Сұлтанмахмұт : Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді Алашты ешкімнің,
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды, Алаш, өлмейміз.
Жасасын,Алаш,жасасын!
Күнтізбе №4 Енді Ұлы Отан соғысы жылдарына тоқталайық. 1941-1945 ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста жеңіс жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.Олардың қатарында Жұмағали Қалдығараев, Мәди Бегеновтер сияқты даңқты жерлестеріміз бар.
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты баланы.
Күнтізбе №5 1986 ж. желтоқсаны.Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына еріккеннен шыққан жоқ, алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл кеңес еліне таратылды. Желтоқсан құрбандары-Ербол, Қайрат, Ләзат сынды аға-апаларымздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
( Желтоқсан оқиғасы жайлы слайд көрсетіледі) С.Тұрысбековтің«Көңіл толқыны» күйі тыңдатылады. Оқушы: Қасқалдақ ұшып көлінен Қара көз қазақ қыздарын
Шүрегей келіп қонған күн ОМОН-дар бастан тепкен күн
Қыранды қуып көгінен Қариялар итке таланып
Қарғалар билік алған күн Ер басын күрек шапқан күн
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп, Аппақ қар қанға боянып
Қазақққа күйе жаққан күн Қып-қызыл мұз боп жатқан күн
Базары кетіп бір күнде Қайғы езіп елдің еңсесін
Қайғыға халық батқан күн Жан шыдау жанын батқан күн
Қақаған қыстың ызғары Енді қайтып келмесін
Сүйектен өтіп кеткен күн Сол бір қарғыс атқан күн
Мұғалім: Қазақстан – қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті,