Эндогендік мутагендерге жатады: A. бос радикалдар
B. алкилдеуші агенттер
C. ультра күлгін сәулелер
D. иондаушы радиациялар
E. микроорганизмдердің антигендері
ANSWER:A
Ұрпаққа берілмейтін тұқым қуатын аурулар: A. гендік
B. геномдық
C. хромосомдық
D. гипогенитальді
E. жартылай доминантты
ANSWER:D
Тақырыбы: «Жалпы патогенез. Организм реактивтілігініңжәне тұқымқуалаушылығының патологиядағы рөлі» (2 когнитивті деңгей)
Аллергиялық аурулар кезіндегі аллергиялық антиденелер, сенсибилизацияланған лимфоциттер және аллергиялық медиаторлардың түзілуі мен әсер етуі - бұл осының мысалы: A. патогенездің басты тізбегінің
B. патогенездегі кері айналып соғу шеңберінің
C. патогенездегі себеп-салдарлық қатынастардың
D. патогенез дамуындағы ынталандырушы механизмнің
E. патогенездегі адаптациялық реакциялардың қосылуының
ANSWER:A
Жылулық соққы кезінде дене температурасының жоғарылауынан нерв-бұлшықеттік қозымдылық артады, салдарынан тырысулар және жиырылулық термогенез күшейеді. Соңғысы температура көтерілуіне ықпал етеді және нерв орталықтары мен бұлшықеттердің қозымдылығын арттырады. Бұл: A. процесстердің генерализациясы
B. патогенездің басты тізбегі
C. кері айналып соғу шеңбері
D. патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдері
E. патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастары
ANSWER: C
Күшті ауыру сезімі (өтте-тас ауруы, тіс ауруы кезіндегі) артериялық қысымның құбылуын, жүрек қағысының, тыныс алудың өзгеруін туындатады – бұл осының мысалы: A. патогенездің басты тізбегінің
B. патогенездің кері айналып соғу шеңберінің
C. патогенездің себеп-салдарлық арақатынастарының
D. патогенездегі жергілікті және жалпы процесстердің арақатынастарының
E. патогенездегі спецификалық және бейспецификалық механизмдердің
ANSWER:D
Науқас П., 82 жаста, әлсіздікке, бұлшықеттерінің ауыратынына шағымданады. Науқас жүдеу, терісі құрғақ, дене температурасы 35,9ºС. Тексергенде өкпенің солжақ төменгі бөлігінің пневмониясы анықталған. Науқастағы аурудың симптомдарының айқын емес болуы реактивтіліктің қай түрін көрінісі: A. түрлік реактивтіліктің
B. топтық реактивтіліктің
C. биологиялық реактивтіліктің
D. спецификалық реактивтіліктің
E. даралық реактивтіліктің
ANSWER: B