Тақырыбы: Термодинамиканың бірінші және екінші заңдары



бет6/7
Дата02.01.2022
өлшемі476.82 Kb.
#454045
1   2   3   4   5   6   7
Берікбай М.М.,Сағындықова А.Б. Х-31 тобы физхимия срсп-1

Бірінші салдар. Кейбір химиялық қосылыстың айрылуының жылу эффектісі оның түзілу жылу эффектісіне тең, тек таңбасы қарама-қарсы. (Мұны Лавуазье-Лаплас (1780-1784) заңы деп атайды.).

 Мысалы, кальций оксидінің металдық кальций және оттектен түзілу жылуы мынаған тең:

Са + 1/2О2 = СаО + 636,4 кДж

 

1 моль кальций оксидін кальций мен оттекке ыдырату үшін 636,4 кДж жұмсау керек:

СаО = Са + 1/2 О2 – 636,4 кДж

 

Екінші салдар. Егер әр түрлі бастапқы күйлерден бірдей соңғы күйге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы бастапқы күйлердің бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең.

Мысалы, өте таза көмір, графит және алмаз көміртек (IV) оксидіне дейін жанғанда 1 моль көміртек үшін мынадай жылу эффектілері пайда болады:

Скөмір + О2 = СО2 + 409,2 кДж

Сграфит + О2 = СО2 + 393,5 кДж

Салмаз + О2 = СО2 + 395,4 кДж



.

Үшінші салдар. Бірдей бастапқы күй-жағдайда әр түрлі соңғы күйлерге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы соңғы күй-жағдайлардың бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең.

 

С + О2 = СО2 + 409,2 кДж



 

СО + 1/2О2 = СО2 = СО2 + 284,9 кДж





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет