Тақырыбы: «Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру»



бет6/8
Дата18.06.2022
өлшемі304.5 Kb.
#459303
1   2   3   4   5   6   7   8
өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру курстық жұмыс

4-ұсыныс. Қол жеткізу және қабілеттілік мотивациясы.
Қол жеткізуге бағытталған іс әрекет әр адамда сәттілікке жету және сәтсіздіктерден қашық болу мотивтерінің болуын қарастырады. Басқаша айтқанда барлық адамдарда сәттілікке жетуге қызығатын және сәтсіздіктерден қауіптенетін қабілет бар. Бірақ әдетте адамдарда сәттілікке жету мотиві немесе сәтсіздіктерден қауіптену мотиві басымырақ. Негізінде сәттілікке жету мотиві әрекеттік нәтижелі орындалуы мен, ал сәтсіздіктерден қауіптену мотиві-қауіпке берілумен байланысты. Сәттілікке бағытталған адамдар қиындығы жағынан орташа, немесе шамалы жоғарылатылған мақсаттарды таңдайды. Ал сәтсіздіктерге бағытталғандар қатерлі таңдаулар жасайды (өте жоғарылатылған немесе төмендетілген) Сәтсіздікке бағытталған адамдар сәттілікке бағыттталғандарға қарағанда жеңіл және жақсы жатталған біліктер жағдайында (сандарды қосу) жылдамырақ және дәлірек жұмыс істейді. Күрделі тапсырмалар жағдайында- бұл сипат керісінше болады.
Сыныпта барлық қабілеттердің көріністері бар, бірақ орташа қабілеттілердің сәттілікке бағыты жақсырақ. Өте ақылдыларда да, өте аз қабілеттілерде де нәтижеге қол жеткізу ынтасы болмайды, өйткені жарыс жағдайы не "тым жеңіл", не "тым ауыр" болып көрінеді. 
5-ұсыныс. Оқушыға "жаттанды шарасыздық" жағдайдан шығуға қалай көмектесуге болады?
Егер адамның өмірінде сәтсіздіктер көп болса, оның талап қою деңгейі, өзін өзі бағалау көрсеткіші төмен болады. Адам сәтсіздікке бағытталған, ол шарасыздық жағдайында тұр. Бұндай жағдай "жаттанды шарасыздық" деген атауға ие болды.
Мұғалім оқушыға бұл жағдайдан шығуға қалай көмектесе алады? 
Зерттеулер көбінесе сәтсіздіктің 4 түрі анықталатынын көрсетті: қабілеттің болмауы; тапсырманың қиындығы; сәтсіздік; әрекеттің жеткіліксіздігі. Оқушының сәтсіздігі кезіндегі мұғалімнің көмегінің ең жақсысы оның (оқушының) әрекетінің жеткіліксіздігі нәтижесінде екенін түсіндіру. 
6-ұсыныс. Сабақтың эмоционалдығы - ынталандыру ма, әлде зиян ба?
Әрекеттің жемістілігі (жағымды мотивациясы болса да) бұл әрекетті сүйемелдейтін эмоция күшіне байланысты екенін ұмытпау керек. Егер де тапсырманың қиындығы сабақтың эмоциялылығына сәйкес болса, оқушылардың оқу тапсырмасына деген әрекет қатынасы дұрыс болады.
Мысалы, жаратылыстану, математика сабақтарында жоғары эмоционалдық тиімді фактор болып табылмайды. Ал орыс тілі, әдебиеті сабақтарында керісінше жоғары эмоционалдық тиімді фактор болып табылады; тек қана қиын және күрделі тақырып жағдайында эмоция қуатының төмендетілуіне рұқсат етіледі. 
7-ұсыныс. Білуге құштарлық және танымдық қызығушылық.
Жағымды ынтаны дамыту үшін әрекеттің ерте деңгейі-танымдық қызығушылық арқылы әсер етуге болады. Бұл қажеттіліктің алғашқы бастауыш деңгейі-бұл сезінулер қажеттілігі. Бұл деңгейде индивид стимулдың жаңашылдығына әсер етеді. Бұл танымдық әрекеттің негізі.
Келесі деңгей -білім қажеттілігі (білуге құштарлық). Бұл пәнге қызығушылық, оны үйрнуге бейімділік. Бірақ танымдық қажеттілік білуге құштарлық деңгейінде табиғи-эмоционалдық сипатта болады.
Жоғары деңгейде танымдық қажеттілік мақсатқа бағытталған сипатта болады. Оқыту үрдісінде мұғалімге оқушының танымдық қажеттілігін есепке алып, дамытып отыруы маңызды, төменгі сыныптарда - білуге құштарлық, жоғарғы сыныптарда - шығармашылық әрекет қажеттілігі.
8-ұсыныс. Мұғалімнің сынып пен қарым-қатынасы және оқу мотивациясы.
Егер де мұғалімнің белгілі бір сыныппен ара қатынасы қалыптаспаса, оқу мотивациясының дамуы мүмкін емес. Бұл жағдайды жою үшін: Материалды беру формасының балалардың оқу қабілеттерінің дамуымен сәйкестігін анықтау қажет. (деңгейдің жоғарылануымен қатар төмендетілуі де зиянды).
Материалдың сәтті меңгерілуінің шарттары (сыныптағы тиімді психологиялық климат). Мұғалімнің сынып лидерімен ара қатынасы, "мұғалім-лидер" қарым-қатынасының сыныптағы атмосфераға әсері. 
Сонымен қорытындылай айтсақ, әртүрлі авторлардың мотивация түсінігіне берген анықтамаларына сүйене отырып, оқу мотивациясы дегеніміз - адамды білім алуға итермелейтін, жалпы бағыт - бағдар беретін, адам мінезіне энергетикалық импульстер беретін, психикалық үрдістер жиынтығы екенін анықтадық. [17]
Мотивацияның ережелері :
-Үйренушілерде білімге деген қажеттілік тудыру, оның беретін пайдасы туралы пікірлесу («Бұл маған не береді? Пайдасы қандай?») 
-Әр үйренушінің білім игеру ісіне деген жеке жауапкершілігін қамтамасыздандыруға ұмтылу. 
-Үйренушілердің қызығушылығын тудырып, оны үнемі қолдап, қыздырып отыру керек. 
-Сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Әр сабақ прагматикалық (пайда тұрғысынан) сипат алуы керек. 
-Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап, қолдап отыру керек. 
-Үйренушілер бір-бірімен жарыспай, оларда өзімен-өзі жарысу сезімін қалыптастыруға ұмтылу керек. 
-Жүргізуші (мұғалім, оқытушы) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі керек. 
-Әр үйренушінің жеке мотивтерін айқындау (үйренушінің «Бұл тақырып мен үшін неліктен қызықты әрі пайдалы?», «Мен неліктен осы сабаққа белсене қатысудамын?», «Бұл сабақтан мен не аламын?» сияқты сұрақтарға жауаптары). 
-Сабақ барысында тұлға аралық қатынастардың дамуына ықпал жасау. 
-Таңдауды әрқашан да үйренушілердің өздері жасаған жөн. 
Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері. 
- Қызықты бір оқиғаны сипаттап беріңіз. 
-Қандай да бір талқыланған мәселе бойынша үйренушілердің пікірін білу үшін олардың қол көтеріп, дауыс беруін (жақтап немесе қарсы шығып) сұраңыз. 
- Сұрақ қойыңыз. 
-Уәде беріңіз. 
-Үйренушілерді күлдіріңіз. 
-Даулы немесе басқалардың көзқарасына қарама-қарсы пікір айтыңыз. 
-Әдеттен тыс мәліметтер келтіріңіз. 
-Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдарды қолданыңыз. 
-Өз өміріңізден немесе кәсіби тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз. 
-Оқушылардың шешімін қажет ететін проблемалық ситуацияны суреттеңіз. 
Қызығушылық келесі әрекеттерден бәсеңдейді 
-Мұғалім өзін оқушыдан тысқары ұстаса. 
-Мұғалім оқушыларды бәсеңді (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап, оларды сол күйде қалдырса. 
-Мұғалім өз ұсыныстарының (идеяларының) оқушылар үшін міндетті түрде қажетті болады деген ойы мен пікірі. 
-Мұғалімнің оқушыға сын айтуы, олардың кемшіліктерін бетіне басуы. 
-Оқушылардың мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бере алмай, өздерін дым білмес ретінде сезінуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет