Несепағар Несепағар (ureter) — жұп мүше, 30-35 см, диаметрі 8 мм болатын бүйрек қуысы мен қуықты жалғайтын ұзын түтік. Несепағардың ішкі бөлігі (pars abdominalis) үлкен бел бұлшықетінен алдыңғы бетімен кіші жамбасқа өтеді, жамбас бөлімі (pars pelvica) жамбастың шектелген сызығы арқылы алға, медиалді және төмен, мүшенің интрамуральды бөлігін (pars intramuralis) жасай қуық түбіне өтеді. Несепағар 3 жерден тарылу түзеді: (3-4 мм) бүйрек қуысьшан несепағарға шығатын жерінде, іштік бөлімнің жамбас бөліміне өтуінде және несепағардың қуыққа өтетін жерінде болады. Несепағар қабығы шырышты, бұлшықеті және дәнекер қабықтардан тұрады. Шырышты қабық (tunica mucosa), эпителиймен қапталған және терең қатпарлы, жиырылған бұлшықеті қабығы (tunica muscularis) жоғарғы бөлімінде 2 қабаттан — ішкі және сыртқы циркулярлы, ал төменгі бөлімінде 3 қабаттан — ішкі, сыртқы, ортаңғыдан тұрады. Бұлар несептің бүйректен қуыққа өтуін жүргізеді. Сыртынан несепағар дәнекер қабықпен (tunica adventitia) жабылған. Несепқуық Несепқуық (vesica urinaria cystis) тақ қуыс мүше, көлемі 700-800 см3, жамбас астауының түбінде орналасқан, оның пішіні несептің толуымен байланысты. Алдынан қасаға симфизі, еркектерде артқы жағынан ұрық бездері және тік ішек орналасқан, ал әйелдерде — жатыр және қынаптың жоғарғы бөлігі орналасқан. Қуық өзінің төменгі бөлімі арқылы жамбас түбіне жанасады. Денесі (corpus vesicae), түбі (fundus vesicae), мойны (cervix vesicae) және ұшы (apex vesicae) болады. Несепқуықтың қабығы шырышты, бұлшықетті, дәнекерлі қабық және сірлі қабықтардан тұрады. Шырышты қабық (tunica mucosa) эпителиймен жабылған және көптеген қатпарлы болады. Қуықтың алдыңғы бөлігінің 3 тесігі болады: екеуі несепағар тесігі, біреуі — несепшығару өзегінің ішкі тесігі. Бұлардың арасында шырышы болмайтын, тығыз, қатпарсыз бұлшықетті қабыққа жалғанған шырышты қабық үшбұрыш (trigonum vesicae) жасайды. Несепқуық үшбұрышының қалыңдығына үшбұрыш бұлшықеттерін жасайтын терең және беткей бұлшықетінен тұратын жұмсақ бұлшықет түйін орналасады. Үшбұрыштың беткейлі бұлшықеті несепағардың қабығының жалғасы болып келеді, ал терең бұлшықет — несепті шығарушы бұлшықет тінінің бөлігі. Бұлшықет қабығы ұзына бойлы сыртқы, ортаңғы циркулярлы және ішкі ұзына бойлы бір-біріне тығыз жалғасқан тегіс бұлшықет клеткаларынан тұрады. Қуықтың мойын аймағында ортаңғы қабық ішкі тесік айналасында қуықты қысқышын (m.sphincter vesicae) түзеді. Бұлшықетті қабық жиырылып мүшенің көлемін кішірейтіп және несепті несеп шығаратын өзек арқылы сыртқа шығаратын болғандықтан оны несеп шығарушы бұлшықет (m.detrusor vesicae) деп атайды.