Тақырыбы: «Перифериялық қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары» (1 когнитивті деңгей) Артериялық гиперемияның себептері


Тақырыбы: «Перифериялық қанайналым жәнемикроциркуляция бұзылыстары»



бет4/113
Дата17.11.2023
өлшемі6.13 Mb.
#483540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
все базы 3

Тақырыбы: «Перифериялық қанайналым жәнемикроциркуляция бұзылыстары»
(3когнитивті деңгей)


Қантты диабеттің 1 типімен ауыратын науқастың көз түбін тексергенде микротамырлардың қалыңдауы, микроаневризмалар, тамыр қабырғаларында микротромбтар, микрогеморрагиялар анықталды. Науқаста микроциркуляция бұзылысының қайсы типтік түрі байқалады:
A.васкулярлық бұзылыстар
B. интраваскулярлық бұзылыстар
C. экстраваскулярлық бұзылыстар
D. қанның реологиялық қасиетінің бұзылыстары
E. интерстициалық сұйықтықтың периваскулярлық тасымалдануының өзгеруі
ANSWER:A
56-жастағы ер адамда күшті психоэмоциялық күйзелістен кейін кенеттен жүрек тұсының, сол қолына берілетін ауыру сезімі пайда болған. Нитроглицеринді қабылдағаннан кейін 10 минуттан соң ауыруы басылған.Осы типтік патологиялық процесс дамуының басты тізбегін атаңыз:
A.коронарлық тамырлардыңспазмы
B. коронарлық тамырлардыңқысылуы
C. коронарлық артериялардыңоблитерациясы
D. коронарлық артериялардыңвазодилатациясы
E. атеросклероздық түйінмен коронарлық тамырлардыңобтурациясы
ANSWER:A
Айқын асцит дамыған науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты алу үшін пункция жасалған. Бұл шараның 15-інші минутында 5 л сұйықтықты алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке және жүрегінің айнуына шағымданады. Тағы 1,5 л сұйықтықты шығарғанда науқас есінен танып қалды. Осы жағдайдың негізінде перифериялық қанайналым бұзылысының қайсы типтік түрі жатыр:
A. мидың артериялық гиперемиясы
B. мидың веналық гиперемиясы
C. мидың ишемиясы
D. мидың тромбозы
E. эмболия
ANSWER:C
Ұшақпен 10000 м биіктікке көтерілгенде кабинаның герметизациясы бұзылған, ұшқыш маска арқылы дем алғанымен жағдайы нашарлап шұғыл қонуға мәжбүр болған. Оттегімен тыныс алудың тиімсіз болуы байланысты:
A.мида ишемия дамуымен
B. газдық эмболия дамуымен
C. мида артериялықгиперемия дамуымен
D. ауалықэмболия дамуымен
E. тромбоэмболия дамуымен
ANSWER:B
Жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқасты тексергенде қанның тұтқырлығының жоғарылауы байқалған. Эритроциттердің агрегаты тығыз орналасқан, мөлшері әртүрлі, дөңгелектенген. Науқаста дамыған микроциркуляция бұзылысының типтік түрін атаңыз:
A.сладжтың аморфты типі
B. сладжтың билиарлы типі
C. сладжтың классикалық типі
D. сладжтың декстранды типі
E. сладжтың гранула тәрізді типі
ANSWER: D

Қабыну – бұл:
A. ауру алды жағдай
B. нозологиялық бірлік
C. патологиялық реакция
D. патологиялық жағдай
E. біртектес дерттік үдеріс
ANSWER: E


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет