Тақырыбы: Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін өздері ұстауларының негізгі ережелері



бет3/4
Дата16.11.2022
өлшемі101 Kb.
#465006
түріСабақ
1   2   3   4
жол ережесіdoc

Қорытынды
Қай көше,қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,
Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.

«Жол тәртібін сақтайық!» тәрбие сағатының
сценарийі

Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»
Мақсаты: - Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға 
үйрету;
- Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу;
- Жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, нақыл сөздер, кітаптар, слайдтар, плакаттар.
Қатысушылар: Үйірме жетекшілері және үйірме мүшелері.
Жоспары: 
1. Кіріспе
2. Топтарды таныстыру
3. Белгілер сөйлейді
4. Сұрақ - жауап
5. Жұмбақтар шешу
6. Ойын
7. Қорытынды
Барысы:
І бөлім
Мұғалім:
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталады сәлемменен!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жол тәртібін сақтайық!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 – жүргізуші:
Шуақты күндеріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

2 – жүргізуші:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол – ортақ, үлкен-кіші, баршамызға!

Мұғалім:
Бүгінгі тәрбие сағатымызға оқушылар екі топқа бөлініп, қатысып отыр. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілерін анықтап, сіздерді жолда жүру ережелерімен таныстырады.
Сонымен сіздердің алдарыңызда
«Бағдаршам» тобы және «Жол белгілері» тобы.

ІІ бөлім. «Бағдаршам» тобы
Ұраны: «Тоқта!, Сақтан!, Жол ашық!
Жүрме жолға таласып»
Бағдаршамның шығу тарихынан баяндайды.
1–оқушы: 
Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты, білесіңдер ме?
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның аты тарихта сақталмаған.
2-оқушы:
Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
3-оқушы:
1914жылы Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршамдар пайда болды. Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл болатын.
4-оқушы:
1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл түстер.
5-оқушы:
Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
6-оқушы:
Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның барлық қалаларында, сондай-ақ Әйтеке би кентінің кейбір көшелерінде де бар.

«Жол белгілері» тобы
Ұраны: «Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.»
Жол белгілерінің шығу тарихынан баяндайды.
1-оқушы:
Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат-арба, пәуеске кезінде талпыныс жасалған.
2-оқушы:
1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке Жарлығы басылды. Онда атты божымен басқаруға тыйым салынды.
3-оқушы:
1730 жылы Жаңа Указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды.
4-оқушы:
1742 жылы кімде-кім тәртіп бұзатын болса,жазаланатын болды.
5-оқушы:
1812 жылы Жаңа ереже қабылданды. Оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, номерлік белгілер қойылды.
6-оқушы:
1968 жылы Венада халықаралық конференцияда «Жолда жүру» туралы конвенция қабылданды. Осы құжат негізінде жолда жүру ережесі жасалып, 1973 жылы күшіне енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет