2.2 Оқушылардың өзара қарым-қатынасын дамытуға бағытталған ойындар жинағы
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мен шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады, қазіргі мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі –өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.
Оқушы қоғамның болашағы, сондықтан, ол өз жаратылысының, қабілеті мен мүмкіндіктерін тек мектеп қабырғасында басқалармен қарым- қатынас үстінде ғана дамыта алады. Демек, жеке оқушының басты белгілері болып табылатын оның мінез- құлқы, басқа оқушыларға, табиғатқа қатынасы, оның қажеті мен қанағаттандыру тәсілдері, оқушының болмысы, білім алуы, өзіндей оқушылармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады. Баланың айналасындағы дамадардың мінез- құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша маңыз береді; баланың ізгі- құлықты болуы үшін оның маңайындағы оқушылар, ата-ана, туған-туысқандары өздері ізгі-құлықты болуға тиісті.
Өзін-өзі білуі мен өзіне- өзінің қатынасының деңгейлерінің арасындағы бұл қарама- қайшылық оқушыларға кейінгі ересек жаста да жалғасады деуге негіз бар. Оқушылар арасындағы өзара қарым- қатынас арқылы бір – біріне ойын жеткізеді, пікір алысады. Өмір тәжірибесі, іс- әрекеті, ой- пайымдары дамиды. Өзара қарым – қатынас жасау арқылы бір – бірін түсініп, мінез- құлқындағы ұнамды қасиеттерін қалыптастырады. Кез – келген зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесін шығару үшін оқушылардың даралық ерекшеліктері мен санасына, оларға талап қоюмен бірге қамқорлық та көрсетіп отыру керек. Сонда ғана алға қойылған істерді сыныптың орындауы тиімді де нәтижелі болады. Оқушылардың бір-бірімен тілдесіп қарым- қатынас жасауының күрделенуі мен маңызының артуы, мәселен.і шешіп отыру, сынып оқушыларының көпшілікпен тіл табысып, олармен қарым- қатынас орнату біліктілігіне байланысты.
Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әректтегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым- қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйксіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым- қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.
«Ғұмыр бойғы білім» идеясының түп тамыры халық педагогикасыныңда жатыр. Кез келген халықтың әдет- ғұрпын, ұғым- сенімін, дүниеге көзқарасын білдіретін ертегілері мен аңыздарында, мақал- мәтелдерінде, мысалы қазақ халқының «Ой түбі – алтын, ойлай берсең аларсың», «Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Оқу біткен жерде ой да бітеді» тағы сол сияқты зерделі сөздерінде халықтың рухани өмірінің мәні көрініс табады. Шығыста – Әл Фарабидің, Ежелгі Грецияда – Платонның, Қытайда – Конфуцийдің, Чекославакияда – Коменскийдің, кең байтақ қазақ жерінде – Абайдың тағы басқа ұлы ойшылдар, әйгілі білім қайраткерлерінің «ғұмырлық білімге» деген көзқарастары бірдей болатын адамзкатқа білім беруде адамның жан- жақты дамуына қолайлы жағдай жасайтын мәселеге басты назар аудару.
Ересек оқушының бір немесе бірнеше саладағы белгілі көлем мен деңгейдегі жалпы және кәсіби білімі, өмірлік тәжірибесі, кез- келген жаңа ақпаратты сыннан өткізіп, бағалау тәжірибесі, ұсынылған материалды талдау, меңгеру тәжірибесі, өзінің барлық тұрғыдан қорғай алатын; мұрат – мүддесі, қажеттілігі мен қызығушылығы айқын; рухани , құқықтық және әлеуметтік жауапкершіліктері бар; өзінің кәсіби деңгейін жаңа талаптарға сәйкес жетілдіру қажеттігің ұғынады, мәселені шешуге тырысады.
Педагогикалық қарым – қатынас субьектілері – жетілген ересек адамдардың жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым – қатынасты ұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік , психологиялықмәдениетінің жоғары болуын ғана емес , тұлғалық кемелденуін де талап етеді. Бұл ересектердің оқытушысының педагогикадағы әрекетінің міндеттері жағынан өзгеше, жаңа мамандық иесі екенін көрсетеді.Әдістеме қосымша білім беру жағдайында жүзеге асатын бірін – бірі толықтыратын, бір – бірімен тығыз байланысты төрт кезеңдерден ( аналитикалық; болжамдық; ұйымдастыру – тәжірибелік; бағалау – түзетулер енгізу) тұрады.
Әрбір кезеңнің барлық педагогикалық қарым – қатынас субьектілерінің бірлескен іс – әрекеті арқылы шешілетін мақсаты мен нақты міндеттері бар. Аналитикалық кезеңде ересек оқушылардың қосымша білім алу мотивациясы (уәждемесі) , мақсаттары, коммуникативтік қажеттіліктері айқындалды.Себебі, ересек адамның педагогикалық қарым – қатынас барысында субьектілік дамуы туралы айтқанда осы үдерістің қозғаушы күші қарама – қайшылықтар дейміз.Ересектер арасындағы педагогикалық қарым – қактынастағы қарама – қайшылықтың негізгі мазмұны – жеке тұлғаның тілегі, қажеттілігі мен оларды жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктер арасындағы қарама – қайшылықтар. Ересек адамның сапалық өзгерісіне әкелетін қарама – қайшылықты шешу үшін қажетті жағдайлар жасау зерттеліп отырған үдерісті жетілдіреді деп қорыттық. Сол себепті болжамдық кезең аналитикалық кезеңде жинақталып, талданған диагностикалық мәліметтер негізінде зерттеліп отырған үдерістің даму «стратегиясын» айқындау үшін маңызды болып табылады.
Ұйымдастыру – тәжірибелік кезеңде ересек адамдардың педагогикалық қарым – қатынастағы рөлдік ұстанымдарына сәйкес өзара түсінісуі , ақпаратпен алмасуы, ортақ мақсатқа бағытталған бірлескен іс –әрекеті ұйымдастырылады. Өзара психологиялық ұқсамайтын қарым – қатынас субьектілерінің әрекеттесуі күрделі болып табылатынын ескере отырып, ересек адамдардың өзара түсінісуі.
Әрбір ересек оқушының тілегі, қажеттілігі мен оларды жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктер арасындағы қарама – қайшылықты шешуге бағытталған жұмыстың нәтижесінде ересек оқушылардың өз мақсаттары мен іс – әрекеттерін қарым – қатынастағы серіктестерінің мақсаттарымен, іс – әректтерімен үйлестіру қабілеттері, ынталары, дағдылары жетілді. Ұжымдық субьектінің өз құрамында конфликтісіз келісіп, өзара түсінісу, өзара тиімді ықпал жасау мүмкіндігі дамыды, жеке мүмкіндіктер спектрі кеңее түсті. Ең бастысы ересек адамдкардың өзара қарым – қатынаспен қанағаттануы нәтижесінде қазақ тілінде коммуникативтік құзіреттілігін үздіксіз дамытуға бағыттылықтары қалыптасып, ынталары артты.
Өзара әрекет барысында туындайтын оқытушы мен ересек оқушы арасындағы аттракция педагогикалық қарым – қатынас құрамындағы барлық компоненттер көрсеткіштерінің дамуына ықпал жасайтын маңызды фактор екені және ол көптеген тәсілдермен: орынды мақтау айту, тыңдай білу, обьектіге деген сыйластық сезім, позитпвті вербалды емес белгілермен ынталанатыны зерттеу барысында дәлелдене түсті.
Оқушылардың өзара қарым – қатынас проблемасы қазіргі заманда педагогикалық – психологиялық ғылымда алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Осы проблеманы теориялық тұрғыдан зерттеу педаго – психологтарға практикада пайда болатын проблемаларды игеруге көмектеседі.Оқу – тәрбие процесінде табиғи жағдайда оқушылардың өзара қарым – қатынас жағдайларын анықтау үшін екі негізгі әдіс арқылы жүргізілетін жағдаяттар пайдаланылады;
Қарым – қатынас орнату сабақтары, жаттығулар;
Психологиялық тренингтер.
Бүгінгі таңда қарым – қатынастағы құзырлылықтың дамуы әлеуметтік – психологиялық тренингтер аясында ойдағыдай шешілуде Бұл әдістің ерекшелігі сонда, ол топтық сипатта болады.
Психологиялық тренинг отбасылық қатынасты түзету тәжірибесінде, жасөспірімдерді бейімдеуде өзін жақсы жағынан көрсетті. Нақты және зертханалық эксперименттердің элементтерін өзіне біріктіре отыра, қарым – қатынас біліктілігінің саласында кең көлемдегі міндеттерді шешетін тренингтер психологиялық ықпал етудің тиімді құралы болып табылады. Тренингтің дәстүрлі оқытудан өзгешелігі – негізін қалаушы принциптертердің болуы.
Психолог осыны ұстануы қажет. Тренингтің дәстүрлі оқыту әдістерінен сапа жағынан айырмашылығы ұстанымдардың жүйелі түрде жүзеге асырылуы болып табылады.
Топтағы қарым – қатынастың ұстанымдары:
«Қазір және осы жерде» ұстанымын талқылау;
Теңдік және ынтамақтастық;
Топта болған жағдайды, қоршаған адамдар білмеу қажет;
Қатысушының әрқайсысы, серіктесінің артына тығылмай белсенді болуы қажет;
Серіктесіңіздің жеке тұлғасын емес, іс-әрекетін сынға алыңыз.
Пікірлер қысқа әрі нақты және қозғалып отырған мәселеге байланысты болуы қажет.
Мәселені талқылау барысында әрбір қатысушы егер қажет деп тапса, «тоқта» деп айта алады.
Топтың жұмыс тәртібін, сондай-ақ жаттығулардың орындалу уақытын сақтау қажет.
Тренингтің мақсаты:
Өзін-өзі тану, өзін түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
Ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, ойдың өзгешелігін дамыту;
Ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
Қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
Өзінің жеке өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
Коммуникациялық дағдыны дамыту, қарым-қатынастың әртүрлі әдіс, тәсілдерін меңгеру;
Өзі туралы, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
Көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Қарым-қатынас нәтижесінің ерекшелігі әркімнің қайталанбас даралығын сақтауда субъективтілердің біріккен күштерімен тұтастыққа жету болып саналады, яғни топтық субъектілердің шығармашыл қарым-қатынасын қалыптастыру. Тренингтер оқушының әлеуетін ашады, өзін-өзі құрметтеуіне ықпал етеді, өзінің және өзгенің даралығын бағалауға үйретеді. Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қай-нар көзін ашып,оны тұлғалық тұғырға көтеру
Шығармашылық - тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатын дығы ғылымда дәлелденген. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім - білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагоги калықтехнологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр
Шығармашылық барлық адамда болуға тиісті сапа. Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалым Н.Роджерстің әр адам бала кезінен бастап «Сен мынаны дұрыс жасамадың!», «Бұл қате!», «Олай емес!»деген сынау сөздерді көп естиді.Кейде тіпті жаза да қолданып жатады. Адамдардың өз бойында ғы, «ол менің ісім емес» деген сенімсіздік осыдан басталады екен. Осы пікір саналы адамның баршасына ой саларлықтай.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мыналарды жатқызуға болады.
1. Шығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау.(топтау, бақылау, қалыптастыру)
2. Қызығушылық жәнешығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4.Шығармашылық қабілетін тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама- қайшылықтарды есепке алып, зерттеу.
5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
6. Шығармашылық қабілеттердітәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау
7. Мұғалім өз ісінеізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады. Бастауыш класс оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.
Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеудегі маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» - деген екен. Ендеше, оқыту ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.Сондай-ақ оқушы шығармашылығын дамытуғанегізделген әдіс - тәсілдерді тек сабақта ғана емес, кластан тыс жұмыстарда үнемі қолданып отырса, сонда ғана көздеген нәтижеге қол жетері сөзсіз
Оқушы шығармашылығын дамытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ойәрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру қажет. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыра тын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Шығармашылық тұлғаны дамытуды ең алдымен шығармашылық ойлаудан бастау керек. Ал шығармашылық ойлауды дамыту үшін не істеу керек? Ол үшін әр түрлі жаңа технологияларды сабақта үнемі пайдалана отырып, жаңа нәтижеге жету қажет. Шығармашылық ойлауды дамытуға жетелейтін тапсырмалар жаңа буын оқулықтарында орын алған. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін осы тапсырмаларды түрлендіріп және жаңа технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын үнемі іздестіріп отырамын. Мысалы, Ана тілі оқулығындаС. Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңін өткен кезде ТРИЗ бағдарламасы бойынша бақылау сұрақтарын пайдалана отырып «Туған жер» тақырыбында шығарма жұмысын алдым.
1. Туған жер деген сөзді естігенде сен қандай сезімде боласың?
2. Көз алдыңа нелер елестейді?
3. Мұрныңа қандай иіс келгендей болады?
4. Туған жеріңе қандай жақсылықтар жасағың келеді?
Бақылау сұрақтарын түрлендіре отырып түрлі тақырыпта ертегілер жазғыздым. Оқушылар бақылау сұрақтары арқылы өз ойларын еркін, бүкпесіз жеткізе білді.
Оқу мен жазу арқылысын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы да оқушыны шығармашылдыққа жетелейді. Оның «Синквейн», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Ассоциация» т.б. әдістерін пайдаланып отырамын. Ал «Ақыл-ой Одиссеясы» технологиясы да оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлес қосады.
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасатындықтан, ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі маңызды рөл атқарады. «Ақыл-ой Одиссеясы» бағдарламасының теориялық негізі ретінде жоғарыда аталған әлемдік деңгейдегі ғалымдардың тұжырымдамаларымен бірге Д. Гилфорд, Е. Торренс, А. Осборн сияқты шығармашылық теориясын жасаған ғалымдар еңбегі алынады. Бағдарламаның құрылымы 2 бөлімнен тұрады. 1. Лезде шешілетін тапсырмалар. 2. Ұзақ мерзімді тапсырмалар. Лезде шешілетінтапсырмаларды тілдік, яғни сөзбен айтуға, тілмен жеткізуге арналған, манипуляциялық (заттарды құрастыру) және аралас (сөзбен әрі іспен, әрекетпен шешу) болып үшке бөлінеді.Лезде шешілетін тапсырмалар мен ұзақ мерзімді тапсырмалардытүрлендіре отырып,әсіресе тіл сабақтарында қолданған өте қолайлы.Осындай тапсырмаларды қазақ тілінен сөз таптарын өткенде былайша қолдандым. Сын есім тақырыбын өткен кезде ауызша тез арада қызықты ертегі құрастырдық.Әр оқушы оқиға желісін байланыстыра отырып бір сөйлемнен құрастыруы тиіс және ол сөйлемдердің ішіне сын есімді қатыстыруы керек. Мысалы, «Ертеде бір қызыл түлкі болыпты. Бірде ол серуендеп келе жатса, аддынан аппақ көжек шыға келіпті. Түлкі одан: -Сенің тоның өткенде ғана сұр сияқты еді ғой,-деп сұрапты. Көжек оған өзінің сиқыршы көжек екенін айтыпты. Қызыл түлкі одан қорқып тиіспей кетіп қалыпты. Тапқыр көжек осылайша аман құтылыпты» деген ертегі құрап шығарды.Бұлайша шапшаң ертегі құрастыру оқушылардың ертегі құрауға деген қызығушылықтарын арттырды. Қорыта айтқанда , жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және кластан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |