Тақырыбы: Өзін-өзі танудың философиялық аспектілері
Мақсаты: өзін-өзі тану мен философияның бірлігі, студенттерді ғылыми көзқарастармен, біліммен толықтыру, өзін-өзі танудың философиялық аспектілерін түсіндіру.
Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану , өзін-өзі дамыту , өзін-өзі жетілдеруі”,“өзін-өзі өзектілеу”, т.б.
Жоспар.
-
Өзін-өзі тану ұғымының философиялық қырлары.
-
Құндылықтарға философиялық тұрғыда сипаттама.
-
Өзіндік таным философиясы.
-
«Өзіңді өзің таны»- бұл «жеті дананың» /әсіресе Хилон мен Фалес/ аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы. Дельфия шіркеуінің маңдайшасына ойып жазылған. Дельфиялық дана сөз Сократқа дейін белгілі болатын кейін ол Сократқа танылды. Бұл кездейсоқтық емес еді, себебі Сократқа дейін антикалық бірде - бір ойшыл адам қызметінің басқару принципінің бірден бір бөлігі өзін-өзі тану екенін Сократтай бағалай алған жоқ. Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізді. Ксенофонт Сократты былайша сөйлейді: “Кімде-кім өзін - өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады білмейтін нәрсесінен аулақ бола өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады”. /Ксенофонт Воспоминания IY.2.26-27/. /б.э.д. 470-399 ж.ж./ аралығында өмір сүрген антикалық ойшыл, бірінші афиналық философ Сократтың ауызша таратқан даналық ойларының туындыларында өзіндік танымның негізін: философия танымының үлкен мақсаты: адамның танымы, оның іс- әрекеті, ой - өрісі, тұрмысы деп білді. Бұл таным, тек өзін-өзі тануда ықтимал екенін айтты “өз-өзіңді тани біл” бұл тұжырымды дәлелдеу үшін Сократ өз өмірін зерттеді.
Мен білем, ештеңе білмейтінімді жақсылық ойлаушы кім екенін де білмеймін... Сонда да мен сіздермен бірігіп не екенін пікірлесіп түсінгім келеді.
Сократ ойынша Адам рухы әулиелік болғанда ғана әулиелік білімге жетеді: айқын нәрсе, әрқашан да айқын. Сонымен қатар рух- білім сақшысы, адам танымы - бұл өткен істердің, бұрынғы білімдер жиынтығының еске түсуі. Даналық- бұл білім, бірақ адам барлығын білуге күші жетпейді.
“Адам дейді Сократ- барлығына дана болуы мүмкін емес тиісінше кім білсе сол дана” Сократ танымында барлығы Құдайдан тарайды, жалғыз ғана шындық адам күш-жігерінің бағыты-білімді танудан бастау алады. Адам білімінің формалары, қоғамдық, саяси өмірі танымның жеке бір бөлшегі ғана. Сократша таным үрдісінде білім, мысалы жарылқаушының әділетті адамның өзі. Сократ мейрімділік жарылқауының үш негізін белгілейді.
-
Деңгейлік “Өз деңгейінен жоғары ештеңе жоқ”
-
Танымдық
3. Әділеттік
Сократ табиғатты зерттеуде мүлдем қарсы болды. Бұл тұрғысында ол адамның іс-әрекеті құдай ісіне қайшы деп есептеді. Сократша әлем-құдайдың сыйы, Сократ мейлінше құдайға құлшылық еткен ол Афин жұртшылығымен бірге құдайға құрбандық шалып барлық діни жоралғыларды мүлтіксіз орындаған. Өзін-өзі тану арқылы Сократ мейірімділікке, әділеттілікке, заңдылыққа жетуге болатындығын айқындайды.
Бірінші кезекте адам рухы, табиғат, білімділік деп есептеген. Оның мына сөзіне қарап: “Мен ештеңені білмеймін. Дегенмен сенімен бірге пікірлесіп, ізденгім келеді”- оның философиялық формуласы, ізденісінің құдіреті екенін танытуға мүмкіндік береді. Ол өзінің білмейтіндігін ең соңында білетіндігіне айналатынын толық сезінген.
“Пікірлесіп ізденгім келеді” қағидасы өзін-өзі тануына итермелейді және сол арқылы өзінің ойын түсіндіргісі келеді. Сократ туралы айтқанда оның философиялық пәл сапасы адамзаттың даму тарихымен бірге біте қайнасып бүгінгі күнге дейін маңыздылығын сақтап келеді.
Ежелгі философтардың ойынша өзін-өзі тану ол адамның жан дүниесімен өзін айқындауының жалпы ізденісі. Сократтың пайымдауынша мейірімділік пен зұлымдылық жолында дұрыс таңдау жасау және әлемдік ортада өзінің орныңды табу мен өзіңді айқындау өзіңді-өзің тани білгенде ғана орындалатын айқын нәрсе.
-
Қазіргі кезеңде біз адамның рухын соңына дейін өлшедік, негізін орнаттық, адамда табылған мазмұнды бастапқы жүйе, ғылыми жүйе болып қаланды. Философия МЕН деген ұғымды табуға үйретеді. Бастапқыда МЕН арқылы жансыз, түрсіз көпшілікке тәртіп, ой сананың өсуі енеді. Бірлік адам басқару ережелерінен тұрады. Бақылау шекарасына дейін таратады, және ол оны қалай жүргізеді, солай әрі қарай ой өрістің өсуі, тәртіп тарайды. Оның бақылауы көптің әлемде әр адамға өз орнын табуға нұсқау береді, басқаны шығарып жібермес үшін, ол бірлікті шексіз әртүрлілікке енгізеді. Сол әлемдік денелер бір-біріне жақын тұрады, бірқалыпты жүйелі дене болады. сол арқылы жарықтар нұсқаған жолдармен айқындалады. МЕН арқылы үлкен баспалдақ орнатылады, онда-әлемге қажетті күш жинауға, болашақты жалпы айқындауға құқылы. МЕН арқылы адамзаттың мәдениеті артса, әлемнің де мәдиниеті артады.
Ол заттарға керекті тәртіпті орнатып қана қоймай, ол соған қажетін де береді, өзі таңдағандай: ол басқан жерде табиғат оянады, оның көз қарасынан жаңашылдық кереметтер орын алады. Оның денесі рухты, сені қоршаған бұйымнан пайда болатын, оның тіршілігінде ауа жеңілдей түседі, ауа - райы жұмсақ, табиғат сол арқылы тіршіліктің панасына айналады. Адам шикізатты өз қалауынша пайдаланып, қажетті материал жасайды. Ол үшін бұрынғы өлі салқын болған көрініс нәр беретін дән-дақыл боп, қорек беретін жеміс боп, тіршілік беретін жүзім боп өсіп-өнеді. Оның айналасына жануарлар пайда болады, оның жылы көзқарасынан олар жабайылықтан айрылып, адамның қолынан тамақтанады, оның дегенімен жүреді.
Адамның айналасында жандар топтасады-ол адамдар. Сол адамдарға ол әсерін тигізеді, адамгершіліктің мәнін көрсетеді, оның іс әрекеті адамзатпен бағаланады, әр адал ісіне айналадан адам қасиеті мол үлкен жүректі адамдар пайда бола береді.
Адамдардың қасиеттері күшейіп бірігіп әр денелерде бір рух орнатуға бағышталады, бір ой өріс, бір күш -жігер адамзаттың ұлы бірлігіне жоспарына көмекші болады.
Ұлы адам өз ғасырында бар күшімен адамзаттың ең үлкен баспалдағына шығуды мақсат етеді, кейін қарағанда сол биікке шыққанда таң қалады, артында зындан тұрғандай сезінеді, содан өтіп шыққанына артын қарап сескенеді, содан өтіп шыққан Ұлы адамзаттың шежіресінен үлгергенінше барлық қасиеттісін алады..
Оның жоспарын бұзыңдар, кедергі келтіріңдер! Сіздер оны қалай ұстап тұра аласыңдар, бірақ мың жыл, көп мың жыл деген адамзаттың шежіресіне не жатады?
Бұл тағы бір таңды оятарда көрген түсіңмен бірдей. Ұлы адам тіршілік ете береді, іс-әрекетін жалғастырады, сіздер жоқ болып кеткен, ол үшін танымның кеңейгені, сіздерге ажал-оның жоғары өмірге дамығаны. Оның жоспарының сәні, түрі ол үшін жойылғанымен сол күйінде қала береді. Оның тіршілік еткен әр кезінде ол өзі алып сол шеңберге сыртқы қоршаған ортадан іс-әрекетін жүргізе береді. Осындай адам өз-өзіне былайша айта алады. Мен адаммын. Ол өз-өзінен қорықпай, өзінің ұлылығынан сескенбеу керек? Осылай әр адам, осындай барлығы қайсысы -Мен жетеумін деп айта алады. Сен қай жерде тіршілік етсең де сен адамзаттың кейпін ұстайсың; жануарға жақындасаң да, айдаумен жұмыс істесең де, отты жердің жағасында отқа қыздырынсаң да, сен оны өзің жаққан жоқсың, ол сөніп қалғанша қарап отырып жылайсың, ұзақ жанбағанына, сен ең аянышты немесе қатыгез, жексұрын болсаң да, сен де менсің, сондықтан сенде жетеумін деп айта аласың. Қанша дегенмен сен менің жолдасымсың, бауырымсың, мен де МЕН тұрғанда баспалдақта тұрдым, бұлда адамзаттың баспалдағы. Мүмкін мен өте тез, асығыс көтеріліп кеткен болармын, бірақ мен сонда сен тұрғанда тұрдым. Мүмкін сенде бір күні мен тұрған жерге жетерсің, оған көп миллиарттаған уақыт өтсе де осылай бір-бірімізге әсер етеміз. Сен бір күні менің шеңберіме енесің, ал мен - сенің. Сонда ұлы мен де сені өзімнің жоспар құрудағы пікірлесім деймін. Қалай мен сескенбеймін, адамзат бейнесінің алдында, құдай алдында шіркеуде тұрып адам бейнесін сақтаймын.
Менің жүйемді білмей тұрып, менің ой-пікірімді спинозмге теңеу мүмкін емес. Таза рухтың бірлігі мен үшін жеткізбейтін сана. Соңғы мақсат, ешқашанда іс-жүзінде орындалмайтын құбылыс. Осылай алғашқы кезеңде теологиялық ұғыммен адамның өзін-өзі тануы қалыптасады.
Әрбір тарихи кезең ауыспалы және одан кейін басқа кезең пайда болады. Бұл жерде өткеннен қалатын жалғыз нәрсе, ол әр түрлі тұжырымдамалар мен көзқарастардан тұратын мәдениет. Әрбір кезеңде адамзат тарихы қайта құрылып, ол үшін бәрінен бұрын жаңа кезеңге жаңаша қадам басатын жетілудің жаңа бейнесі қалыптасып отырады. Бұл орайда Гегельдің “рух феномологиясы” еңбегінде таным үрдісін: “Өзін-өзі танудың” субстанциясы тек индивидуальды түйсікте ғана пайда болуы мүмкін деп астын сызып көрсетеді.
Абдо Мухамед /1948 ж/ Адам баласы өзін-өзі тану үшін алла тағаланың ақиқатын, тануы қажет. Табиғат алланың сыйы. Алланың заңдылығына табиғат заңдылығына адам қоғамының заңдылығы бағынышты болуы тиіс. Осы ұлы заңдылыққа сай адам баласы өзін- өзі және қоршаған әлемді таниды. Бұл арада ғалым өзіндік танымның шекарасын теологиялық жолмен түсіндіре келе, адам мен қоғамның байланысын заңды түрде айқындап, адамның өзін-өзі тануы табиғатпен, қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста дамитындығын көрсете білді. Өзін-өзі тану арқылы табиғат пен қоғам заңдылықтарына бағына отырып, оны түйсініп белгілі бір болып жатқан өзгерітер мен қайшылықтарға жоғары деңгейде төтеп бере алатындығын баяндайды.
Абиляр /1855 ж/ өзінің “Өзіңді-өзің таны” еңбегінде өзінің ары мен scito-te-ipsym тұлғаның құқығы ол этикалық принцип болып табылады. Ақиқат критериесі әділет заңдылығымен өлшенеді. Бұл қасиет өзін-өзі және айнала ортаны танимын деген адамдардың бәріне тән болуы тиіс- деп барлық адамзат атаулының барлығының негізін өзін-өзі тануға, өз ісінің ақиқатына және өлшеміне зер салуға үйретеді. Олай болса, бұл өзін-өзі тану үрдісі барлық дүниені түсінем, танимын, әрі қарай дамимын, тұлға ретінде қалыптасамын, шын мәніндегі өмірдің ақиқатына жетемін деген адамдардың бәріне тән болуы шарт.
Д.С. Аничков /1952/ ”Адам танымының қасиеті туралы бір сөз” еңбегінде - таным процесіне түсінік бере отырып тән және рух арасындағы байланыста сезіну түсінікке айнала алады. Сондықтан бірінші бастама ол адамның ішкі әлемі. Олай болса адам рухы сыртқы факторлардың әсерінен өз-өзіне түсінікті туындата алады деп көрсетеді. Ол өз еңбегінде адамның ішкі әлемі бұл бірінші кезектегі бастама, ол өз-өзін түсінгенде ғана сыртқы ортамен сабақтасып нәр алатындағын көрсеткен.
Әлем үлгісін өмірде бар заттар мен құбылыстарды түйсіну үлгісін құру және үйрену адам санасының көне формасына да, қазіргі формасына да тән. Ф.Энгельс Аголь И.И. цитаты бойынша “Анти - Дюринг” адамның таным мүмкіншілігі шекарасыз және оның таным процесінің өзі де шексіз. Әлемді тану негізі әлемнің материалдылығында, әлемнің кеңестіктегі және уақыттағы шексіздігінде. Ал кеңестік пен уақыт әрбір болмыс формасының негізі. Материя қозғалыссыз, қозғалыс-материясыз болмайды -деп адам танымының шексіздігін, оның шекарасының жоқтығын замананың кешегісі мен бүгінгісіне қарамай таным деңгейінің шексіз дами беретіндігін дәлелдейді.
А.М. Антонов адамның өзіндік танымын былай сипаттайды: Кант агностицизм және апоризмін сынай отыра - ол сезім адамды қоршаған ортамен байланыстырады және адам танымының бастапқы кезеңі болып саналады. Сезім негізінде адамның түсінігі бүкіл психикалық өмірі әлемдік және өзіндік танымы қалыптасады.
Ежелгі дүние даналарының әлем жөніндегі көзқарастарына гормония өзін-өзі тану түсінігі интуитивті қалыпта болса да көрініс табады. Пифагор, Платон және Аристотель секілді алғашқы философтар бұл ұғымды құдіретті күшпен байланыстыра отырып сипаттаған. Сондықтан да оған ғылыми категория ретінде қарамай, мифтік, тіпті мистикалық анықтама жасаған. Аристотель адам санасы бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі құбылыстарды бір-бірімен байланыста тани алады. Ол үшін адам байланыс заңдылығын тануы тиіс. Адамдар және оны қоршаған орта да бір-біріне ұқсамайтын қасиеттердің бірлігінен құралады. Оның бәрін де біртұтастық ретінде қарауға болады - десе Аджита Кеша-кам-балин Baskam аль цитаты бойынша, “Адамның тағдыры әлем тәртібінің құпиясы төрт бастамадан судан, жерден, ауадан, оттан басталады. Олар ешқашан жойылмады. Карма, сансара және мокшинді миф ретінде қарастыруымыз керек. Сондықтан Брахман дініндегі құралдардың еркіне байланысты әлемнің танылмайтын универсум догмасы ешқандай сын көтермейді”. Адам санасы құдай заңдылығын табиғат заңдылығын танып білу үшін жаратылған деп адамзаттың танымын жоғарыдан іздеп жаратушы күшке құдайға табынып содан іздеуге үйретеді. Бедиль М.А. Муминов И. цитаты бойынша “Ирфан таным дегеніміз-тұтас әлемді және құдайды танимын деген адамның жанындағы қасиетті ынта. Алла ғаламды жаратушы болғанымен әлемнің күрделінеуі, ол табиғи процесс. Табиғат бастауы жоқ мәңгілік ақиқат. Бір нәрсенің өлімі, екінші бір нәрсенің өлімін туындатады. Өлім ол жойылып кету. Жойылу пайда болудан туындайды. Осы заңдылық бойынша табиғатта өзгерістер болып отырады”. Бертін келе философия саласында өзіндік таным теологиялық жолмен ғалымдар арасында жалғасын тауып отырады: Хачатур Абовян “Махаббат әлемді жаратушыға тән, ал адам баласы құдайдың қайталануы емес және қасиетті рух оған тән емес, шындыққа келетін болсақ, дүниеге келген кісіден біз қызыл шаранадан басқа еш нәрсені көрмейміз. Жылдар өте бара адам баласы жүреді, сөйлейді , есте сақтау, ойлау қасиеттері қалыптасады. Содан кейін барып айнала ортаны өзін танып, сол заңдылықты түсіну үшін ғылымға ұмтылады, ғылымнан осы заңдылықтардың реттілігін табады” немесе Аскаков К.С. В.Г. Белинский цитаты бойынша ақиқат құдай салған жолмен жүріп жетіледі. Ол үшін құдайға деген махаббат болуы тиіс. Адам баласы жаратылысты ешқашан тани алмайды, ол тек жаратушының құдіреттілігін тани алады. Қалай болғанда да адамның өзіндік танымын бірнеше тұрғыда әр кезеңнің тұрғысынан сипаттауға тырысады.
-
Өзіндік таным тұрғысы күрделі болғандықтан әр түрлі адам түрлі жағдайда форма әртүрлігіне байланысты оны әртүрлі сипаттап жазады. Осыған орай өзіндік таным тұрғысын зерттеген ғалымдардың ойларын ары қарай келтіре кететін болсақ: А.Г. Баумгартен Н.В. Самсонов цитаты бойынша “Адамның дарындылығы, сезімнің инстинкті қажеттілігінен туындайды. Адам баласы табиғаттың ұлы сұлулығына тамсанып, оны қайталауға тырысады. Мұндай талпыныстар адамдарды суретші, мүсінші болуға жетелейді. Менің ойымша адамның екі танымы болады: бірінші әдемі ойлау арқылы сұлулықты тану; екінші сезімді қабылдап ойлау. Ол біріншіден мазмұннан; екіншіден реттіліктен; үшінші сипаттаудан тұрады. Осы үш элементтің әрбіреуі бір-бірімен тығыз келісімде болады”.
Ал келесі Bauer идеясы бойынша “Философияның негізгі сұрағы субстанция мен өзіндік таным арасындағы қарама -қайшылық Гегельдік абсолюттік идеясын жоққа шығарып, өзіндік танымды абсолют деп жариялады. Адам қоғамы адам танымын өзгерту арқылы қайта құрылып жаңа биіктерге өрлейді”-деп санаған.
Адам танымы мен танылған дүниенің арасындағы айырмашығы адамның өз ішіндегі ойлау шеберлігінен туындайтынын және өзін-өзі тану үрдісі жеке нәрсе емес ол табиғатпен біте қайнасып жалғасын адамның ішкі ортасынан табылатын құбылыс екенін келесі ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады.
Берксон Андрей А., Г.Б. Плеханов цитаты бойынша ол адам индукциясын қоршаған ортаны тану құралы ретінде көрсетеді. Тану актісі-растық тану актісімен сәйкес келеді. Одан соң танушының және танылғанның арасындағы айырмашылық жойылады. Таным процесінде негізгі құрал тану интуиция деп түсіну, ол объективтік және субъективтік болмыс арасындағы шекараны жояды. Осындай таным түрі субъективтік діни фантастикаға есігін айқара ашады. Интуиция Берксон айтуы бойынша таным ойға қарама-қайшы мистикалық құпия акт немесе жоғары эстетикалық қабілеттіліктің инстинкті-қарапайым формасы қоршаған ортаны және өзінің рухани болмысын танудағы интуитивтік болмыс көрсеткіші ретінде шығармашылықты суретшілікті атайды. Шығармашылық пен суретшілік утелитарлық мақсаттан еркін құбылыс деп көрсеткен. Өзін-өзі таным процесі суретшілерде айқын көрніс табады. Ол үшін суретші өзінің субъективтік әлемінен шықпай отырып өз рухының түбіне көп күш салып терең бойлайды. Сол арқылы жаратылыстың табиғаттың адам санасындағы бастамасын көреді. Және соны сипаттауға тырысады. Берксон айтуы бойынша бұл құбылыс адам танымының ең қарапайым формасы болып саналады.
Адам танымының шекарасын өте кең түрде қарастыруға болады. Ағылшын ғалым Bernard L.L. “Адам танымының немесе болмысының өзінше жүйелі жіктелуін келесі тұрғыда қарастырады. Адам баласы бір-біріне және қоршаған ортаға бейімделгіш келеді. Адам баласын табиғи және мәдени орта қоршап тұрады. Табиғи орта органикалық емес және жаратылыс ортасына /космостық, климаттық, географиялық және органикалық емес ресурс факторларына бөлінеді және органикалық табиғи орта, мәдени ортаның өзін Bernard L.L. төрт типке бөледі: материалдық, ашық әрекет ортасы, психо- мәдениеттік орта, немесе символдық орта, мәдени қоршаған орта, ара қатынасын өздігінен қадағаланатын мәдени орта. Адам баласы өзін қоршаған ортаны осылай тануы тиіс”- деп есептеген.
Қарап зерттей келе адам танымының өзектілігі сонда, ол қоғамның дамуымен бірге әрдайым ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Ол әрдайым толықтырылып, жан-жақты қарастырылып, сомдалып отырған. Дамудың әр сатысын алсақ та, таным процесін қарастырмай оған тоқталмай кеткен ғалымдар аз. Өмірдің қай саласын зерттесе де олар ең алдымен адам танымына өз биігінен қарап теңеу беріп отырған. Оған келесі келтіретін зерттеулеріміз куә. Сеченов И.М. “Таным адамның психикалық әрекетінің еркін көзі болып табылады. Ол адамның санасынан сапалық құбылыс ретінде ерекшеленеді. Әлемдік процесс немесе философия, ол санасыз танымға бағытталған процесс. Таным аса сезімтал адам әрекетінің және болмыстың негізі, әлемдік даму процесінің себебі. Адам танымын әрқашан да материалдық рухани дүниенің, идеалдық- реалдық, субъективтік және объективтік қарама-қайшылық арасынан іздеген”
Brito Ф /Carvalho L/ цитаты бойынша “Адамның өзін тануы философиядағы ең күрделі сұрақ. Адам өзін тану үшін тіршіліктің түпкі мақсатын және адамның қоғамдағы моральдық әрекетін түсінуі тиіс”. Brito әлемнің түпкі мақсаты таным. Ал ақиқат дегеніміз ол таным құралы және моральдық мақсат. Осылай адам танымының ең жоғарғы критериясы моральдық реформа-деп көрсетеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
-
Адамның өзін-өзі тануы философиялық қырлары?
-
Философияның негізгі сұрағы субстанция мен өзіндік таным арасындағы қарама-қайшылықтың мағанасын ашыңыз?
-
Ежелгі дүние даналарының әлем жөніндегі көзқарастарын сипаттаңыз?
-
Сократ ілімі бойынша таным үрдісіндегі білім сапасына түсінік беріңіз?
№13-дәріс
Тақырыбы: Өзін-өзі тану ілімінің психологиялық қырлары.
Мақсаты: Өзін-өзі танудың психологиялық қырларын ашу, ғылыми көзқарастарға сипаттама бере отырып, өзін-өзі тану мен психология арасындағы байланысты түсіндіру.
Тірек ұғымдар: “өзін-өзі тану механизмдері”, “ауыстыру”, “интероризация” “идентификация”, “таңдау”, т. б.
Жоспар.
-
Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық қырлары.
-
Өзін-өзі тану, танымдық іс-әрекет түрлері.
-
“Мен” бейнесі мен тұжырымдамаларына сипаттама.
-
Табиғи мәдениет пен қолдан жасалған өркениеттің үшінші мыңжылдығы тарихтағы адам факторының орны мен маңызын нақты айқындап, Дара тұлға қалыптастыру мәселесіне зор мән беріп отыр. Ғылыми -техникалық революцияның қазіргі кезеңі “Табиғат-Қоғам- Адам” төңірегіндегі орасан зор мәселені көтеруде. Қазіргі психологтар адам тақырыбының аясын кеңейтіп адам мен табиғаттың “тікелей тереңірек жанасуы” табиғаттағы өзгерістерді түсіне қабылдауына зер салуын қамтамасыз ету мақсатында ұрпақ тәрбиесіне үңілу керек екендігін алдарына қойып отыр. Сондықтан болашақ мамандарды қызметке психологиялық жағынан дайындау қазіргі кезеңде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай адам психикасына әсер беретін стрестердің жиеленуі, жастардың өмірдегі бағдарының өзгеруіне байланысты бүгінгі күні оқушыларды рухани-имандылыққа тәрбиелеу мәселесінің белсенділігі артуда. Сол себептен қазіргі кезеңде болашақ мамандарға қойылатын талаптар жоғарлап келеді. Жоғарыда аталған жәйттер бүкіл мамандық иелеріне ортақ. Дегенмен педагогтарды дайындау мамандығы бойынша стрестік жағдайлар күрт өзгерістер қатары тәрбие оқыту процесінде жиі кездесіп отырады. Педагогтардың психологиялық дайындығын арттыру мәселелерін зерттеумен көптеген ғалымдар 1989-2000 жылдар аралығында айналысып келген. /Л.Г. Ахтареева, А.Д. Альферов, А.А.Бодалев, А.А. Бербидский Ф.Н. Гоноболин, Г.Б Заремва, Е.И. Исаев, Ю.Н. Кулюткин Н.В. Кузмина, М.Я.Меркулинская, А.К.Маркова, Л.М. Митина, А.Б.Орлов, А.В.Петровский, А.З.Рахимов, Д.В.Ронзин, Л.А.Регуш, В.А Сластинин., Г.С.Суховская, А.Э.Штейнмец, В.Ф. Шмургун, А.И.Щербаков т.б./.
Жоғары оқу орындарында психология пәнінің оқыту сапасының төменділігі және оның негізінен теорияға бағытталып көп көңіл бөлінуіне байланысты, оқытушы мен оқушы арасында біріншіден өзін-өзі тануға бағытталған пәндердің қажеттілігі туралы К.Д. Ушинский, Л.С. Высодский өз еңбектерінде айқын көрсетеді. /М.Я. Микулинская / цитаты бойынша А.К. Маркова педагогтың өз-өзінің психологиялық құзыреттілігінің яғни психологиялық дайындығының төменділігін сезінуі оның ішкі дүниесінде үрей тудырып мазасыздану деңгейінің жоғарлануымен сипатталады. Бұл жағдай жүйке психикалық тежеліске әкелетін риска фактор болып саналады. Адамның өзінің психикалық деңгейін жетік білмеуі және комуникативтік өзін-өзі қадағалау тәжірибелік ептілігінің қалыптаспауы педагогтардың басым көпшілігінің “стресс” “соматикалық” және жүйке психикалық ауруларына әкеліп соғады. Бұл жағдай өз кезеңінде оқушылардың жүйкесінің жұқаруын туындатады. Өзіндік таным пәнінің субъектінің жаңа мәлімет алу үрдісі үстінде өзін -өзі қадағалауды үйрету арқылы үрейлік деңгейін төмендету педагогтарды өз мамандығы бойынша жұмыс жасауға дайындаудың тиімді жолы болып табылады. Көптеген ғалымдар оқушылардың бойындағы үрейлік дәрежесін төмендету мәселерін психология саласында жиі зерттеген. Альферов А.Д. пайымдауынша оқытушының мамандығына қарай психологиялық компитенттілігінің өз дәрежесінде қалыптасу қажеттілігін - атап, отырып оның негізгі көріну компоненттерін ажыратып берген:
-
Оқытушының жұмысындағы айқын психологиялық позициясының болмауы.
-
Оқушылармен жұмыс істеу кезеңінде психологиялық әдістерді дұрыс қолдана алмауы;
-
Жеке баланың немесе балалар тобының психологиялық жағдайын сезінбеу және сол дағдарыстан қалай шығу керек деген сауалға жауап бере алмау.
И.Ф. Демидова өзінің зерттеулер тұжырымдамасы бойынша педагогикалық жоғарғы оқу орнындағы студенттердің психологиялық дайындығындағы үш аспектіні атап көрсеткен: 1. мотивациялық; 2. Когнетивтік және мінез - құлықтық; Бірінші аспектісі бойынша психологиялық дайындықтың корытындысы- деп оқытушының сол жұмысқа қаншалықты дәрежеде дайын болуын қадағалауды сипаттайды. Когнетивтік аспетісінде мінез құлық әрекет психологиясының қыр сырын білуін және психологиялық орындау шеберлілігін көрсетсе, ал үшінші аспект педагогикалық жоғары оқу орынындағы студенттердің психологиялық жалпы дайындығын алады. Жоғары педагогикалық оқу орынындағы студенттердің психологиялық дайындығының төмендігі жан-жақты субъективтік және объективтік мәселелерге байланысты. Біріншіден, психологиялық тәжірибенің сараманының болмауы, техникалық оқыту құралдарының болмауы және дидактикалық материалдардың жетіспеушілігі, психология пәнін оқыту кезеңінде проблемалық зерттеу жаттығуларының болмауы./ Е.И. Исаев, А.Э. Штейнмец/.
2. Психологиялық дайындықтың тиімділігі педагогтың оқыту үрдісін ұйымдастыруынан байқауға болады. Бұл жағдай әсіресе оның оқушылармен, жұмыстағы әріптестермен, ата-аналар қарым- қатынасынан ерекше көрінеді /Г.С. Суховская/.
Сонымен жоғарғы оқу орындарындағы психология пәнінің курсы студенттердің профессионалдық қажеттіліктерімен ерекшеліктеріне лайық болуы тиіс. Студенттерге ол пәннің қызықты болуы және қосымша психология саласындағы пәндердің оқытылуы студенттердің психологиялық дайындылығын арттыратындығы сөзсіз. /Л.Я.Ляудис/.
Педагогтың психологиялық дайындығына қатысты мәселелері Спилберг өз жұмыстарында нақты қарастырған /1966-1983/. Ол мазасызданудың екі түрін анықтаған: ситуациялық және реактивтік үрей; және оны Ү-қалпы деп эмоционалдық деңгейде қарастырады. Бұл жағдай объективтік, саналық түрде, қозуды төнген қауіпті қабылдап отырып, автономдық жүйке жүйесінің белсенділігімен сипатталады. Ү-қалпы қайталанған стимуляциядан туындайды және оған бейімделу мүмкін емес деп көрсетеді. Спилберг зерттеуінің нәтижесі бойынша “...тұлға ситуациялық үрейлікті жиі басынан кешсе, ол жағдай тұлға үрейлігіне әкеліп соғады. Сондықтан да зерттеу процесінде ситуациялық үрейлікті бірінші кезекте қарастыру керек. Тұлға үрейлігінің жоғарлауы ситуациялық үрейлікті сезінуін жоғарлатады. Сол себептен үрейлікті актуализациялау кезеңінде тұлға үрейлігін бірінші эмоционалдық қалыпты айқындайтын параметр деп қарастыру қажет. Мінез құлық деңгейіне шықпаған тұлға үрейлігі тек қана ситуациялық үрейлік арқылы байқалады.”.
Мұғалім оқушымен жұмыс үстінде әрдайым қоғамды жалпы адамзаттық құндылықтармен толықтырып отыруы тиіс. Баланың бойынан әртүрлі жолмен құндылықтарды дарытып отыруы тиіс. Ал бүгінгі ұсынғалы отырған жаңа қоғамның талпынысы “өзіндік таным” пәні оқушы мен мұғалім арасындағы тікілей байланысты орнататын психологиялық және педагогикалық тәжірибелер жиынтығын ұсынады.
Оқытушы - оқыту процесінде студенттің өмірінде реалды дамуды жағдайды туғызып сол жағдайдан ізденіс үстінде қалай шығу керек екенін өзі ойлап табу процесіне жол ашуы тиіс.
Психологиялық тұрғыда өзіндік таным процесінің қажеттілігі сонда - ол студент пен оқытушы арасында жүректен жүрекке ұлы сезім арқылы ену болып табылады. Осы орайда Эйнштейн өз еңбегінде былай келтіреді: «Интуиция - это не результат глубокого сознания или какой-то программы, но она приходит прямо от сердца. Это значит, что не нужно много работать, надо работать от сердца». Олай болса бүгінгі ұрпақ тәрбиесін жалаң қалпында емес, бір жүректен екінші жүрекке жеткізіп, сол арқылы саналы өмірге қажет ұрпақ дайындау болып табылады. Баланы қалай оқыту керек? Оның санасы мен сезімін жан-жақты қамту үшін қандай процестермен ерекше әсер беру қажет? Ол үшін баланың жүрегіне тіке жол салу мен оның танымына тікелей әсер беру керек. Ол үшін біздің жас психологтарымыз дайын ба? Егер ауызша оқыту формасының жұмысының нәтижесі 10 пайыз нәтиже берсе, жазбаша оқыту процесі 90 пайыз, ал оқытудың таным арқылы әсер ету әдісімен оқыту 100 пайызға нәтиже бере алады. Бұл әдіс мэта метич (через сознание) деп аталады / К.Н.Шамшиденова /.
Таным қабылдау процестері психология саласында өте ежелден бастап қарастырылып келеді. Бірақ та оқыту жүйесіне сай баланың бойындағы қабылдау ерекшеліктерін анықтап, оны шығармашылық белсенділігіне қарай жетілдіру психология саласында зерттелмеген мәселелерге жатады. Таным қабылдау жайындағы ассоциация теориясының мәні баланың жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне ұқсас деуге болады. Мұндай түсінік баланың туған күнінен басталып, оның бүкіл өміріндегі психикалық дамуымен тығыз ұштастырылып, оның бойында сол ассоциация байланыстары негізінде жаңа қасиеттер қалыптасады. Дәстүрлі ассоциация психологиясының принциптеріне сәйкес бөбектің қабылдауы бастапқы кезінде нәрселердің бытыраңқы бейнесі /түйсік/ сипатында болып, ол К. Бюлердің айтуынша шашыраңқы түсініктердің тағылық бейнесіне ұқсайды дейді.
Егер біздер кейбір жалпы жағдайларға жүгінетін болсақ, онда баланың даму деңгейі сол әсерлену сипатына қарай бейімделіп отыратындығын байқаймыз. Бала әлеуметтік ортада өмір сүретін болғандықтан, оның сыртқы нәрселермен құбылыстарға әсерленуі өзіндік әрекеттері мен танымын дамытудағы қуатты фактор болып саналады. Сондықтан баланың дамуын зерттеу үшін оның жан- дүниесінің сырына терең үңілу керек.
Адамның жан-дүниесінің сыр сипатын терең зеттеген Л.С. Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және “бала психикасының жақын арадағы даму аймағы” деп аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Высотский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму дейгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап- тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан-дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырады.
Тұлғаны қалыптастыру оның дүниетанымын қалыптастыру үнемі табиғи даму деңгейімен бірге оздырып отыруды талап етеді. Мұнда талап біріншіден, тұлғаның психикасын, оның жан-дүниесінің дамуын, ақыл ой парасатының деңгейін замана ағымына сай өрістетіп, оны жетілдіруде, оны өздігінен ойлантып-толғантуға әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағанасын пайымдап білуге жетектеу болып табылады. Тұлға оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себептер мен байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанулары керек. Бұл тұрғыда мына ғалымдар келесі ой тізбегін келтіреді. /В.П.Кузмин, Б.Г.Ананьев/.
“... Егер баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніліп, сана сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның өзіндік танымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның өзіндік танымы , сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегімнен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардаң /экстериоризация/ ішкі факторларға /интериоризация/ айналуымен белгіленеді” Бұл ғалымдар жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы психологиялық ерекшеліктер мен адам проблемасының шешу жолдарында тек қана психика емес, сонымен бірге жеке тұлғаны да зерттеу үшін жаңа методологиялық тұжырымдамалар ұсынады.
Мясищев В.Н. “Әрбір адам өзінің бірінші күнінен бастап қоғамға еніп, адамдардың қарым-қатынасында болып, тыныс -тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбиесінен үйреніп үнемі даму үстінде болады . Бұл қарым-қатынас бірте-бірте өзінің күнделікті өміріндегі дербестігін жеке бастың психикалық қасиеттерін өрістетеді Әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің өзіндік танымының қалыптасуына әкеліп соғады”. Жеке тұлғаның дамуы ғалымдардың көрсеткеніндей сыртқы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсініп, әрбір процестерді өз ойымен, ақылымен пайымдап білуімен қалыптасады.
Танымның бір көрінісі бұл материалдық дүниенің жоғарғы психикалық қызмет арқылы мәдени факторларға айналуы яғни сыртқы ортаны тану, білу қабылдау болып табылады. Сондай-ақ қарапайым нәрселердің бейнесі сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар шығармашылық қиялға айналады, қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады. Ішкі процестердің бәрі сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процестерге айналады. Осы орайда белгілі психолог В. Штерн қабылдаудың дамуын әр қилы деңгейлерде топтастырады. Нақтылы зерттеу тәжірибелеріне қарағанда авторлардың басым көпшілігі аддардың қабылдауы негізінен төрт түрлі сатыдан құралады дейді. Алғашқы сатысы - дара заттарды қабылдау, бұл заттың басқышы; екінші сатысы- дара заттармен жасалатын әрекет; үшінші сатысы - дамудың алғашқы кезеңінде нәрселердің белгі қасиеттері мен сапасын көрсетуі; төртіншісі - заттардың бөліктерін біріктіріп тұтас түрінде қабылдауы. Осындай тәжірибелерге сүйене отырып /Германияда Штерн, Т.Нийт, М. Хейдметс, Ю. Крусвал/. Ресейде П.П.Блонский, П.Я. Гальперин, Грузида Д.Н. Прангишвили, Узнадзе, адам дамуындағы мағыналық қасиетін анықтауды көздейді. Блонскийдің пікірінше алғашқы кезеңде адам баласы картиналарды көріп, өзінше қабылдап, нәрселердің жиынтығын байқайды, одан әрі оның қимыл-қозғалысы мен әрекетін көреді, ең соңында бұл суреттердің тұтастығын қабылдап, болмыстағы шындықты біледі, өзіндік танымы оянады. Блонский тәжірибелерінің шындығы шетел психологтары Штерн, Нейман, М.Роллоф т.б. зерттеу қортындыларымен айқындала түседі.
Өзіндік таным процесінің қалыптасуы бұл нәрселердің шама- шарқы мен түр-түсінің, тұлғасының тұрақтылығына қатысты өзге де қасиеттермен толықтыруға болар еді. Бұл мәселелердің бәрі тікелей бақыланатын қасиеттер құрлымы деп аталады. Тікелей бақылаудың өзі тағы да заттарды дұрыс қабылдай білу оны өз бетінше тану. Сондықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың құлпырып өзгеруі кеңестікте орналасу жағдайына қарамастан, оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында қабылдаймыз, солай ішкі дүние мен сыртқы құбылыстың ұштасуымен тұлғаның негізгі қасиеттері дамуы қалыптасады. Сондықтан өзіндік таным процесінде нәрселерді айқын қабылдау оларды реттеп отыруға байланысты көптеген өзекті мәселелерді қарастыру біздің басты мақсатымыз.
-
Жеке тұлғаны қалыптастыру проблемасында сыртқы ортадағы өзіндік МЕН-ді дамытуда қолайлы жоғарғы дамыған тұлғалармен араласу керектігін келесі ғалымдар еңбектерінен көруге болады. Ұлы оқытушы, көрнекті тәрбиеші А.С. Макаренко “...ресми қарым қатынаста ең маңызды мәселе болып, талап жоғарлаған сайын оған деген құрмет жоғарлау керек” [80] -деп өз ойын білдіреді. Осы принципке сай күнделікті адамдарды ұйымдастыру және оларға әсер ету жұмысы барысында адамның ерекшелігін, соның ішінде, жеке ерекшелігін ескеруіміз қажет. Егер сізде басқа адамды тану қабілеттілігіңіз жоқ болса, басқа адамның ерекшелігін кездейсоқ аңғара аласыз. Осы сапалық қабылдау қабілетін қалыптастыру үшін сол адамдарды қабылдаудың шетіне емес, ортасына қойып қарастыру керек. Мұның бәрі гипертропияланған “МЕН”, “СЕН”, “БІЗ” бұл елеусіз процесс емес, ол адамдармен қарым-қатынас орнатуға және басқа адамға терең үңілуге жол ашатын процесс. Өзге адамды терең түсіне білу, адамның айналасындағы адамдарға деген қызығушылығынан туындайды. Басқа адамның болмысын түсіне білу, өзге адамдармен толық қанды қатынас, байланыс орнатудың негізгі жолы. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша, өзге «Сенді» өзіндік менін сезіну күші мен сезіну ол көптеген адамдарға тән емес. А.А.Арзуманян кәсіпорын басшыларының психологиясын зерттей келе, келесі қызықты жағдайларды анықтаған: көптеген басшылардың өзге адамға бағытталған танымдық қызығушылығы әлсіз дамыған, ондай адамдардың қызығушылық танымы техникаға, кәсіпорын шығаратын өнімдерге бағытталған; екінші топтағы басшылардың негізгі қызығушылығы өнімдерген қарағанда басқа адамдарды тануға, яғни басшыларын тануыға бағытталған, ондай адамдардың техника, экономика, кәсіпорын шығаратын өнім туралы таным түйсігі дұрыс қалыптаспаған; үшінші топтағы басшылардың танымы, негізінен жұмысшыларға, техникаға өндіріс экномикасына бағытталған; ондай басшылар басқарған мекемелерде өндістік жетістіктер жоғары болған. Сондықтан бізді бұл авторлардың тұжырымдамасы келесі ойға итермелейді: адамның өзіне қоршаған ортаға айналасындағы адамдарға, өзінің жұмыс әрекетіне бағытталған таным қызығушылығының керекті байланыста қалыптастыру - олардың болашақтағы тек қана рухани емес сонымен бірге өндірістік, әлеуметтік жетістіктерге жеткізетіндігі сөзсіз.
Б.Г. Ананьев сөздерінің түп мағнасын былай түсіндіруге болады. Ол өзінің “Человек как предмет познания” еңбегінде біріншіден өзіңді-өзің тани біл және оған тырыс , сол дәрежеде өзге адамды таны, ол қоғамдық адамның сәттілігінің бір кепілі - деп сипаттайды.
Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны тану ойлау қабілеттілігінің өнім туындысы болып саналады. А.А. Брудный өзінің “О смысловых компонентах общения” еңбегінде “.таным тереңдігі - ойлау ерекшелігінің тереңдігіне байланысты” - деп., әрбір адамның танымын ойлау әрекетінің ерекшелігімен байланыстырып қарастырады. Таным психологиясы ойлау түрлеріне байланысты дамиды. Адам баласы қоршаған ортадан әртүрлі бағдарлама алады, көреді, естиді, сезеді, дәм сезеді т.б. хабарлардың барлығы қабылданып, сол бір объект арқылы психологиялық ойлау шеңберінің нәтижесінде таным қалыптасады. Олай болса, танымның тағы бір мәселесі ол ойлау. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып, оларды белгілі бір жүйемен іздестіруді жөн көрдік. Ассоциация психологиясының өкілдері ойлаудың негізгі мақсаты мен қисынды жүйесін тәжірибе жүзінде жаңа ұғымды қолдана отырып, қалайда түсіндіріп беруді қолға алып, өздерінше тырысып бақты. Олар ғылымға қажырлылық/латын тілінде-персеверация-қажырлылық, табандылық/ деген мағынаны білдіреді. Соның көмегімегімен ойлау әрекеттерін ассоциация принциптеріне сүйеніп шешуді мақсат етті. Бұл ұғымның мәнін Н.Б. Шкопоров, В.В. Столин т.б. былай түсіндірген: ассоциация психологтардың айтуынша, біздің санамызда ассоциалық бағытпен бірге, оған қарсы тұратын бағдар да бар. Сол бағдар адам санасында ірге теуіп бекиді. Егер мұндай бағдар өзге бағдармен ығыстырылатын болса, онда олардың өзара байланысты нәтижесінде қажырлық пен табандылық көрсететін бағдар пайда болады. Ассоциация принциптеріне орай, ол бұрынғы өз орнына барып жайғасады деген дәйек келтіреді. Бұл ғалымдардың еңбектері арқылы өзіндік танымды ойлау табандалықпен қажырлылыық арқылы өзіңді - өзің танып, сол қасиеттердің адам бойында қаншалықты дәрежеде кездесетіндігін анықтауға болатындығын көруге болады. Бұл процесті Эббингауз былай деп жазды: Сіз өртеніп жатқан үйдің жабық бөлмесінде қалып қойған адамды көз алдыңызға елестетіңіз және ондай қатерлі жағдайдан құтылу жолын қарастырыңыз. Сол адам осындай қауіпті жағдайда өзін қалай ұстай алар еді?, ол қандай күйде болады? Ондай адамның ойы бір жағынан өкпесі алқынып, өз ойымен өзі әуреленіп далбалақтап жүгіріп келе жатқан ауру адамның кейпін еске түсіреді емес пе?. Ол есігі жабық қалған бөлмеде өрттен құтылу айласын іздестіріп, терезе мен есік арасында ары-бері жүгіріп алақтайды, әлдебір сырттан көмек бола ма екен деп үміттенеді, оған шыдамы жетпесе, онда ол терезеден, қандай хауіпті болса да, сыртқа секіріп түсуге мәжбүр болады. Осындай қауіпті жағдайда оның ойы дегбірсізденіп жай таппай бір нәрседен екінші нәрсеге секірмелі күйге түседі. Ал екінші жағынан алғанда, оның құлқындағы мұндай қауіпті жағдайға қарсы тұратын қажыры мен табандылығы санасына саңлақ түсіріп, денесін қыздырып бара жатқан оттан аман-есен құтылудың айла-шарқын іздейді. Ойлау әрекеті адамда сабырлы сезім тудырып, қауіпті жағдайға қарсы тұрса, онда бұл табандылық пен қажырлылық көрнісі. Біздің сөз етіп отырған мәселемізге қатысты ойлау қасиетінің өзін-өзі тануға әсері, өзін-өзі тану арқылы өзіндегі кейбір жалаң осал тұстарды ойлау арқылы қалыптастыруға болатындығын баяндай келе ойлау процесінің бір жақты немесе бірден туындамай, ол бірте-бірте адам әрекетімен бір қатар зерттелініп, үнемі толықтырылып отырғандығын келесі көзқарастар мен ағымдардан көруге болады.
Ойлау туралы ассоцияция психологиясының негізгі жүйесін сақтап қалу ниетімен соңғы рет теориялық көзқарастың іргесі қаланды. Бұл көзқарасты тұжырымдаған неміс психологі Н.Ах болды. Ахтың ойлауға арналған алғашқы зерттеулерінде ассоцияция мен қажырлылық бағыттары тұрғысынан бұл процеске берген түсініктерді жеткіліксіз деп тапты. Өйткені бұл екі бағыт та ойлаудың ақылмен байланысты болатындығын жете түсіндіре алмады және ассоциациялық байланыстардың өздері де жан-жақты болатындығы ескерілмеді. Соның салдарынан мұндай көзқарастар сәтсіздікке ұшырап, адамның ойлауын зерттеу мынандай үш түрлі арнаға бөлініп кетті.
Оның бір арнасы-қазіргі бихевиоризм. Бұл арна негізінен бұрынғы ілімді жоққа шығарды. Бұл арнаны Д. Уотсон және оның жақтастары негіздеген теорияны басшылыққа алады. Уотсон теориясы мұндай пікірді аяғына дейін жеткізу мақсатымен ассоциациялық және қажырлылық бағыттарын біріктіре отырып, оны байқап көру мен қателесу теориясына әкеп тіреді. Мұндай теория бастапқы кезінде жәндіктердің қылығының шиеленісті жағдайларда қандай болатындығын түсіндіру үшін қолданылған болатын. Бұл теория бойынша жәндіктер психологиясында әр алуан әрекеттер жасауының, әдіс-тәсілдерін байқап көруі мен қателесуі, адамдардың белгілі бір мәселені шешудегі, Эббингуаз айтқандай, болжамы сипатында болып отыратындығын көрсетеді. Ах адам ойлауының ақылды сипатының тірегі неде екенін ашып көрсету ниетімен, оны ерік процесімен ұштастырғысы келді. Ол өзінің алғашқы еңбегі “Ерік әрекеті және ойлау” деп аталатын шығармасында бұл екі процестің арақатынасын ашып көрсетуді мақсат етіп қойды. Ах адамның ерікті әрекетін сол кездегі тәжірибе психологиясындағы қалыптасып, ірге тепкен ассоциация мен қажырлық ағымынан басқа, үшінші бір жаңа бағдар- детерминация байланысы деген пікір айтты. Осы үш түрлі ағымды біріктіріп, Ах адам ойлауының және сыртқы ортаны тануының, оны тани отырып, өз ішкі дүниесін жетілдірудің мәнін түсіндіруге тырысты. Детерминация мәнісі адамда өзге де бағдарлар сияқты жекелеген нәрселердің себепті байланыстары және оның реттеуші күші болады, солар арқылы біздер нәрселерді ассоциация процестері мен саналы түрдегі ерікті әрекетімізбен ойымыздың шашырап кетпеуі үшін оларды сол детерминация күшімен реттеп отырамыз деген пікір айтты.
В.Н.Князев “Тұлғаның таным дәрежесінің дамуы мен қабылдау түрлерінің /мағыналық қабылдау, біріктіріп қабылдау, тікелей бақылап қабылдау/ бәрі де оның сөздерінің мағынасын қаншалықты деңгейде түсіне алуына байланысты” - деп келтіреді.
В.А.Лабунская “...сананың құрлысы мен психикалық қызметтердің барлық түрлерінің дамып жетілуіндегі өзекті мәселесі сананың даму деңгейі. Бұл мәселе тұлғаның әр алуан іс әрекеттері мен ақыл - ойының дамуымен де өзектес екендігін айқын көрсетеді”. Ойлау процесіне қатысты мұндай тұжырымдамалар адам танымының ой арқылы жүзеге асатындығын, әрбір нәрсенің мәніне ой жүгіртіп түсінуге ұмтылатындығынан туындайтынын дәлелдейді. Қалыптағы үйреншікті әрекеттерінен мінез-құлығындағы ерекшеліктерін танып біледі. Мұның бәрі тұлғаның ойлау деңгейінің өсіп жетілуіне қолайлы жағдай тудыратын қажетті факторлар деп білеміз.
Э.Н. Алферова өзінің “Об изменении порогов зрительного узнавания у школьников”- атты еңбегінде адамның даму кезеңдеріндегі ақыл- ойының өсуі мен танымының жетілуі оның ғылым негіздерін қандай деңгейде меңгере білуіне жол ашып береді. Сөйтіп, бала өзінің өмір тәжірибесі мен ішкі жан дүниесінің дамуына да ой жүгіртіп, оны өзі бақылап басқара алатындай қабілетке ие болатыны сөзсіз”-деп адам танымының жетілуіне бірден - бір әсер беретін нәрсе-қоғам, ондағы білім, ғылым көздері екендігіне баса назар аударады.
Келесі ғалымдар А.А. Бодалев, Р.Л. Кричевский, Л.А. Петровская тұлғаның таным процесінің дамып жетілуін өз еңбектерінде былай келтіреді: Тұлғаның дамуы мен таным процесінің жетіліп қалыптасуы ойлау әрекетін жетілдіруде көзделетін жеке сипаттағы мәселелердің бірі- политехникалық оқу мен тәрбиеге икемдеу міндеттері болса, екіншісі-ғылым негіздерін тиянақты меңгертудің әдіс-тәсілдерін психологиялық тұрғыдан негіздеу. Олай болса, мұндай іргелі де ізгі мәселені шешуде баланың ойлау әрекеттерін дамыту, әсіресе оның сөйлеуінің мағыналық жағына жете назар аударып, мүмкіндігінше жетілдіре түсу, жалпы алғанда, баланың іс- әрекетін дамытумен тығыз ұштастырыла отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Психология тұрғысында өзіндік таным процесін тірі заттардың қасиеттері ретінде облысқа бөліп қарастырып отырады. Онда жеке адамдардың өзіне тән ерекшеліктерін зерттейді. Олардың сол ерекшеліктеріне сай, сыртқы сезім мүшелерінің жай-күйі, /көру, есту, иіскеу, тату, сипау сезімдері/ түйсік өткірлігі, ойлау, қиял, сөйлеу т.б. адамның жекелеген қасиеттерін психикалық тұрғыдан зерттеуге арналған. Осы орайда Л.С. Выготскийдің тарихи даму кезеңдерінде адам психикасы өзгеріске түсіп отырады, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын жан-жақты іздестіру қажет деп, өз еңбебінде қамтып кетеді. Психология саласында өзіндік таным процесінде жеке бастың психикасын зерттеу арқылы анықтап оған сипаттама беріп отырады.
Өзіндік танымның философиялық, теологиялық және психологиялық жағына жалпы шолу жасай келе, адам танымы өте күрделі процесс екендігіне көз жеткіздік. Ол ежелден қоғам дауымен бірге өрбіп, сол кезеңге сай әрдайым зерттеліп отырған өзекті мәселелер қатарына жатады. Осы уақытта адам танымын ұғынып, ұрпақты алға қарай жетелейтін, әр адамның жекелеген қасиеттері мен жеке бас ерекшеліктерін ескере келе, оның өзіндік танымының шығармашылық деңгейін өрбітіп педагогикалық тұрғыда тәрбиелеу - ол болашақ ұстаздардың үлесіне тиеді.
В.С. Мерлин бұл дамудың төрт сатысын ұсынады: Өзін өзгелерден бөлектеп, қарастыру, /туғаннан бір жасқа дейін/; “Менін” сезіну, /2-3 жас/- өзін іс әрекет субъектісі ретінде түсіну; Өз-өзін бақылау нәтижелерін сана таразысынан өткізуден шығатын өзінің психикалық қабілеттерін түсіну; Өзін рухани-әлеуметтік тұрғыдан бағалау /жасөспірімдік кезең/. Өзге авторлар бұл сатыларға өзге де процестерді қойды: өзгелердің көзқарастарын өзіне қабылдау,
өзгелердің өзі туралы пікірін сараптау, талаптану деңгейлері мен стандарттарының қалыптасуы, өзін-өзі бақылаудың дамуы, ананың тікелей тәрбиесі мен ықпалынан “босанып”, өзінің отбасының тегін сезінуі, жыныстық және рольдік ерекшеліктерді түйсіне бастауы, келер шақ, өткен шақ, осы шақ туралы ұғымдардың қалыптасуы және т. б.
Бірақ мұнда келтірілген кезеңдік бірізділік бір сатының жүйелі түрде келесі сатыға ілесе өтетіндігін білдірмейді. И.И. Чеснокованың пікірінше, өзін-өзі тануды екі түрлі деңгейде қарастыруға болады: біріншісі-өзін өзгелер тұлғасымен салыстырудың алуан түрлері арқылы тану, яғни оның өзі туралы ұғымының дамуына, кеңеюіне сыртқы ортадан алынған ақпарат негіз болады. /”Мен”-“өзгелер”/. Өзі туралы ақпаратты меңгерумен қатар, осы берілген қоғамда қабылданған нормативтік, эталондық ұғымдарда меңгеру жүзеге асады. Өзін-өзі танудың бұл түрінің басты тәсілдері-өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі қадағалау. Екінші деңгей - белгілі мөлшердегі өз “Мені” туралы қалыптасқан ұғымдардың болуын талап етеді. Бұл деңгейді “өзі туралы білімді аутокомуникация ауқымында /”мен”-“мен”/ меңгеру. Өзін-өзі танудың бұл түрінің әдістері -өзін-өзі сараптау, салалау. Бұл деңгейдің әдістерінің /өз- өзіне ақпарат беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру/ бойынан ерік-жігер компоненті айрықша көрінеді, ол өзі туралы ұғымның одан әрі дамуына кең жол ашылады.
Ғалымдардың көптеген еңбектерінде тұлғаның өзі мен өз әрекеттерінің нәтижесіне деген дұрыс көзқарастарының қалыптасуы, оның жан-жақты дамуы, оның негізділігін, объективтілігін, сәйкестілік секілді жақтарының дамуы тұлғаның өзін-өзі тануының тиімді механизмі екені, тәжірибе негізінде дәлелденген.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
-
Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық қырлары.
-
Өзін-өзі тану, танымдық іс-әрекет түрлері.
-
“Мен” бейнесі мен тұжырымдамаларына сипаттама.
-
Психологиялық дайындықтың тиімділігі педагогтың оқыту
үрдісін ұйымдастыруына сипаттама беріңіз?
-
В. С. Мерлин еңбегі бойынша дамудың төрт сатысына түсінік
беріп, мәнін ашыңыз?
-
Келесі ғалымдар: А.А. Бодалев, Р.Л. Кричевский, Л.А.
Петровская тұлғаның таным процесінің дамып жетілуін өз
еңбектеріне талдау жасаңыз.
№14-дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |