Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу



бет17/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Боялған балмұздақтың қышқылдығын анықтау.
Химиялық стаканға 5 гр балмұздақ салып, оған 80 мл дистилденген су құямыз. Жаксылап езіп араластырып, содан кейін 3 тамшы 1%-тік фенолфтолеин қосып, 0,1н сілтімен титірлейміз, ашық күлгін түс пайда болғанша, титрлеуге кеткен сілтінің мөлшерін 20 көбейтеміз.


Балмұздақтың көпіргіштігін анықтау
Балмұздақтың көпіргіштігі қоспаны фризерлеу кезінде пайда болған, оның ауа есебінен көлемінің ұлғаюын көрсетеді. Өндіру процесі кезінде көпіргіштіктің анықталуы келесідей түрде өтеді. Сыйымдылығы 200см3 болатын таза цилиндрді стақанды өлшейді. Содан соң стақанға фризерлеу алдындағы зерттелетін балмұздақ қоспасын құйып өлшейді. Стақанды қоспадан босатып жуады, кептіреді, суытады және фризерленген қоспамен толтырады. Артық мөлшерін сызғышпен немесе пышақпен алып тастайды да, өлшейді. Фризерленген қоспаның көпіршігін Х (%) келесі формуламен анықтайды:
Х=100(а-б)/(б-в),
Мұндағы, а- фризерлеу алдындағы стақанның қоспамен массасы, г;
б-фризерленген қоспасы бар стакан массасы, г;
в- бос стақанның массасы,г;

Егер мұздатылған балмұздақтың көпәргіштігін анықтау керек болса, онда көлемі 50 см3 болатын үлгіні алып тастайды. Ол үшін қабырға өлшемдрері 5*5*2 см болатын параллипипед кесіп алады. Алынып тасталған балмұзддақ үлгісін сыйымдылығы 250см3 болатын өлшемді колбаға енгізілетін шыны воронкаға ауыстырады. Балмұздаққа мөлшері 200 мл температурасы 40-50 °С болатын жылы су құяды да, ерітіп шығынсыз оны колбаға ауыстырады. Балмұздақтың ауа колбада көбік түзеді. Көбіктің жою үшін суытылғаннан кейін колбаға пипеткамен 1-2мм өлшенген этил эфирін құяды. Содан соң бюреткадан суды белгіге дейін өлшеп құяды. Бюреткадан алынған су көлемінің және енгізілетін эфир мөлшері 50 см3 балмұздақтың ауа мөлшеріне тең.


Х=100а/(50-а),
Мұндағы, а-эфир және су көлемі, мл.

Қорытынды. Зерттеу соңында нәтиже бойынша қорытынды жасау керек және бақылау сұрақтарына жауап берген дұрыс. Барлық жұмыс нәтижелерін дәптерге енгізу керек.


Бақылау сұрақтары:


1. Балмұздақтың қышқылдығын анықтау?


2. Балмұздақтың майлылығын анықтау?
3. Балмұздақтың сапасына қойылатын талаптар?
4. Балмұздақтың көпіргіштігін анықтау?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет