Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет105/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181
1 2019

(академик Рәбиға Сыздық). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студент 
жастарға терең білім берумен қатар, еліміздің әр қиырындағы институттар мен университеттердің 
оқытушыларына, доценттеріне ғылыми жұмыстар бойынша жетекшілік жасап, кеңес берді. Басқаша 
айтар болсақ, белгілі бір ұжым басшысы ғана емес, сол ұжымдағы барлық қызметкерлердің, 
магистранттардың, ізденуші шәкірттердің білім, білік деңгейлерінің үнемі көтеріліп отыруына мүмкіндік 
туғызып, еселі еңбек еткен ұлағатты ұстаз. Бұл айтылғандар ғалымның өзара бірлігі күшті, рухани-
адамгершілігі мол өнеге мектебін қалыптастырудағы үлесін айқын танытып тұр. 
«Қазақ халқының ең қасиетті, ең киелі қазынасы – тіл» [2, 39 б.] – деген ғалым Фаузия Шәмсиқызы 
әруақытта да тілдің, ұлт тілінің дамуына, ғылым тіліне айналуына үлес қосып келе жатқан тіл жанашыры 
ретінде қазақ тілінде қолданыла қоймаған терминдерді ұлт тіліндегі сөздермен қолданылуды ұсынды. 


133 
Айтар болсақ, тіл біліміндегі «когнитивтік», «коммуникативтік» деп қолданылып жүрген терминдерді 
«танымдық», «қатысымдық» деп қолданысқа енгізді. Ғалым ұсынған бұл терминдер кейінгі шәкірттерінің 
зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданыс тапты. Бұдан өзге тіл білімі мен тілді оқыту әдістемесінде ғалым 
ұсынған «тілдік қатынас», «қатысымдық әдіс», «қатысымдық технология», «айтылым», «тыңдалым», 
«жазылым», «оқылым», «тілдесім» сынды бірқатар терминдер жиі қолданылып келеді. Бұл терминдер 
тілімізде күні кеше ғана емес, құдды бір ерте кезеңдерден қолданылып келе жатқандай әсер береді. 
Мұның бәрі ғалымның тіл жанашыры екендігін анықтап берсе керек. Тіпті, ғылым жолындағы 
шәкірттеріне әркез «Тіл – математика. Сондықтан оған бей-жай қарауға болмайды» деп айтып 
отыратынының өзі осының жарқын дәлелі. Бұдан ғалымның тәрбие мен білімді ажырамас бір бүтін үдеріс 
ретінде танып-білетіндігі, соған сай әрекеті аңғарылады. 
Тілші-ғалым Фаузия Шәмсиқызы Оразбаеваның қаламынан шыққан еңбектер тіл құдіретін барынша 
сезіне білуге жетелейді. Соның бірі – «Тіл әлемі» атты кітабы. Осы еңбегінде ғалым «ұлт та, ұлттың рухы 
да, ең әуелі, тіл арқылы танылады» – дейді[2, 4 б.]. Бұл пікір – тілдің қадірін жете түсініп, тілді танымдық 
тұрғыда жіті зерделеуге бет бұрған жас ғалымдарға оң бағыт. Сондай-ақ осы еңбегінде айтылған «түркі 
тілдерінің бірі болып қана қоймай, байлығы орасан, өрісі кең, шұрайы мол, бедері қалың, шешендік 
сөздің сұлу, әдемі, әуезді үлгісі болып табылатын қазақ тілі – ұлт тілі дәрежесіне көтерілген ұлы тіл» - 
деген ойы тілге берілген аса құнды пікір.
Ғалымның әр жылдарда жазған іргелі зерттеулері ықшамдалып, сондай-ақ таңдаулы ғылыми 
мақалалары сұрыпталып енгізілген бұл еңбегі тіл әлемін зерттеуге ықыласы күшті, талабы зор жас 
ғалымдар мен мектеп ұстаздары, жоғары оқу орнының студенттері тарапынан үлкен ризашылыққа ие.
Ғалымның «Тілдік қатынас негіздері» атты оқулығы – қатысым теориясы негіздерін ғылыми тұрғыдан 
сөз еткен маңызды еңбек. «Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-
бірімен қарым-қатынас жасауы, қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл 
арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді»[3, 43 б.] Аталған еңбектегі сөйлесу 
мен тыңдауға, пікірлесуге қатысты ұстаз ойларына ғалымдар тарапынан да, оқырман қауымы тарапынан 
да оң баға беріліп, жоғары оқу орындарында жүйелі түрде қолданылып келеді.
Ғалымның ғылыми негізде жазылған мұндай оқулықтары мен оқу құралдары өз алдына бір төбе болса, 
ана тілді оқытуға бағытталып жазылған еңбектерінің орны тіптен бөлек. Әсіресе, өзге ұлт өкілдерінің 
қазақ тілін ана тіліндей меңгеруіне ықпал етуде де Фаузия Шамсиқызының еңбегі ересен. «Қазақ тілінің 
тек Қазақстан Республикасында ғана өмір сүретіндігін ұлт көкейіне ұялатып, ұрпақ санасына сіңіруіміз 
керек. Бүгінгі жеткіншек буын, жас ұрпақ өз ана тілінде сөйлей алғанда ғана Алаштың атажұрты дейтін 
алып кеңістіктегі Қазақ Елінің мемлекеттігі сақталады» – [2, 4 б.] деген ойды бекем ұстанған ғалым 
Фаузия Оразбаева 2005 жылы қазақ тілін оқып-үйретуге арналған 6 деңгейден тұратын оқу-әдістемелік 
құралдарды жарыққа шығарса, бүгінгі күні өзге ұлт мектептеріндегі қазақ тілін (1-11 сыныптарда) 
оқытуға арналған 56 кітаптан тұратын деңгейлік оқулықтардың аз уақыт аралығында жүйелі негізде 
құрастырылуына ұйытқы болып отыр. 
Елімізге танымал педагог-ғалымдар мен мектептегі тәжірибелі ұстаздарды ұйымдастыра отырып, ана 
тіліміздің қолданылу аясын ұлғайту жолындағы бұл еңбегі үлкен ерлікпен пара-пар. Жуырда баспадан 
шыққан бұл еңбек – өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін тез әрі жетік меңгеруіне ықпал ету жолында жасалған 
жаңа қадам, тың бетбұрыс. Тіпті, осы деңгейлік оқулықтарға қойылған «Тілашар», «Бойтұмар», «Тіл-
орда», «Алдаспан» деген атаулар Фаузия Шәмсиқызының ойлауымен де, сөйлеуімен де, жазуымен де 
болмысы бөлек ұстаз екендігінің айғағы іспетті. 
Тілші-ғалым Фаузия Оразбаева оқулықтар мен оқу құралдарын жазумен қатар ұжымдағы жастар 
арасында ғылыми ортаның қалыптасуына мүмкіндік туғызып отырды. Елімізге есімі етене таныс 
Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиұлы, Ж.Манкеева, Ә.Жүнісбек т.б. ғалымдармен кездесулердің, 
халықаралық ғылыми конференциялардың, семинарлардың биік деңгейде өткізілуіне мұрындық болды. 
Бұл – ғалымның Абай атындағы ҚазҰПУ-да ғылыми ортаның берік қалыптасуына, жастардың ғылымға 
бетбұруына деген ықпалын танытып тұр. 
Әрдайым «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсете білетін Фаузия Шәмсиқызының қызметтес 
әріптестеріне, оқытушыларға, шәкірттеріне деген шынайы көзқарасы мен риясыз кеңестері оларды 
қызметте қанаттандырды, рухын көтерді. Ғалымның қызметтегі, ғылым жолы мен отбасындағы әйел-ана 
тепе-теңдігін әдемі үйлесімде ұстай білуі қазақ әйеліне тән ерекше бітімін дараландырып тұрғандай. 
Ғалымдық болмысын қазақ әйеліне тән ибалылығы кемелдендіріп, ерекше шуақ – мейірім шуағын 
шашып тұрады. Мұның бәрі ірілік пен кісілік өлшемінің тепе-теңдігін сақтай білгендігінен де туындаса 
керек-ті. 
Ғалымға тән ұстамдылық, табандылық, қарапайымдылық сынды қасиеттер бір бойынан табылатын 
ұлағатты ұстаз Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева – ғылым мен ұстаздық жолындағы күллі қазақ жастары 


134 
үшін өнегесі мол, орны бөлек жарқын тұлға. Ғалым-ұстаздың дархан даладай қазақы болмысы біздерге, 
жастарға ерекше қуат пен нұр сыйлағаны да, сыйлайтыны да сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет