Тақырыбы:Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері



Дата17.07.2016
өлшемі350.25 Kb.

Тақырыбы:Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері.



Кіріспе

I бөлім.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мазмұнына түсініктеме .

I.I.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.

I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері.

II.Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатерлер мен оның алдын алу жолдары.

II.I.Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне ықтимал және шынайы қатерлер.

II.II Қазақстан Республикасындағы қатерлердің алдын алу үшін жүргізілетін шаралар.

Қорытынды



Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі.

Соңғы уақытта обьективті және субьективті сипаттағы көптеген себептерге орай қауіпсіздік поблемалары саласындағы зерттеу жұмыстарына едәуір көңіл бөліне бастады.Мұның өзі біріншіден XX ғасырдың екінші жартысындағы қасіретті оқиғалардың бүкіл адамзаттық тарихи дамуындағы терең де түйінді қарама-қайшылықтырды ашып көрсетуімен ,екіншіден адамның өмір сүру жағдайының жоғарғы технологиялар дәуірінде шиеленісіп кетуімен, үшіншіден мемлекеттік аймақтық және ғаламдық деңгейдегі дағдарыстарды әлеуметтік тұрғыдан болжамдау және болдырмау проблемаларының күрделене түсуімен түсіндіріледі.

Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихи тәжірбиесі әрқандай мемлекеттің қатардағы адамдарының әл ауқаты ең алдымен оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дәрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр.Бұл орайда ел президентінің Қазақстан халқына жолдауына атап айтылғандай осынау қарапайым шындықты әр адамның түйсінуі аса маңызды./1/

Адамзат өркениеті үнемі қауіп пен қатер ортасында өмір сүріп отыр, оны айтпағанда қоғамда өтіп жатқан сапалы өзгерістер жаңа ғаламдық проблемалардың және әр түрлі сипаттағы қатерлердің туындауымен қоса қабат жүріп жатыр.Осы орайда кейбір зерттеушілер былай деп атап көрсетеді: “әр уақыттың өзіндік жаңа қауіпсіздік жүйелері болады.XXғасыр әскери қауіпсіздіктің сенімді жүйесін жасаудың бір қатар жемісті идеясын дүниеге келтірді,бірақ оларды іске асыру мүмкін болмады,түптен

келгенде ,адамзат осы идеялардың бодауына екі жаһандық”

“қаңқасап”соғыспен және бір “бір қырғи қабақ” соғыспен және жер бетіндегі өмірдің ядро күшімен құрып кету қаупімен төлем төледі.Аймақтық әскери жанжалдар өрттей қаулаумен қатар экономикалық,экологиялық,рухани ,имандылық ақпараттық және басқада қатерлер өршіп барады.Бұл өреде қазір қауіпсіздіктен қымбат нәрсе болмай отыр./2/



Ұлттық қауіпсіздіктің обьектілері-жеке адам оның құқықтары мен бостандықтары ,қоғам мен материалдық және рухани құндылықтары ,мемлекет оның конституциялық құрылысы ,тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздіктің субьектілері-өз өкілеттілігін биліктің заң шығарушы,атқарушы және сот билігі тармақтарының органдары арқылы жүзеге асырылатын мемлекет,азаматтар мен ұйымдар болып табылады.

XXI ғасыр терең әр қилы қоғамдық өзгерістер кезеңі болатындықтан,қауіпсіздік факторын ғаламдық,аймақтық,және ұлттық көлемде қоғамдық жаңғыртудың қолқа жүрегіне де айналдыру ,қауіпсіздік ісін сыртқы және ішкі саясатты талдап,жасап жүзеге асырудағы ,халықаралық ішкі мемлекеттік құрылымдар мен қатынастарды жобалап түзу ісіндегі бірінші принцип ретіндегі қарау аса маңызды мәнге ие болып отыр.Орнықты және қауіпсіз даму мәселелеріне ғылыми ынтаның кенет артуы отандық ғылымда да орын алды.Посткеңестік қоғамдағы көпқырлы ,және жүйелі дағдарыс ,жаңа мемлекеттердің саяси жіне экономикалық дербестігін жоғалту қаупі туып отырған қазіргі жағдайда ұлттық қауіпсіздік сияқты өмірлік маңызы бар мәселелерге ғалымдар қатты назар аударып отыр.

Осы дипломдық жұмысты зерттей отырып ,мен төмендегідей міндеттерді қарастырдым:

1.Ұлттық қаупсіздік ұғымына түсініктеме беру;

2.Ұлттық қауіпсіздіктің ішкі саяси аспектілерін анықтау;

3.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздгіне ықтимал қатерлерді айқындау;

4. .Ұлттық қаупсіздігін қамтамасыз етудегі жүргізілетін іс-шаралардың маңыздылығы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Ұлттық қауіпсіздік мәселесі саяси ғылымдарда кеңінен зерттеліп келе жатқан тың тақырыптың бірі.оның үстіне саяси -әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етілу мәселесі көне замандардан келе жатыр.Атап айтқанда Аристотель ,Платон,Конфуций,Шан Ян және аль-Фараби секілді ғұлама ғалымдардың еңбектерінде қоғамддық тәртіп мәселесі жан-жақты қарастырылған.Мемлекеттің жеке адамның қәуіпсіздігін қорғауда атқаратын ролі мен функциялары жөнінде Николло Макиавелли ,Джон Локк,Томас Гобсс,Монтескье,Имануил Кант және Гуго Гроций сияқты ғаламдардың да еңбектері аз емес./4/

Томас Гобсстың пайымдауынша қарапайым тұрғындар ішкі қақтығыстарды тоқтату мақсатымен мемлекеттің билігін мойындауға мәжбүр болып,өзара бірігеді.Билеуші болса өз мүддесі үшін адамдардың өмірі мен бостандығы үшін әр-түрлі қатерлерден сақтауға тиіс. Иммануил Кант Гоббстың пікіріне қарама-қарсы “тұрақты бейбітшілік концепциясын” ұсынадыоның схемасы бойынша белгілі бір мемлекеттің ұлттық мүдделерін зиялы саяси тәртәптің арқасында реттеуге болады,яғни адамдардың біртұтас қауымдастығын құру үшін ең алдымен федеративті мемлекеттік жүйенінегізу керек.Ұлттық қауіпсізді парадигмасы ұлттық мемлекеттердің дүниеге келуінің арқасында пайда болады.Көптеген зерттеушілердің тұжырымдауынша ,өтпелі кезең тұсында ұлттық қауіпсіздікке ,экономикалық,әлеуметтік,демографиялық, әскери және тағы басқа қауіптерден басқа саяси факторлар да үлкен қатер тудырады.Өйткені саяси жүйе мен эконмикалық жүйе арасындағы тепе-теңділік күйі кенеттен өзгеріске ұшырап,қоғамдық қатердың мазмұны сол өзгерістерге сай құбылуы ықтимал.Бұл өз алдына кезекті “әлеуметтік жарылысқа ”әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ұлт үшін оқыс сын сәттерге толы тарих кезеңдерде негізінен мемлекеттік мүдде алға шыға алады. Бұл жағдайда мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігі өзіндік мақсатқа айналады ,және ол саяси күштер мен қоғамдық топтардың,сондай-ақ оларды қорғау жолындағы пәрменді институттар қызметінің басқару және үйлестіріп отырудың тиімді тетігі арқасында орындалады.


Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне:

  • Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ;

  • Елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау;

  • Қазақстанның бүкіл халқының игіліг үшін экономикалық даму ;

  • Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және Қазақстан халқының бірлігін нығайту;

  • Қазақстан қоғамының материалдық және рухани құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;

  • Қазақстан Республикасы конституциялық құрлысының,оның ішінде мемлекеттік тәуелсіздігінің ,бірегей құрлысы мен президенттік басқару нысанының,тұтастығының мемлекеттік шекарасына қол сұғылмаушылық пен ел аумағының бөлінбестігінің бұлжымас беріктігі;

  • Мемлекеттік институттардың тұрақты жұмыс істеуі,оларды нығайту және қызметінің пәрменділігін арттыру ;

  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің,басқа да әскерлері мен құрамаларының жарықталуы мен жауынгерлік әзірлігн қамтамасыз ету;

  • Заңдарды бұлжытпай орындау және құқық тәртібін сақтау;

  • әріптестік негізде халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

I-бөлім.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мазмұнына түсініктеме .

I.I.Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.

Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы-жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын,Қазақстан қоғамының құндылықтарын түпқазық мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі.

Жек адамның ,қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар.Қауіпсіздік ұғымының өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған.Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды.Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес ,керісінше оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың тігінен жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді.Қауіпсіздіктің ортағасырлық ұғымын қауымдық және цехтық тәртіптер мен міндеттемелердің орнына ақша – нарық қатынастарын негізген капиталистік экономиканың ,дамуын бұзды.Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады.Ақша мен меншік адам баласының нарықтық капиталистік экономика жағдайында өмір сүруін қауіпсіз етіп,оның жекелігі тәуелсіздігі иллюзиясын дүниеге келтірді.Адам баласы одан әрі өз қауіпсіздігінің шарты ретінде ғылым мен технологияларға арқа сүей бастады.Алайда философ Джон Локк айтқандай адам баласы табиғат күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса ,оның қауіпсіздігіне де ешқашан кепіл берілмейді.Капитализмнің өркендеуімен ұлттар ұйысты.Ұлттық негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді.Ендігі жеде қауіпсіздік әскери фактор:әскер сан мен оның үйретілу дәрежесі ,қару-жарақтың саны мен сапасы арқылы қамтамасыз етілді.XIXғасрдағы және XXғасырдың алғашқы жартысындағы үздіксіз соғыстар ұлттық қауіпсіздік мазмұнын әскери-саяси жағынан басқа тұрғыда түсінуге жағдай жасамадыЭкономика әскери машинаның “отынына” айналды,табиғи орта тек қана стратегиялық ресурстар көзі ретінде қарастырылды,адам өмірінің қадір-қасиеті құнсызданды.

Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы.бұл орайда көптеген зерттеушілер қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және нақты дүниеaдегі әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің ,өмірге бейімделе білуінің интегралдық пішіні түріндегі”философиялық категория деп қарауға бейім./5/

Осы айқындаманы тірек ете отырып ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы,әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады,ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі мынандай параметрлермен:өзіне-өзі жеткіліктілігімен,әлеуетімен (иммунитет)өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп,соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді.

“Мемлекет қауіпсіздігін оның қасиеті ретінде бағалау,әлбетте жаңалық ашу емес,мұның өзі мәселенің сипаттамасына өткірлік дарытады,себебі бұл қасиетті жоғалтып алу мемлекеттің жүйе ретінде бұзылуына әкеп соқтырмақ.Ал қауіпсіздік жағдайы оы қасиетті әрқандай сөз болатын кезең ішінде дәл белгілеуден басқа түк те емес.Өзгертіңкіреп айтсақ мемлекеттің қорғана білу жағдайы- оның әрқандай сәттегі қауіпсіздік деңгейі” /6/

Осы қағидаттың сүйегінен шығара отырып қауіпсіздік екі түрге бөлінеді: қауіптің немесе әлдебір сілкініс мүмкіндігінің социумға болжамдық тұрғыдан қатер төндірмеуі және оның қауіп-қатерден анық қорғалуы ,одан сытылып шығып,қарсы тұра білу қабілеті.

Қауіпсіздік саласындағы дәлдеу қажет болып отырған негізгі ұғым “қауіп” ұғымы себебі қауіпсіздік проблемаларын зерттеу зерттеу процесінде бұл термин бастапқы термин деп есептеледі. “Қауіп”ұғымы қауіпсіздіктің жалпы теориясында “әлеуметтік ағзаға теріс әсер етудің обьективті мүмкіндігі оның салдары ретінде әлі ағзаға жағдайын нашарлатып,дамуына жағымсыз серпін немесе паоаметрлер дарытатын әлдебір залал,зиян келтіретін ахуал ретінде қарастырылады.”/7/Демек, "қауіп” терминін анық қатер төнген кезде туындайтын беймаза ахуал немесе жағдай сондай-ақ осы жағдайды тудыруға септесетін әртүрлі шарт деп ұғынуға болады.Қатер сырттан туып қаралып отырған нысанның ішінде де бола береді.Ықтималдылық дәрежесі жағынан анық және әлеуетті қатер деп бөлінеді,ал нақпа-нақ бағытталу сипаты және қолайсыз жағдай туған кездегі субьективтік фактордың роліне қарай көптеген ғалымдар қатердің ілік тастау және қатер мүмкіндігі түрлерін ажыратады.Қатердің бұл түрлері жинала келіп ұлттық қауіпсіздіктің базалық элементтерін құрайды,себебі қатерлер ұлттық мүдденің жүзеге асуына кедергі жасап немесе оларға қауіп төндіруі мүмкін.

Демек ұлттық қауіпсіздіктің тұғырын ұлттық мүдде,қатер және одан қорғану құрайды.Ұлттық қауіпсіздікке мынандай анықтама беруге болады “ұлттық қауіпсіздік ”-азаматтардың қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүддесінің ахуалы мен даму үрдістері.Сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен өмір салтының анық және ықтимал қатерлерден қорғалу жағдайы.Дегенмен бұл жерде ұлттық өмір салтының қорғалу ұғымы деп, бір ұлттың немесе бір халықтың қауіпсіздігі ғана айтылып отырғанын ескерту жөн.Бұл ұғымнмың астарында ең алдымен мынандай мағына бар “аталған елдегі жеке ұлттық түзілім немесе бүкіл қоғам тарихи тұрғыдан қабылдаған жосықсыз бұзылуы теріс әлеуметтік салдарларға , немесе төлтума қасиеттің жоғалуына әкеліп соғатын неғұрлым кең таралған және орнықты әлеуметтік дербес мінез-құлық пішіндері,имандылық уклад және баға беру жүйесі./8/”

Ұлттық мүдденің жан-жүрегі жалпы адамзаттың құндылық басымдығынан туындауы ұлттық идея болып табылады.Олай болмаған жағдайда ұлттық қауіпсіздік концепциясын да бір ғана ұлттық мүддесі басым түсіп отырады.Ұлттық мүдде деп мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және орнықты дамуы тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғмның обьективті қажеттіліктерінің жиынтығын ұққан жөн.Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдың сипаты мен мазмұнын мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс.Алайда кез-келген қоғам әр-түрлі деңгейдегі мүдделер иерархиясы болғандақтан аталған тарихи қауымдастықтың ұлттық мүддесінің оның дамуындағы обьективті қажеттіктерден туындаған ынталандырушы күш ықпалымен қалыптасуы өте күрделі процесс болмақ,онда әр-түрлі қоғамдық топтардың жеке ерекше мүдделері қоян-қолтық араласып ,ықпалдасып теке тіресіп жатады.Сондықтан ұлттық мүдде қалыптастырудың басты салалары мемлекет және азаматтық қоғам болып табылады.Өз кезегінде бұл тұжырымнан ұлттық қауіпсіздіктің негізгі ішкі саяси факторлары мен элементтеінің өзара байланысы келіп туады,себебі стратегиялық тұрғыдан алғанда ел қауіпсіздігінің басым бағыттарының құрылымы үш негізгі фактормен:жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігімен белгіленеді.

Жеке адамның қаіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің кез-келген концепциясының негізгі критериі,себебі қауіпсіздіктің негізгі нысандарына ең алдымен, жеке адам қауіпсіздігі азаматтарға өмірлік маңызды қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік берелік құқықтық және имандылық нормаларын,қоғамдық институттарды қалыптастыру түрінде жүз беріп отырмақ.Олай болса ұлттық қауіпсіздік ұғымын ең алдымен қоғам мүшелерінің қалыпты толыққанды өмір сүруіне ,еркін дамып ,өз мүмкіндіктерін аша білулеріне қолайлы жағдай жасау деп түсіну керек.Дәл қазір жеке адамның өмірлік маңызды мүддесіне мыналарды жатқызуға болады.

-адамның қадір-қасиетін,адам өмірін және жұртшылық денсаулығын жоғары құндылық деп білу;

-адамның конституциялық құқы мен бостандығынн іс-жүзінде қамтамасыз ету.

-рухани және интелектуалдық дамуда тең құқыққа ие болу;

-жеке және мүліктік қауіпсіздіктің сенімді түрде қорғалуы;

-мемлекет тарапынан материалдық жағдайдың лайықты және кепілді минимумының қамтамасыз етілуі;

-қолайлы экологиялық ахуал жасау:

Мемлекеттің қоғамдағы адам баласының негізгі құқын ,ең алдымен оның өмір сүруге жеке бостандығына және меншікке деген құқын қаншалықты қорғап,кепілдік бере алатындығына тікелей байланысты.Мұндай айқындау ұлттық қауіпсіздік мазмунын адамзат тарихында орын алғанындай мемлекет қауіпсіздігімен алмастыру мүмкіндігі.

Жоғарыда айтылғандай жеке адам қауіпсіздік нысаны болса мемлекет субьектісі .Бұл жерде аумақтық тұтастық пен мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау тәрізді өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделер жеке адамдардың ерік-жігері мен ынтасына байланысты емес екендігін атап айту жөн,себебі жоғарыда айтылғандар обьективті жағдайлар және олар ұлттық сана сезімнің бір бөлігін құрады.

Мемлекетте қандайда да бір саяси билік өктем болмасын ол дәл осы қағидатты тірек етіп отырмақ,бұл жердегі айырма ұлттық мүддені қамтамасыз етудің әдісі мен тәсілінде ғана,сондықтан қауіпсіздік жүйесіндегі басым бағыттардың орналастыру ретін әңгімелей отырып жеке адамның қауіпсіздігін бірден-бір басым бағыт түрінде көрсетіп ,мемлекет мүддесін жай азамат қажеттілігіне бағындыруға болмайды.

Жек адамның мүддесінен тұтас алғанда қоғам мен мемлекет мүддесі туындайды,өйткені қоғам дегеннің өзін адамдардың өзара әрекетіне түсуінің жеке бірлесуінің юарша әдісі мен пішінінің жиыны деп қарауға болады.К.Маркс “қоғам индивидтерден тұрмайды,ол осы индивидтер бір-бірімен түсетін байланыстар мен қатынастар жиынтығын көрсетеді”деп әлденеше мәрте ескеткенді.Демек егер жеке адам елдің қоғамдық саяси және әлеуметтік –экономикалық дамуының ең жоғарғы мақсаты болса ,онда қоғам сол жеке адамның әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі шығармашылық әрекетінің әлеуметтік ортасы және қажетті шарты.

Қоғамның өмірлік маңызы бар мүддесіне мыналарды жатқызуға болады:


  • “өзін-өзі ұдайы өсіріп отыру”қабілетін сақтау :өмір деңгейі мен сапасының құлдырап кетуіне жол Фбермеу;халықтың тәни психологиялық және зәу-заттық сау-саламаттығын нашарлатпау;

  • Қоғам өмірінің барлық саласында халықтың белсенді харекетн көрсетіп отыру;

  • Әрқандай қауымдастықтың парадигмасын құрайтын құндылық нормалар және мұрат (идеял) жүйесін жасау;

  • Мемлекеттің әлеуметтік саяси ,экономикалық дамуының неғұрлым маңызды мәселелері бойынша әлеуметтік саяси тұрақтылық пен келісім ахуалын сақтау;

  • Азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру және қоғамның мемлекет үстінен бақылау жасау тетіктерін жасау,тетіктерін құру.

Сөйтіп қоғам қауіпсіздігінң негізін азаматтар мүддесінің жиынтығы құрайды.Алайда бұл жердегі гәп қоғамдық мүдденің мемлекет мүддесімен әруақытта келе бермейтіндігінде. “Олар қоғамдық мүдде билік басындағы элита тарапынан мемлекеттік басқару лұғатына көшірілсе ғана үйлесім табады”Ұлттық мүддеден қоғамдық мүдденің айырмашылығы ол неғұрлым ұсақ,күнделікті зәруліктерді қамтиды.Айталық көшені таза ұстау,сарқынды су тұрбаларын жөндеу және т.б./9/

Қоғам қауіпсіздігі бостандық проблемасының өзі сияқты кереғар,өйткені ол мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы бір-біріне ықпал жасау ісін теңестіріп отырудан шығатын басқа бір мәңгілік бір проблемамен байланысты.

Кең таралған пікір бойынща ,қауіпсіздік мемлекетті әлсірету жолымен ғана немесе оны қоғамдық өмірдің барлық саласынан түгел дерлік ығыстырп шығару арқылы ғана қамтамасыз етілмек ,неге десеңіз азаматтар мен қоғамның ішкі қауіпсіздігіне басты қатер мемлекет тарапынан төнеді.Осының өзі кереғарлық.Шынтуайтында,азаматтар мүддесінің мемлекет мүддесін басып кетуі бейбастыққа (анархияға) және қоғамда әр түрлі қылмыстық топтар тарапынан тәртіпсіздік пен зорлық –зомбылық бұлтты үйіретін жүгенсіздікке ,бұқараның жаппай террор жасауына әкеп соғуы мүмкін.Мұның алдын алу үшін қара күшті заңға бағыну қайдан шықса да әрқандай қара күштен заңды үстем ету қажет.

Ұлттық қауіпсіздіктің қазақстандық моделінде де мемлекет мүддесі басым тұр.Өзіндік ұлттық қауіпсіздік концепциясын талдап жасау мемлекеттің одан әрі дамуының және құйқылжыған геосаяси ахуалдар жағдайында дұрыс бағдар ұстау қажеттілігінен келіп туды.Әлем тәжірибесі көрсетіп отырғандай ,ұлттық қауіпсіздік концепциясын қабылдау пікір-талас сипатына ие емес ,оны айтасыз,ол тіптен қоғамның барлық тараптарының бұл өреде келісімге келуін талап етпейді,мұның өзі аталған мәселені билік басындағы төбе-топ жемісіне жатқызады./10/

Бізде қабылданған “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі”туралы заңына талдау жасау қазақстанның өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделері ,ықтимал қатер және олардан қорғану жолдары нақпа – нақ айқындалғандығына қарамастан заңды жасаушылар кейбір баптар бойынша дамудың ұтымды перспективалврын тірек еткеннен гөрі қазіргі саяси коньектураға иек сүйеп кеткендігі байқалады. Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік концепциясы ең алдымен мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігінің мән-мазмұнын айқындауға алып баратын жолдың басы – республиканың ұлттық мүддесіне деген ресми көзқарастар жүйесі ретінде қаралады.

Сондай-ақ ол елдің ішкі және сыртқы әлеуметін айқындап отырады.Осыдан келіп,Қазақстанның ұлттық мүддесі деп қанағаттандырылуы мен қорғалуы елдің өмір сүруі ғана емес ілгері дамуы үшін де қажет шарт болып табылатын,Қазақстандық әлеуметтік қауым мүшелерінің баршасына ортақ қажеттіліктериен мүдделер жиынтығын түсінген жөн.Бұл қажеттіліктер республиканың әлеуметтік экономикалық және саяси құрылыс ерекшеліктерінен ,оның экономикалық даму деңгейінен ,халықаралық аймақтық еңбек бөлінісіндегі тарихи қалыптасуын орнынан ,жағырафиялық орналасуының ұлттық және мәдени ерекшеліктерінен ,яғни геосаяси факторлар алуандығын құрйтын нәрсенің баршасынан туындайды.

Қазақстанның өзіндік ұлттық мүддесінің ұлттық құндылықтары мен өмір салтының бекемделу процесіне,сондай-ақ анық және ықтимал сыртқы және ішкі қатерлерді анықтау ісіне ішкі саяси факторлар едәуір дәрежеде әсер етті. Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі параметрлерін қараған жерде ішкі саяси факторларға екпін түсіру әсте де кездейсоқ емес,өйткені Қазақстанның өз ұлттық мүддесін қорғап қалу мүмкіндігі түптеп келгенде тәуелді болып отырған елдің әлеуметін дәл солар белгілейді.Осыларды ескере отырып,Қазақстан Республикасының президенті 1996 ж 30 сәуірдегі үкімімен Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздік концепциясы бекітіліп онда ТМД аумағында бірінші рет ұлттық қауіпсіздігінің басым -бағыттары либераландыру идеясы жария етілді.

Егемен Қазақстанның қоғамдық қауіпсіздік концепциясын жасау – Республикада соңғы кезде қалыптасып отырған қоғамдық қатынастырдың қалыпты дамуы үшін мемлекеттік деңгейде тиімді жағдай жасау ісін қамтамасыз ету мақсатындағы пісіп-жетілу міндеті.Ұлттық қауіпсіздік концепциясы мыналарды көрсетуі тиіс:ұлттық мақсат ,қоғамның ұлттық психологиялық және мәдени біркелкілігін ескере отырып жеке адамның қоғам мен мемлекеттің ілгері даму ұғымының нақты мән-мазмұны:осы мақсаттарға төнетін сыртқы және ішкі қатерлердің сипаты;қауіпсіздіктің барша негізгі салаларындағы өмір сүруге және ілгері дамуға қауіпті жай-күйлер;даму процесінің әлеуметтің нысаннын ілгері даму қабілетін қайтып жөнделместей етіп жоғалтуына сәйкес жәй-күйге көшуінің алдын-алуға мүмкіндік беретін жолдар,әдіс-тәсілдер мен құралдар.

“Қазақстан -2030”Стратегиясының алғашқы ұзақ мерзімді басымдылық болып ұлттық қауіпсіздік аталады.Сөз жоқ ,мемлекет қауіпсіздігінің кепілі ретінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамның тұрақтылығы мен тиімді тіршілік етуінің міндетті шарты Қазақстанның аса маңызды басымдылықтары саласына жатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы заңның 19-бабына сүйене оырып қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегідей мәселелер қарастырылған:

1.Қоғамдық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың,меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың ,лауазымды адамадар мен азаматтардың:

1)азаматтардың жеке қауіпсіздігін ,олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдіктерін нығайтуға;

2)қазақстандық патриотизмге және ұлтаралық татулыққа негізделген жалпыұлттық психологияны қалыптастыруға;

3)Қазақстан бірлігін нығайтуға ;

4)халықтың табиғи өсімін көтермелеуге және дағдарысты демографиялық процестерге қарсы әрекет жасау жөнінде дер кезінде шаралар қолдануды қамтамасыз етуге;

5)қылмысқа соның ішінде оның ұйымдасқан түрлеріне,сыбайлас жемқорлық пен тероршылыққа қарсы күшті күшейтуге;

6)саяси тұрақтылыққа қауіп төндіретін жұмыссыздықтың күрт өсуі мен халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуін тежеуге ;

7)халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне ,Қазақстан халқының тектік қорына қауіп төндіретін нашақорлық пен мас күнемдік ,сондай-ақ басқа да әлеуметтік факторлардың алдын-алуға;

8)елдің интелектуалдық әлеуетінің төмендеуіне кедергі жасауға бағытталған шешімдері мен іс-әрекеттерімен қамтамасыз етіледі.

2.Мыналарға:

1)Қазақстан халқының бірлігін бұзуға және ұлтаралық қатынастар жай-күйін нашарлатуға ;

2)елдегі қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты бұзуға ;

заңсыз араласуға әкеп соғуға ;

3)діннің мемелекет істеріне және мемлекет діннің істеріне заңсыз араласуына әкеп соқтыруға;

4)қылымыс пен құқық бұзушылықтың өсуіне көрініс алып келуге ықпал ететін шешімдер қабылдау мен іс-қимыыл жасауға жол берілмейді.

3.Азаматтардың соның ішінде саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірдестіктер өкілдерінің:

1)конституциялық құрылысты құлатуға немесе күштеп өзгертуге ,соның ішінде жікшілдікке немесе Қазақстан Республикасының бірегей құрылысына ,оның аумағының тұтастығына ,қол сұғылмаушылығына және бөлінбейтіндігіне қатер төж ндіретін немесе өзге де іс-қимылға;

2)билікті басып алуға ;

маусымдағы

3)Қазақстан Республикасының қалыптасқан органдарының,Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес сайланған (тағайындалған) лауазымды адамдардың өкілеттілігін күш қолданып тоқтатуға немесе қызметіне кедергі келтіруге ;

4)орын алып отырған конфессиялық айырмашылықтар мен әр түрлі діни көз-қарастар саяси мақсатқа пайдалануға шақырылуы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады деп танылады.

4.Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен уәкілетті мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметін тоқтата тұрады.

Қауіпсіздікке деген қажеттілік белгіллі бір мүдделермен байланыстырылған жәе өзара тәуелділікте болатын адамдардың алғашқы қауымдастықтарының пайда болуымен тікелей байланысты.Бұл қажеттілік кез-келген құрылымның ажырамас бөлігі болып табылады және міндетті түрде мемлекеттің пайда болуымен байланысты емес.Алайда мемлекеттіқұрылымдардың пайда болуы кезінде қауіпсіздікке қажеттіліктің ерекше өзекті сипат алуы жүреді.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері төмендегідей:

1)ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтіжүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;

2)ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерінің бір-біріне жедел хабардар етіп отыруы және келісілген іс-қимыл жасауы;

3)ұлттық қауіпсіздіктің барлық түрлерінің бірлігі ,өзара байланысы және теңдестірілгендігі;

4)саяси,экономикалық және ақпараттық шаралардың басымдығы;

5)жеке адамның,қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;

6)ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-әрекеттің күллі жиынтығын іске асыруды бақылау болып табылады.


I.II.Ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері

Қазақстан егеменді мемлекет ретінде ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатерлер барма және болса кімнен және нақты қандай деген екі сұраққа жауап беруді талап еткен жаңа жағдайға ұшырады.Аталмыш проблеманың маңыздылығы “ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде дамуының басты шарты ”деп анықтайтын 1996ж 26маусымдағы “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы” Заңының қабылдануымен көңіл аудартады.Заң әскери ,экономикалық, экологиялық, қоғамдық, ақпараттық қауіпсіздік сияқты ұғымдар атап көрсетіледі.Осы барлық ұғымдар Қазақстан Республикасының ішкі сол сияқты сыртқы қауіпсіздігінің маңызды аспектілері болып табылады.

Нақ осы тұрғыға негізделе отырып ,Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан –2030”Жолдауында ұлттық қауіпсіздікті Республиканың толық аумақтық тұтастығының сақталуымен тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі ретінде анықтайды.

Ұлттық қауіпсіздіктің ішкі саяси аспектілері тар мағынада емес кең мағынада қарастырылуы тиіс.Ұлттық қауіпсіздіктің ішкі саяси аспектілерін мемлекеттегі саяси қауіпсіздік,экономикалық қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік ,экологиялық қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері қамтиды.

Қауіпсіздікке деген қажеттілік адамзаттың дамыған сайын да төмендемеді.Әр бір дәуірге ,адамдардың түрлі қауымдастықтарына өз ерекшкліктері тән болды.Қажеттіліктерге байланысты қайсыбір ішкі немесе сыртқы қауіпсіздік проблемасы үстем етті.Жеке тұлға мен қоғамның қауіпсіздігі мемлекеттің саясаттың тиімділігін бағалаудың бірден-бір өлшемі болып табылады.Әлемдік даму және айтарлықтай біртектес әлеуметтік-экономикалық қоғамдардың қалыптасуы барысы белгілі бір кезеңде айқын немесе айқын емес түрде “ұлттық қауіпсіздік”доктринасының ,идеологиясының пайда болуын ынталандырады.Ұлттық қауіпсіздк жәй қауіпсіздіктен гөрі ,тым анағұрлым күрделі саяси феноменге айналып отыр.

Саяси қауіпсіздік мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі құрам бөлігінің біреуі болып табылады.

Бүгінде ұлттық қауіпсіздіктің тиімділігі қорғалған әскери әлеуеттің көлеміне ғана емес,әлеуметтік экономикалық ,саяси құқықтық және адамның ,қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүддесі мен талап тілегіне қатысты өзге де қарама-қайшылықтар дер кезінде қалай шешімін тауып отырғандығына да байланысты.

Осы тұрғыда әлеумет қоғамның ұлттық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету мәселесі әсіресе өткір тұр.Ұлттық қауіпсіздік жүйесінің жай-күйіне өзара тығыз байланысты екі фактор:мемлекеттің жағдайы және әлеуметтік саяси шиеленіс жағдайы зор ықпал етіп отырады.//

Саяси қауіпсіздік мәселесі 90-жылдардың басынан ерекше өткір және өзекті бола бастады.Мұның өзі елде әлеуметтік саяси жағдайдың шиеленісе бастауына және “саяси қауіпсіздік”жағдайы ұғымының айрықша күрделілігіне байланысты туындады.Дәстүрлі көз қарастар мен әдіс – тәсілдер бұл құбылысқа түбегейлі сипаттама беруге, демек орнықтылықты сақтаудың және саяси қатынастарды болжап отырудың практикалық жолдарын көрсетуге жарамайды .Саяси қауіпсіздікітң негізінде даму және орнықтылық тәрізді маңызды құрам бөліктері жатады.Даму-бұл материалдық нысанды жаңа сапалық жағдайға көшіретін яғни оның құрамын немесе құрылымын өзгертетін,қайта бұрылмайтын ,бағытталған заңды өзгерту.Орнықтылық бұл қоғамның қиын –қыстау кезінің өзінде, өз мақат –мүддесін қанағаттандыра білу қабілеті,жағдайды қалпына келтіре білу мүмкіндігі.Мұның өзі қоғам қызметінің барша саласында жүргізілетін және оның әлеуетін жетілдіріп ,өмір сүру қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.//

Ұйымдастырылып ,үйлестіріліп отыратын саяси қатынастардың жиынтығы ретіндегі саяси жүйенің өзі саяси қауіпсіздікті зерттеу нысаны болып табылады.Саяси қауіпсіздіктің нысаны дегеніміз- қоғалуы саяси қауіпісздіктің стратегиялық мен негізгі мән-мағынасын құрайтын,өмірде орын алып отырған құбылыстар ,процестер мен қатынастар.Сондай-ақ саяси қауіпсіздіктің нысандары қатарына саяси қатынастардың кемелденуі дәрежесін айқындайтын адам,қоғам менмемлекет жатады.Оның маңызды критерийлері –адамның,топтың қоғам мен мемлекеттің саяси мақсат –мүддесін сақтау ,олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі өзара жауапкершілігі болып табылады.//

Саяси қауіпсіздік мәні әр түрлі ұғынылып жүр .Кейбіреулер оны жұмыс істеп тұрған конституциялық құрылысты ,саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау деп түсінеді.Ал біреулер демократиялық құндалақтарды,халық билігін дәлелдеу деп біледі.Үшінші бір тарап саяси мақсатта күш қолданбау және т.б. пікірлерге бейім.Бұл үш тұжырымның қай-қайсысы да тым осал.Бұл жерде біз саяси қауіпсіздік деп әлеуметтік мүдделердің динамикалық тепе-теңдігіне арқа сүйеитін қоғамдық гомеостаз жүйесін ,заңды және жарамдымемлекеттік билікті түсінеміз.Техникалық жоспар тұрғысынан алғанда бұл тыныс тіршіліктің бүкіл қызметінің қалыпты жұмыс істеуін ,сол арқылы азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігіне кепілдікті қамтамасыз ететін сенімді басқара білу.

Белгілі бір шаралардың,органдардың мемлекет пен қоғам атқарымдарының жүйесі реінде саяси қауіпсіздікке шарт болатын бастапқы негіз-елдің ,халықтың,қоғам мен азаматтардың саяси мақсат –мүддесін қорғауға деген өскелең талап-тілек болып табылады.Бүгінде мұндай мақсат –мүдде мәні дағдарыстан шығу содан кейінгі елдің орнықты дамуы халық өмірінің материалдық және рухани деңгейін көтеру мәселелерін неғұрлым тиімді шешуді қамтамасыз етіп,елді жасампаз істерге жұмылдыра алатын азаматтардың бостандығын жан-жақтандырып,шығармашылық ынтасын көтеретін,елдің халық аралық беделін нығайтып,онытауқыметтен қорғап отыратын саяси қатынастарды ,билік формаларын мемлекеттік басқару тетіктерін қызмет әдіс-тәсілін орнықтыруға билік басына оларды қамтамасыз ететін саяси мүдделер мен күштерді әкелуге келіп тіреледі.Бұл мақсат –мүддені жүзеге асыруға қарақан басының қамының көптеген күштер сондай-ақ мемлекет басындағы саясатшылардың қателері мен жаңсақтықтары бөгет жасап отырады.Бұл мүдделерге саясат жасау және ел басқару тетіктеріндегі бұрмалаушылықтар ,да зиянын тигізіп отырмақ.//

Біздіңше саяси қауіпсіздік дегеніміз –елдің халықтың ,қоғамның азаматтардың саяси мүддесіне нұқсанкелтіріп ,мемлекеттің саяси тұрғыдан кері кетуіне ,тіпті саяси өліміне шарт болатын сондай-ақ билік жүйесі мен саяси жүйені жасампаз-сындарлы күйден ел мен әлеумет үшін азап пен бақытсыздық көзіне дүлей қара күшке айналдырып жіберуі мүмкін факторларды анықтап алдын алып,жойып отыру ісінде қолданылатын шаралар жиынтығы.Бұл билік пен саясаттың:а)аталған ел үшін ,оның халқы мен азаматтары үшін;ә)өздері үшін(өздеріне-өздері ор қазғандай болмау үшін)б)әлемдік қауымдастық үшін қауіп тудырмауы.

Аталған анықтамадан саяси қауіпсіздіктің мәні мен мақсатын анықтау ісінде елдің ,саяси мүддесі негіз (базасы)болатындығы көрініп тұр .Бұл анықтама қоғам өміріндегі саяси саланың өмірлік маңызды институттарын,қатынастары мен процестерін қоса алғанда саяси қауіпсіздік нысандарының саналуандығын елеулі түрде кеңейтіп қана қоймай ,қорғалуы бұрын елеусіз қалып келген және бүгінде де екінші кезекке сырғытылып келе жатқан халық,азаматтық қоғам және азаматтар тәрізді субьектілердің саяси қауіпсіздігін қорғау ісі басым қажеттілікке ие болып отырғандығын атап көрсетеді.//

Бұл жерде заңды билікті қорғау ғана емес ,сонымен бірге тоқыраудың бетін бұрып отыратын өзектілік бір “сақтандырғыш”мемлекет пен қоғамға аса қажет шығармашылық “қуатты ынталандырушы”сияқты саяси оппозицияны да қорғау ұғынылады.

Ұлттық қауіпсіздіктің әр қандай бір түрінің басымдылығы (экономикалық,саяси, әлеуметтік,экологиялық, әскери және т.б.)мынандай обьективті ықпалдармен айқындалады.а)адамның әлеуметтік топтардың ,қоғамдардың мемлекеттердің, әлемдік қауымдастықтардың өздерін,сондай-ақ өмірлік маңызы бар нысандар мен құндылықтарды (табиғи және әлеуметтік )қорғау және дамытып отыруда оған деген қажеттілік дәрежесі;ә)оны нығайту ісіне күш-жігер салмайынша адамдар аен өмірлік маңызы бар нысандардың осалдығының арта беретіндігі;б)аталған қауіпсіздік жүйесі қарсы тұруы тиіс кең көлемді төтенше қауіптердің қанат жаюы.Осы көрсеткіштер бойынша саяси қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік жүйесінде бірінші орынға шығады. Демократиялық құндылық сөз болған жерде белгілі бір жағдайлар кезінде (дағдарыс,соғыс, төтенше жағдай және т.б.)орталықтандыру ,қатаң басқару ,демократиялық бостандықты шектеу басым болуы керектігін жоққа шығармаудың маңызы бар.Түптеп келгенде “саяси мақсат үшін күш қолдану ”ойын есептен толық шығарып тастауға болмайды.Ғылымда саяси қауіпсіздік көрсеткіштерін белгілеуге талпыныс жасалып жүр;азаматтардың саяси құқы мен бостандығына кедергі жасамау,жол бермеу;саяси оппозицияның орын алуы: әділеттілік және құрылымының ұлттық мүддеге сай келуі , елдің саяси қуаты мен геосаяси мәртебесі: дағдарыстан шығып қалпына келтіру және орнықты даму ісін пәрменді қамтамасыз ете білу қабілеті түрінде көрінетін саясат пен мемлекеттік басқарудың тиімділігі билік орындарына қоғамның басым көпшілігінің, сенім білдіруі және ерікті түрде қолдау көрсетуі; ұтымды тұрақтылық ел дамуында ішкі және шетел инвестицияларының қаулап өсуі.

Саяси қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қатер индекаторларының (көрсеткіштерінің) сапалы жүйесіне ие болудың маңызы үлкен.

Олар мына түрде көрінеді; а) саяси қаупі мен қатер өршігені жөнінде белгі беретін алдын – ала әлеуметтік саяси процестер мен қүбылыстар; ә) теріс саяси үрдістердің эволюциясы жөніндегі өңделген мәліметтер кешені (қарсылық білдірген саяси бои көрсетулер ауқымның жақсарғандығы және кеңейе түскендігі туралы статистикалық ақпараттар); ғылыми зерттеу орталықтарының талдау жасаған анықтамалары және т.б.; б) қандай да бір жік және партиядағы агрессиялық - өктем көңіл - күй, ниет- жоспар туралы қорытылған мәліметтер. “А” және “ Ә” топтары обьективті, ал “Б” тобы субьективті индекаторлар құрайды. Бұл көрсеткіштер саяси қажеттілікті бағалау критерилері болуымен қатар Қазақстандағы саяси қауіпсіздік қазіргі уақытта төмен деңгейде екендігі жөнінде ои – түюге негіз берді.



Саяси қатерлер – бұл биліктің, құқықтық тәртіптің іргесін шайқалтып, сапырлыс өзара қырқыс, қақтығыс, туғызып, жатпай азғындау туындататын, ұлттық тәуелсіздікті жоғалтуға, мемлекетті әлсіреттіп күйретуге, азаматтарды саяси құқық пен бостандығынан айыруға, халықтың қоғамның, оппозицияның билік орындарына ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығаруға септестік әлеуметтік құбылыстар, іс- қимылдар. Бұл ең алдымен қандай да бір әлеуметтік – саяси субьектілердің (мемлекеттердің оның құрылымдарының ,әлеуметтік топтардың ,партиялардың,элиталардың,тұлғаларының және т.б.)билік үшін күресте (әлемдік және ішкі билік)өзара егесте іс-әрекеті.Сонымен қатар бұл қылмыстың ,тероризмнің ,есірткішілдіктің жолына тосқауыл қойылмаса ,ол таяу болашақта ең дамыған қоғам мен мемлекеттің түбіне жетуге қабілетті.

Ең жалпы тұрғыда алғанда саяси қауіпті 3 топқа бөліп қарауға болады:

А)саяси салаға төнетін қауіп ,бұл қоғам өмірінің өзге салалары –экономика,әлеуметтік құрылым,және әлеуметтік қатынас зиянды рухани-иманды процестер;әскери қорғаыс істері және т.б. тарапынан төнеді;

ә)экономикаға,әлеуметтік қатынастарға,әскери қауіпсіздікке және т.б. төнетін қауіп бұлар саяси саладан өрбиді;

б)саяси саланы өз ішінен туып өзіне қатер болып,төнетін қауіп.

Осы орайда саяси сала деп- қоғамдағы өзге де негізгі салалармен (экономикалық,әлеуметтік,рухани-имни)ұғынылады.Бұл сала саяси сананы ,қатынастарды институттарды ,іс-қимылды ,процестерді қамтиды.Саяси қауіпсіздік тетігі тұтас элементтер қатарынан және олардың қатарында мыналар бар,қорғауды тілейтін нысандар (аумақ,мемлекеттік және қоғамдық саяси институттар,билік органдары саяси құқықтармен баостандықтар,сондай-ақ азаматтардың,әлеуметтік топтармен қауымдастықтардың және тағы басқа шынайы саяси қызметі)Осы орайдағы көз қарастар принциптер концепциялар (доктриналар):сәйкес заңдар жүйесі

(құқықтық негіз)саяси саланы қорғау жүктелген субьектілер (арнаулы мекемелер мен органдар,сондай-ақ осындай атқарымға ие басқа да мемлекеттік және қоғамдық мекемелер,қоғам мен азаматтар):осы міндетке қызмет ететін құралдар әдіс-тәсілдер:саяси қауіпсіздіктің жай-күйіне және оның механизмдерінің тиімділігіне баға беру өлшемдері.//

Саяси қауіпсіздкті айтқан жерде біз саяси қатер тәрізді маңызды элементті орағытып өте алмаймыз.Ол саяси қаупсіздік құрылымындағы негізгі ұғым болып табылады//

Бұдан бірнеше жыл бұрын ғана саясаттанушылар мен экономистердің сөздік қорында болмаған “саяси қатер”ұғымы біраз өзгеше тұжырымдалып жүрсе де соңғы уақытта мерзімді баспасөз бетінен жиі көрінетін болды.


  • “Саяси қатер” терминінің мәні едәуір кең-ол саяси тұрақтылыққа болжам жасау дың әр-түрлі әлеуметтік –саяси ортадағы қызметке байланысты барша бейкоммерциялық қатерлерге баға беруге дейінгі аяны қамтиды.//

Сөздің тар мағынасында саяси қатер деп фирманың өзінің инвестиция салған елінде орын алған жағымсыз саяси факторлар салдарынан қаржысынан айрылып қалу ықтималдылығы ұғынылады..

Саяси қатерді зерттеуші кейбір ғалымдар (С.Робок,С.Кобрин,Дж Саймон)олар таралатын экономикалық субьектілер деңгейіне қарай макро және микро қатерлерді бөліп айтады.Макро қатер өздері орналасқан елдегі бүкіл шетел субьектілеріне әсер ететін саяси оқиғалар ықтималдылығымен қоса жекелеген жобаға тән қатерлер жатады.

Саяси қатерлерді жіктеу не үкіметтік құрылымдар әрекеті әсерімен белгілі бір мемлекеттік саясат жүргізу барысында немесе үкіметбақылауынан тыс күштер тарапынан туындаған оқиғаларды бөлу негізінде жүргізіледі.Саяси қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады:


  • Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау;

  • Қазіргі конституциялық құрылысты сақтау және оның құқықтық негізін нығайту;

  • Елеулі әлеуметтік саяси дағдарыстар қаупінің алдын –алуға қабілетті өркениеттті саяси пікір алысу тетіктерін жасау;

  • Құқықтық тәртіп және тұрақты демократиялық саяси жүйені қалыптастыру ;

  • Адам баласының өмірін,денсаулығын,мүлкі мен құқын сенімді қорғауға жағдай жасау.//

Ұлттық қауіпсіздіктің біріңғай жүйесінде ,ұлттық мүдделерге кедергілердің мүмкіндігі зор және шынайы қайнар көзіне орай қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы аспектілерін атап көрсеткен жөн.Қауіпсіздікке қауіп-қатерлерді сыртқы және ішкі деп бөлуге негізделе отырып, зерттеушілер (У.Касенов,М.Лаумулин және т.б.) Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне шынайы қауіп-қатер негізінен ішкі сипатта болатынын атап көрсетеді.

Ұлттық қауіпсіздіктің ішкі аспектісіне ең алдымен мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі жатады.

Экономикалық қауіпсіздік Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының оның тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан ,процестер мен факторлардан қорғалуының жай-күйі.

Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздігі туралы»заңда 18-бабында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы төмендегіде маңызды мәселелер қарастырылған:

1.Экономикалық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың ,меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың,лауазымды адамдар мен азаматтардың:

1)Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге ;

2)Қазақстанның дүиежүзілік экономикалық жүйеден экономикалық тұйықталуына жол бермеуге ;

3)ел экономикасының ресурстық энергетикалық негізін сақтау мен нығайтуға;

4)Қазақстанның геосаяси төңірегінде туындайтын ықтимал теріс факторлардың әсеріне баланысты мемлекет экономикасының шетіндікдәрежесін барынша азайтуға;

5)отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге,отандық экономиканы қалпына келтіру мен дамытуға арналған ішкі,сыртқы несие ресурстары мен инвестициялық мүмкіндіктер бағытының басымдығына;

6)мемлекеттік бюджеттапшылығының мүмкін болатын шекті деңгейінен кетпеуге және оның кіріс бөлігін нығайтуға;

7)бюджет қаражаты мен мемлекеттік ресурстардың нысанасыз пайдаланылмауына жол бермеуге;

8)сыртқы қарыздың республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерге қарағанда ұлғайып кетуіне жол бермеуге;

9)Қазақстан аймақтарының әлеуметік-экономикалық дамуындағы қатерлі теңсіздікке жол бермеуге;

10)бәсекені көтермелеу және монополизмді шектеу жағдайында ел экономикасында қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыруға ;

11)экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерімен және іс-әрекеттрімен қамтамасыз етіледі.

2.Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау ,оның ішінде мемлекеттік өнеркәсіп әлеуетін сақтау мен нығайту мақсатында мемлекет шетелдік инвесторларға берілетін кепілдіктерді сақтай отырып ,Қазақстан экономикасының шетелдік ұйымдар мен шетел қатысатын ұйымдардың басқаруындағы немесе меншігіндегі обьектілерінің жай-күйі мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының стратегиялық ресурстарын пайдалану жөніндегі келісім-шарттар жасалған кезде осы келісім-шарттардың орындалуын бақылау кезінде міндетті түрде ескеріледі.

4.Мыналарға:

1)шегінде еңбек ,қаржы ресурстары мен өзге де ресурстардың еркін орын ауыстыруы жүзеге асырылатын Қазақстан республикасының рыног кеңістігінің ;

2)Қазақстан Республикасының біртұтас және дербес қаржы жүйесінің ,соның ішінде елдің бүкіл аумағында ұлттық валюта –теңгі айналысының;

3)Қазақстан Республикасының біртұтас және дербес коммуникациялық және энергетикалық жүйелерінің қалыптасыуы мен іркіліссіз жұмыс істеуі мүдделеріне қайшы келетін қандай да болсын шешімдер қабылдауға және іс-қимыо жасауға жол берілмейді.

5.Мыналарға:

1)Қазақстан экономикасына инвестициялардың құйылуына кедергі жасайтын;

2)теңге бағамының күрт құлдырауына,мемлекеттік алтын валюта активтерінің сарқылуына ,елдің экономикасы мен ақша айналысын тұралатып тастауы мүмкін мемлекеттік қарыз көлемінің өсуіне ұрындыратын ;

3)капиталдың елден сыртқы бақылаусыз әкетілуіне ықпал ететін шешімдер қабылдауға және іс-қимлға –тиым салынады және бұл жауаптылыққа әкеп соғады.



Экологиялық қауіпсіздік.

Қазақстанның көптеген аймақтары экологиялық дағдарысқа ұшыраған мемлекет.Ұлттық қауіпсіздіктің міндеті елдің дербестікті аумақтық тұтастықты халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз етуболып табылады.Бүл тұрғыдан келгенде ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйе түрінде табылады.Ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекеттің өзіде жоқ.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы мемлекеттің маңызды механизмдерінің бірі болып табылады.Өйткені Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі экологиылық жағдайдың әрі қарай нашарлауының алдын алу үшін экологиялық саясатты жасап ,оны іске асыруды ,сондай-ақ болашаққа ұзақ мерзімді экологиялық тұрақты әлеуметтік –экологиялық дамудың негізін қалауды қажет етеді.Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздігі туралы»заңында экологиялық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы нақты келтірілген.

Экологиялық қауіпсіздік-жеке адамның ,қоғам мен мемлекеттіңі өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі.

Экологиялық қауіпсіздік кең ауқымды міндет болып табылады және адамзат қауіпсізідігі санатына кіреді.Осы уақытқа дейін ғалымдар және саясаткерлер адамзаттың тіршілік етуінің негізгі жағдайы әскери қауіп-қатердің алдын-алу деп есептеп келсе,ал қазір экологиялық сауықтыру мәселелер мәнділігі мен маңыздылығы жағынан бірінші орынға шығып отыр.Экологиялық қауіпсіздік қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидасы болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі.Ол мемлекеттің және оның органдарының қоғам мен мемлекеттің жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметтерінің айрылмас бөлігі болуы керек.

Тұлғаның қоғамның ,мемлекетттің экологиялық қауіптері –тұлғаның,қоғамның ,мемлекеттің ,қоғам мен табиғаттың ара қатынасыбарысындағы маңызды мүдделерін мына қатерден қорғау жағдайы:

1)табиғи обьектілер тарапынан табиғи жағдайы ластанудың салдарынан мыналардың нәтижесінде бұзылған;

-антропогендік қызметтің (аврия болған кезде,ұзақ уақыт бойы шаруашылық,қорғану әскери және басқа да қызметтерді жүзеге асырған кезде);

-алдын ала қалап (экологиялық диверсия жолымен,экологиялық агрессия жолымен);

-табиғи апаттар.

2)табиғи обьектілерді жою,бүлдіру,азайтудың салдарынан табиғи ресурстармен қамтамасыз етілмеудің немесе табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасын тыс жерге әрекет етудің нәтижесінде.

Экологиялық қауіпсіздік анықталмаған сипатта ,ол экожүйенің тұрақтылығы жөніндегі білімдердің толық еместігінен және оның бұзылу нәтижелерінен көрінеді.Экологиялық қауіпсіздікпен ұтымды қамтамасыз етілсе де, қоғам мен табиғат арасындағы толық гармонияға жету мүмкін емес.Өйткені әлеуметтік –экологиялық қиын жағдайлардың болжанбаған түрлері пайда болады.Экологиялық қауіпсіздікті бақылау қиын жағдайлардың алдын-алу үшін ғана емес,сонымен қатар оны оларды басқару ,реттеу үшін де керек.

Қисынсыз экологиялық жағдай елдегі экономикалық кризисті тереңдете түседі,экологиялық жағдайларға қатысты тиімді шаралар қолданбау,халықтың денсаулығына зиян келтірумен қоса әлеуметтік конфликтілер қаупін туғызады және шаруашылықтың дамуына бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді тоқтатады.Сондықтан әлеуметтік қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі компоненттернің бірі болып табылады және елдің мүддесін және артықшылықтарын халықаралық интеграциялық процестерде қорғалудың маңызды аспектілері болып табылады.Табиғи қорғау қызметі заң шығару ,атқару,сот биліктерінің негізгіфункцияларының бірі болуы керек.

Экологиялық қауіптіліктің негізгі факторлары мыналар болып табылады:

1)адамдардың жас ұзақтығының төмендеуі;

2)ерекше экологиялық жағдайдағы аумақтардың артуы;

3)радиоактивті ластанған аумақтардың ұлғаюы;

4) техногендік қауіп-қатердің өсуі;

5)сулардың сапасының нашарлауы;

6)әуе бассейінінің ластануы.

Осы аталмыш жағдайлардың барлығы ескеріле отырып ,Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы жасалған. Онда негізінен ішкі және сыртқы саясат,құқықтық механнизмдер қоршаған ортаны қорғауға және қамтамасыз етуге, табиғи апаттардың және өнеркәсіптік авариялардың алдын алуға керекті қызметтердің бағыттары көрсетілген.

Жалпы экологиялық қауіпсіздік мәселелері мыналарға негізделеді;адамзат пен табиғаттың өзара байланысын мойындауға ;қоғам мен табиғаттың арақатынасы кезінде әлеуметтік-экономикалық механизмді құру міндеттілігін түсіну;табиғи обьектілер үшін экологиялық сиымды және қауіпсіз технологиялар мен техникалардың ғана керектігін ұғыну.Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңының 21-бабында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті мемлекеттік органдардың,меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың төмендегідей міндеттері көрсетілген:

1) қоршаған ортаны қорғау ,табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау;

2)Қазақстанға экологиялық жағынан қауіпті технологиялардың заттар мен материалдардың бақылаусыз әкелінуіне жол бермеу;

3)ел аумағының радиоактивті, химиялық ластануына, бактериалогиялық заралануына жол бермеу;

4)экологиялық жағынан қауіпті және жетілдірілмеген технологиялардың қолданылу ауқымын қысқарту;

5)шаруашылық және өзге де қызметтің келеңсіз экологиялық зардабтарын жою болып табылады.

Бүгінде басқа да әлеуметтік –экономикалық шұғыл мәселелердің шешілуіне кедергі болып отырған көкейтесті мәселелерді жедел шешу қажеттілігі ,жақын арадағы экологиялық қауіпсіздік саясатын анықтап тұрады.Бұл жөніндегі іс-шараларды қолданбау адамдардың денсаулығына зиян келтірумен қатар ,Қазақстан Республикасының экономикасына орны толмайтын шығын әкеліп ,шаруашылықтың бірқатар маңызды бағыттарының экологиялық тежелу қаупі болуына мүмкіндік тудырады. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады,сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қатысуының маңызды бөлігі болып табылады.Қоршаған ортаның сапасының төмендеуі, ірі-техногенді апаттардың салдары климат пен табиғи ортаның глобальдық өзгеріске ұшырауы Қазақстан Республикасының тұрғындарының –денсаулығының нашарлауына ,экономикалық шығындарға және табиғаттың құруына әкеліп соғады.Экологиялық қауіп еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі жасап отыр.

Еліміздің басқару жүйесінің кез-келген саласындағы қазіргі жағдайды,ол экономика ,экология,әлеуметтік қатынастар,ғылым өндіріс,әскер,құқық және т.б.-дағдарыс деп айтылады.Сондықтан алдымен дағдарыстан шығып,жағдайды қалыпқа келтіру керек.Бірақ, бұл бүгіннің өзінде тұрақты даму дегеннің қажеттілігін және оған жету жолдарын жоққа шығармайды.

Мақсат-экологиялық қауіпсіз даму стратегиясы –дамудың мынандай кезеңдерінің болуын көздейді,олар:нормаға түсіру,бұзылған аймақтардың реабилитациясы,табиғи және әлеуметтік жүйелерге ықпал ету,тұрақтандыру.Бірақ осы кезеңдерде келесі кезеңдерге жылдам өту үшін экологиялық тұрақты даму механизмдерінің негізгі алғы шарттарын қалап алу қажет болады.Күні бүгінге дейін жалпы қауіпсіздік,әсіресе экологиялық қауіпсіздік арнайы ұйымдардың мемлекеттік мекемелердің ісі болып табылады деген қате пікір бар.

Экологиялық қауіпсіздікті дамытудың қисыны дегеніміз –адамдардың олардың үйлерін ,жұмысын тарихи және мәдени мұраларды,қоршаған ортаны қорғауға талпыну ,яғни адамның өзін және өмір сүру ортасын оныңөзінің көмегін қорғау.



Экологиялық қауіпсіз дамудыңнегізгі шарты-қорғалатын обьектілерге (табиғижәне әлеуметтік жүйелердің )қаупізаңмен реттелетін және әлі реттелмейтін ықпалдардан қорғау.Қоғамдық дамудың бастапқы нүктесі-адамның қажеттіліктерін өтеу.Экологиялық қауіпсіздік-әскери, энергетикалық ,демографиялық және тағы басқа сияқты әрқашанда дамумен қатар жүреді.Қауіпсіздік дегеніміз қауіптен қорғайтын шаралар болып табылады,сонымен қатар ол қоғам мен адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі.Адам өзін бұрыннан қауіптен қорғап келген –от жаққан,үй салған,тоған салған.Бірақ өркениеттің дамуының алғашқы кезеңдерінде қауіп,негізінен ,адамға жайсыз табиғи жағдайлардан келетін болса,қазіргі дәуірде жағдай күрт өзгеріп кеткен.Ғылым мен техника прогрестің ең маңызды факторларына айнала бастауымен бірге,қолдану жйесі де күрделене түседі.Саяси және әлеуметтік өзгерістерді қарастырмай-ақ,адамның табиғатты өзгертудегі қолданған физикалық процестер адамзат алдында шешілу қажет.


Каталог: ld
ld -> 2 Б. Майлиннің өмірі
ld -> Мазмұны Кіріспе 4
ld -> Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды
ld -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
ld -> 5 Қоғамның қалыптасу кезеңдері
ld -> Первичными числами являются: 618, 786, 27, 618
ld -> Окисление и галогенирование действием галогенов и галогенидов: экспериментальное и теоретическое исследование реакций, новые методы синтеза вицинальных ди-, поликарбонильных соединений и арилгалогенидов 02. 00. 03 органическая химия


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет