Тақырыбы: «Перифериялық қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары» (1 когнитивті деңгей) Артериялық гиперемияның себептері


Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Апоптоз



бет49/113
Дата17.11.2023
өлшемі6.13 Mb.
#483540
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113
все базы 3

Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Апоптоз.
Зақымдануға организмнің жалпы реакциясы»
(1 когнитивті деңгей)


Генетикалық бағдарламаның өзгеруі салдарынан жасушаның зақымдануы байқалады:
A. қалыпты гендердің репрессиясында
B. ДНҚ репарация гендерінің экспрессиясында
C. патологиялық гендердің тежелуі кезінде
D. субклеткалық органеллалар өзгергенде
E. тотығу жәнефосфорилдену ажырауында
ANSWER: A
Жасуша зақымдануының эндогендік себептеріне жатады:
A. вирустар
B. иммундық кешендер
C. механикалық ықпалдар
D. ауыр металлдар тұздары
E. электромагниттік толқындар
ANSWER: B
Жасушада иондалған кальцийдің тым артық жиналуынан қорғайды:
A. ядро
B. лизосома
C. рибосома
D. цитоплазмалық мембрана
E. саркоплазмалықретикулум
ANSWER:E
Липидтердің асқын тотығуының белсендірілуі ықпал етеді:
A. Д- гипервитаминозға
B. каталаза белсенділігінің артуына
C. өзгерімді валенттілігі бар металлдардың жоғарылауына
D. супероксиддисмутаза белсенділігінің артуына
E. альфа-токоферролдың артуына
ANSWER: C
Жасушалар мембараналарының өткізгіштігінің артуы әкеледі:
A. жасушалардан натрийдің шығуына
B. жасуша ішілік калийдің жоғарылауына
C. жасуша ішілік кальцийдің азаюына
D. жасуша ішілік оттегінің жоғарылауына
E. жасушалардан ферментетрдің шығуына және гиперферментемияға
ANSWER: E
Жасушаның рецепторлық аппаратының бұзылыстарын туындата алатын процестерді атаңыз:
A. кальмодулин активациялануы
B. гуанилатциклазаның активациясы
C. мембрана байланыстыратын фосфолипазалардың активациясы
D. антиоксиданттық жүйенің активациясы
E. жасушада калийдің жиналуы
ANSWER:C
Жіті жасуша зақымдануының бірінші сатысын атаңыз:
A. некроз
B. некробиоз
C. паранекроз
D. жасушаның бейспецификалық реакциясы
E. біріншілікті спецификалық әсер ету
ANSWER: E


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет