Жабдықтар мен ыдыстар: алюминий стакан, колбалар, таразы, кептіргіш шкаф, пипетка, эксикатор, құм.
Анализге дайындау. Құмды диаметрі 1-1,5 мм елеуіш арқылы елеп, сумен жуады. Сосын тұз қышқылын (1:1) құмның жоғарғы беті жабылғанша құйып, шыны таяқшамен араластырады да, 10 сағатқа қояды. Тұз қышқылын төгіп, құмды таза сумен бірнеше рет жуып, лакмус қағазымен бейтарап реакциясын тексереді, содан соң дистилденген сумен шәйіп, кептіріп, күйдіреді. Құмды шыны ыдыста қақпақпен жауып сақтайды.
Анықтау техникасы. Алюминий стаканға немесе бюкске 20-30 г құм салып, шыны таяқшамен бірге кептіргіш шкафқа салып,102-105 °С температурада 30-40 мин кептіреді. Сосын стаканды немесе бюксты кептіргіш шкафтан алып, эксикаторда 40 мин салқындатып, қателігі(погрешность) 0,001 г таразыда өлшейді. Сол стаканға немесе бюкске 10 см3 сүт (5-10 г балмұздақ, сыр, сүзбе —3-5 г) құйып, қателігі(погрешность) 0,001 г таразыда өлшейді. Келесі өлшеулерді 1 сағат аралығында кептіруден кейін, соңғы екі өлшеу нәтижесі өзгермегенге дейін жүргізеді.
Өлшеу нәтижесін есептеу. Құрғақ заттың массалық үлесін (С), % мына формуламен есептейді:
С= m1-m2 / m1-m*100%
мұнда/ m – құмы бар стаканның массасы, қақпақ пен шыны таяқшамен, г;
m1- құмы бар стаканның массасы, шыны таяқша мен сүт салмағы, г;
m2 - стаканның кептірілгеннен кейінгі салмағы, г;
Ылғалдың массалық үлесі , % мына формуламен есептеледі:
W= 100- С,
мұнда С- құрғақ заттың массалық үлесі, %.
Құрғақ заттың және құрғақ майсыз заттың массалық үлесін дайын формулалармен тез есептеуге болады. Төменгі формулаларда мынадай белгілер қолданады:
С- сүттің құрғақ зат мөлшері,%
сомо-құрғақ майсыз сүт қалдығы, %
Ж- сүттің май мөлшері, %
ЖсВ- сүттің құрғақ затындағы май мөлшері, %
А- ареометр градусында белгіленген сүт тығыздығы
П- нақты мәнмен белгіленген сүттің тығыздығы.
Құрғақ затты мөлшерін мына стандартты формуламен есептейді:
С= (4,9 Ж+А)/4 +0,5 (1)
Сүттің табиғилығын бақылау үшін оның құрғақ заттағы май мөлшерін есептейді :
Жсв= (2)
Құрғақ майсыз сүт қалдығы келесі стандартты формуламен есептейді:
сомо= + + 0,76 (3)
Жоғарыда көрсетілген формуламен есептеудің мысалы.
Сүттегі май мөлшері 3,8%, тығыздығы 1,029.
Формула бойынша
С= (4,9*3,8+29) /4+0,5=12,51%.
құрғақ заттағы май мөлшерін (2) формуламен
Жсв= =30,38%.
Құрғақ майсыз сүт қалдығы келесі формуламен
Сомо
Есептеуге сүттің майлығы мен тығыздығын білу керек.
Сүттің құрамындағы құрама заттарының санын есептеуге келесі формулалар қолданылады:
Сүт қанты (лактоза)=(Ж+А)*0,135;
Казеин= (Ж+А)*0,073;
Альбумин= (Ж+А)*0,018;
Минералды заттар=(Ж+А)* 0,02.
Қорытынды. Зерттеу соңында нәтиже бойынша қорытынды жасау керек және бақылау сұрақтарына жауап берген дұрыс. Барлық жұмыс нәтижелерін дәптерге енгізу керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Сүттің құрамындағы құрғақ затты анықтау дегеніміз не?
2. Сүттің құрамындағы ылғалды кептіру әдістерімен анықтау дегеніміз не?
3. Құрғақ майсыз сүт қалдығы дегеніміз не?
4. Сүттің табиғилығын бақылау үшін нені есептейміз?
Достарыңызбен бөлісу: |