Бақылау тәсілін пайдалану – реабилитация жемісін байқау. Реабилитация тек ауру салдарынан жарамсыз болған дене мүшесін толық білгенде ғана тиімді болады, бұл үшін науқасты жете тексеру қажет. осы мақсатта арнаулы диагностик қолданылады, ол мынадай бөліктен тұрады:
а) медициналық диагностика
б) функционалды диагностика
в) методиагностика
г) психодиагностика
Медициналық диагностиканы дәрігер анықтайды: ауру жағдайын, сұрау, анамнез, қарау, пальпация, перкуссия, тыңдау, лабораторлық анамнез қорытындысы.
Функционалды жағдай электрокардиография, фонокардиография, спирография, электромиография арқылы тексеріледі. Мотодиагностика аурудың қозғалу қабілетін, тұрмысқа бейімділігін бұлшықетті тексеріп анықтайды.
Эксперименталды психология тексеруді психолог жүргізеді. Психолог психиканың өзгеруін, есте сақтау қабілетін, ойлау, зейін қоюын анықтайды, және қолданылған реабилитациялық емдеу әсерін болжайды.
Медициналық және физикалық реабилитацияның құралдары.
Реабилитациялық емдеу құралдарына психотерапевтік әсер, медикаментозды түзету, ЛФК (кинезотерапия), физиотерапия, уқалау, еңбектерапиясы, курортты-санаториялық ем, музыкатерапия, физикалық реабилитациясына дене шынықтыру, қимыл-қозғалыс зор әсер етеді.
Физикалық реабилитациясына белсенді (актив), белсенсіз (пассив) және психореттеуші үш топ жатады.
Белсендіге дене шынықтырудың барлық түрі: әр түрлі жаттығулар, спорт элементтері мен спорт дайындығы, жаяу жүру, жүгіру, тренажермен жаттығу, хореотерапия, еңбек терапиясы жатады.
Белсенсіз реабилитация шарасына уқалау, мануалды терапия, физиотерапия мен табиғи факторлар кіреді.
Психореттеушіге – аутогенді терапиялы жаттығу, бұлшықетті дамыту т.б. кіреді.
Әдебиеттер:
Мейірбике ісі: іскерлік тәртіп. Оқу құралы Г.К.Котельников ред басылған. н\Д Ростов: Феникс, 2007-698 б.
Физикалық реабилитация: ВУЗ студенттеріне кітап жалпы редакция Проф. С.Н. Попова. Ростов на Дону Феникс, 2006-608 б.
Козлова Л.В. Козлов С.А., Семененко Л.А. Медицина колледждеріне арналған реабилитация негізі: оқу құралы – Ростов н\Д. Феникс,2007-475 б.
Достарыңызбен бөлісу: |