық принциптері және экологиялық білім тұжырымдамасы мен мемлекеттік стандартының алғашқы жобалары жасалды. Үздіксіз экологиялық білім беруде ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу жұмыстары аяқталды. Үздіксіз экологиялық білім берудің алғашқы І-ХІ сыныптарға арналған оқу бағдарламалары жасалынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты бойынша экологиялық білім беру «Биология» пәндерінің мазмұнында және вариативтік сағаттарға негізделген. Шын мәнінде дүниежүзілік және отандық тәжірбиелер көрсетіп отырғандай, көпшілікке экологиялық білім беру экология курсын жеке пән ретінде оқыту ғана бұл проблеманы шеше алады [37, 38].
Экологияны пән ретінде оқыту ғылыми-теориялық педагогика психологиялық оқу - әдіснамалық тұрғыдан да негізделіп, нормативті – құжаттарға сүйенеді. Егеменді Қазақстан Республикасы Конституциясы мен экологиялық зандарында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру туралы мемлекет деңгейінде бірнеше құжаттар қабылданды. Қазақстанда экология пәнінің авторлық бағдарламалары, оқу-әдістемелік нұсқаулар мен оқу - құралдары да жарық көрді.
Экологияны пән ретінде оқытудың біршама тәжірбиелері Абай атындағы КазҰПУ - нің география – экология факультетінде жинақталған. Профессор А.С.Бейсенованың ұсынысымен құрылған «Экология оқу әдістемелік зертханасы» 1987 жылдан бері Республика бойынша мектептерде экологиялық білім беру жүйесін үйлестіріп келуде. Зертхана қызметкерлері экология курсын оқытудың әдіснамалық, ғылыми – педагогикалық және оқу-әдістемелік негізін жасады.
Экологияны пән ретінде оқыту тәжірибелері Ресейде жақсы жолға қойылған. Ресейде 1990 жылдан бастап экологияны пән ретінде оқытудың аймақтық аспектілері жақсы дамыған.
Экологиялық білім мен тәрбие беруде көрнекті педагогтар А.Н.Захлебный, И.Д.Зверев, И.Г.Суравегина, П.Р.Абаргаджиева, В.А.Пирова т.б. еңбектері баршылық. Аталған педагогтар экологияны пән ретінде оқыту проблемаларын мемлекеттік деңгейде көтере отырып оны практикада қолданған әрі оларды алғашқы әдіскер – педагогтар деуімізге болады.
ЮНЕСКО- ның Бас директоры Ф.Майор экология мәселесін барлық оқу бағдарламасына өзек ете отырып, оны мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін оқыту, мұғалімдер мен басқару аппаратын бұған дайындау экологиялық проблеманы шешудегі ең маңызды фактор болуы тиіс деп есептейді. Прогресс стратегиясы жалпы және экологиялық білім берудің қауымдастығына келіп тіреледі. Оның: «Егер де біздер, адамдар – табиғаттың бөлшегі, біз өз ағаштарымызбен өздерімізді, егістік пен орманды жанымыздай сүйе беруге тиіспіз деген қарапайым да сенімді сөздерді әрбір бүлдіршіннің ойына сіңіре білмесек, онда қоршаған ортаны қорғаудағы қазіргі қол жеткізіп жүргеніміз тек жәй түсінік болып қала береді.
Мектептерде әрбір пәннің оқу бағдарламасына талдау жасаудың маңызы өте зор. Оның себебі оқу бағдарламасын зерттеп, талдау арқылы жоғары сынып оқушыларына (9-10-шы сынып) экологиялық білімінің элементтерін үйрету біздің негізгі мақсатымыз. Әсіресе бірі-бірімен өте тығыз байланысты болып келетін биология, география, химия, физика оқу бағдарламаларына талдау жасағанда оқушыларға берілер білім міндетті түрде экологиялық мәселелерімен түйісетіні белгілі. Мысалы оқушылар биология курсын оқу барысында экологиялық білімнің мынандай элементтерін игеруге тиіс:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет