Зертханалық жұмыс 13.
Тақырыбы: Казеин өндірісіндегі технохимиялық бақылау сұлбасын зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Казеин өндірісіндегі технохимиялық бақылау сұлбасын зерттеу.
Заттар (шикізат): Казеин
Керекті құрал - жабдықтар мен реактивтер: Сыйымдылығы 250 мл колба, титрлеу құралы, 0,1 н. тұз қышқылының ерітіндісі, индикатор – метилоранж.
Казеинді жууға пайдаланылатын судың сілтілігін анықтау.
Анықтау әдісі. Судың сілтілігін анықтау үшін зерттелетін судың 100 мл сынамасын колбаға өлшеп құйып аламыз.Оның үстіне бірнеше тамшы метилоранж ерітіндісін тамызамыз (0,1 г 100 мл суда ерітеді) және 0,1 н. тұз қышқылының ерітіндісімен сары түстен қызғылт сары түске айналғанға дейін титрлейді. Судың сілтілігі градуспен көрсетіледі. Сілтіліктің дәрежесі 1 мл дәл 0,1 н. қышқыл ерітіндісіне сәйкес 100 мл суды бейтараптандыру үшін қолданылады.
Жақсы сапалы казеин алу үшін судың сілтілігін күкірт қышқылы ерітіндісімен бейтараптандыру арқылы 2° дейін азайтады. Тұнбаға айналатын, ерімейтін тұздар түзіледі. Оларды сүзу немесе декантациялау (тұндыру) арқылы бөледі. Күкірт қышқылының мөлшері (миллиметрмен) мына формула бойынша есептеледі:
Х= 4,9А (Б-2)/ВК,
мұндағы 4.9 - тұрақты коэффициент (күкірт қышқылының қалыпты ерітіндісінің концентрациясы, г / 100 мл);
А - бейтараптандырылатын су мөлшері, л;
Б - судың нақты сілтілігі, град;
2 - тұрақты коэффициент (бейтараптандырудан кейінгі судың сілтілігі, град);
B - күкірт қышқылының тығыздығы, г / см3;
К-күкірт қышқылының концентрациясы,%;
Күкірт қышқылының тығыздығы ареометрмен анықталады; қышқылдың тығыздығын біле отырып, оның концентрациясын (пайызбен) кестеде көрсетілген. (2-қосымша).
Казеинді жуу үшін пайдаланылатын судың сілтілігін жылына төрт рет тексереді: қыста, көктемде, жазда және күзде. Жылдың әр кезеңінде жуылатын судың сілтілігін азайтуға қажет күкірт қышқылының мөлшерін есептейді.
Казеин өндірісінің сепаратор бөліміндегі су үлгісін таза жуылған шыны ыдыста, жабық тығындалған күйде орталық зауытқа жіберіледі. Үлгілер зерттелген соң сепаратор бөліміне жуатын судың сілтілігін төмендететін есепті жібереді.
Есептеу мысалы. 12 ° сілтілігі бар 1000 литр суды 2 ° сілтілікке дейін бейтараптандыру керек. Күкірт қышқылының тығыздығы 1.82 құрайды, сәйкесінше концентрациясы 91,25% құрайды. Күкірт қышқылының мөлшері (миллилитрмен) :
Х=4,9•1000(12-2)/1,82•91,25=295
Достарыңызбен бөлісу: |