Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет40/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   181
1 2019

 
Аннотация: В статье рассматриваются сущность и значение научно-педагогичнской работы ученого-
языковеда и методиста Ф.Оразбаевой. 
 
Ключевые слова: коммуникативный, языковая коммуникация, ученый, языковед.
 Annotation: The article discusses the essence and significance of the scientific and pedagogical work of a 
linguist and methodologist F.Orazbaeva. 
 Keywords: communicative, language communication, scientist, linguist. 
Оразбаева Фаузия Шамсиқызы 1991 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті 
– 
қазіргі Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры 
болып қызмет етті. Бұл тұста мен Қазіргі қазақ тілі кафедрасында қазақ тілін оқыту әдістемесінен сабақ 
беріп, әрі қоғамдық жұмыс ретінде кафедраның әдістеме мәселесіне жауапкершілікті қоса атқарып 
жүрдім. Жұмысымыздың мазмұнына сай, өзгелерге қарағанда бұл кісімен жиі жолығысып тұрдық. 
Фаузия Шамсиқызын бір көргеннен-ақ, оның бойынан сыпайы мінезі, жылы жүзі, сөйлеу мәнеріндегі 
сүйкімділігі адамға ерекше бір шуақ шашып тұрғандай сезімге бөлейтін. Тұлға болмысын даралай түсер 
жылылық пен ілтипатын айтып жеткізу қиын. Әлде маған осы бір мінезге бай, сүйкімді жанның бар 
болмысы ұнағандықтан ба, әйтеуір, әр кездесуімізден соң мен бір түрлі рухани тазарып, жан дүнием 
кеңейіп кеткендей болатынмын. Қызмет бабындағы таныстығымыз, шынайы әріптестік сыйластыққа
тұлғаға деген құрметке жалғасты. Әртүрлі тұрмыстың ретімен әрқайсымыз әр жаққа кеттік. (Мен 
Астанаға ауысып, ол Алматыда қалды). Жұмыс бабымен анда-санда кездескен жағдайда да Фаузия 
Шамсиқызы сол баяғы биязы мінезі мен принципті іскерлігінен жаңылған емес. Біліктілік пен 
ұйымдастырушылық қабілеті қатар өркен жайған. Осы қабілеттің арқасында ол университет жанынан 
кандидаттық пен докторлық қорғайтын ғылыми кеңес ашты. Филология, педагогика ғылымдарының 
кандитаттық және докторлық ғылыми дәрежесін беру жөніндегі сол диссертациялық кеңестің төрайымы 
болды. Сол кеңесті бірнеше жылдар қатарынан өзінің дипломатиялық кеңдігімен өте жақсы, жайлы, еркін 
басқарып, ғылым жолына көптеген мамандар даярлады. Тіпті, қорғау барысында ғылыми кеңес 
мүшелерінің бірауыздан дауыс беруі қорғап тұрған адамның өзінен гөрі бұл кісінің ісі мен жүргізу 
саясатының жайлылығынан ба деген ой туады... Мұны Фаузия Шамсиқызының бойындағы 
парасыттылық қасиеттердің арқасы деп бағалауымызға толық болады. 
Қорғаймын деп, ісі түсіп барушыларды қайдан болса да, таныс, таныс емесіне қарамай, бәрін жақсы, 
жылы жүзбен қабылдап, сөйлесіп, қорғаушының бойына жігер құяды, ғылыми бағытын анықтауға 
көмектеседі. Бұған қалай риза болмассың?! Кім болса да, бұл кісіге жақсылық пен амандық тілеп, 
ризашылық білдіріп жатады. Ізденуші диссертациясын жақсы қорғап жатса, қорғаушының қуанышын 
бөлісе біледі. Тал бойына жарасқан салмақты мінезін, кісілік кішіпейілділігін, жан дүниесінің сұлулығын 
бөліп айтқым келеді. Әдемі тұлғаны әдемі сұлу сезім жаратады екен-ау деп ойласың... 
Алматы мемлекеттік университетінде бірге жұмыс жасасып жүрген кездегі бір жағдай еске еріксіз 
түседі. Бұл кісі докторлық жұмыс жазып жүрген болатын. Сол күннің бірінде кафедраға келді. Әңгіме 
барысында мен: 
– 
Қай саладан қорғайын деп жүрсіз? Педагогиканың әдістемесінен бе? Әлде тілдің теориясынан ба? – 
дедім.


46 
– 
Білмедім... Әлі де кеңесшімен ақылдасып, анықтау керек. Тілдің теориясы болып қалуы да мүмкін, – 
деген ойын білдірді. Мен сол кезде: 
– 
Сіз тілдің теориясынан гөрі әдістемеге бармайсыз ба? Теорияның қыры мен сырын зерттеушілер 
жеткілікті, зерттеліп те жатыр. Әлі де зерттеле береді... Сол тілді оқытудың педагогикалық әдістемесін 
неге қорғамайсыз? Бұл саланы болашақта кім алып жүреді? Бұдан кандидаттар аз. Доктор тіптен жоқ. Сіз 
сол саладан қорғасаңыз дұрыс болар еді. Сонда бүкіл Қазақстанға белгілі, әйгілі ғалым, ұстаз, педагог 
болар едіңіз, – деген едім. 
... 
Бұл әңгімеміз ол кісінің есінде бар ма, жоқ па білмеймін?! Әйтеуір, менің есімде сақталып қалды. 
Бүгінде Фаузия Оразбаева – қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жазылған қаншама бағдарламалардың, 
оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Әрі методика бойынша көптеген кандидаттық, 
докторлық диссертациялар қорғатып, мамандар даярлауда, республикаға белгілі ғалым, ұстаз, педагог 
биігіне көтеріліп отыр. 
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген... Сол кездегі жақсы сөзімнің, жақсы тілегімнің орындалғаны үшін 
де іштей мақтаныш сезіміне бөленемін. Әлбетте, ғалым жеткен бүгінгі жеңістің тұғырлы биігі, сөз жоқ, 
үлкен қабілеттің, табанды еңбектің көрінісі екенін уақыттың өзі де дәлелдеп отыр. 
Біз білетін ғалым-ұстаз ізденушілермен, әріптестерімен өте мәдениетті, аса сыпайы араласады. Ол 
ғылымға шексіз адал. Әдістеме саласындағы жұмысты ұйымдастыру қабілеті, кісілермен қарым-
қатынасы үлкендерге деген ілтипаты ерекше. Үлкенді де, кішіні де, қатарластарын да ұйыта ұйымдастыра 
біледі. 
Ф.Оразбаева «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдері» деген тақырыпта кандидаттық және 
«Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері» деген тақырыпта докторлық 
диссертация қорғады. Фаузия Шамсиқызының көптеген еңбектерінің бәрін болмаса да, бірер шамасының 
атын атап өтейін. «Қазақ тілін тез үйрену сабағы» («Ускоренный практический курс по казахскому 
языку»), «Тілдік коммуникацияның негіздері», «Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық 
негіздері» деген еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектер – студенттер мен магистрлерге, ізденушілер мен 
аспиранттарға, т.б. осы саладағы оқытушылар мен ұстаздарға аса пайдалы зерттеулер. 
Фаузия Шамсиқызының бойындағы бір жақсы қасиет – адамдарға жақсылық жасап тұрғысы келіп 
тұрады. Адам бойындағы небір мәселелерден қажеттілік туындаса, соны көре де, байқай да біледі. Адам 
бойынан жақсылық іздері мен нысанын тауып, оны әрі дамытып, айта да алады, қолдай да біледі. 
Фаузия Шамсиқызының отбасымен жіті таныстығым жоқ. Қызы Эльмираны білемін. Әріптесіміз. 
Соңғы жылдары Астанаға көшіп келіп, Эльмира да қорғады. Эльмира да біздің Л.Н.Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті Қазақ тілі білімі кафедрасына оқытушы болып орналасты. Филология 
ғылымдарының кандидаты еді... Осыдан екі-үш жыл бұрын докторлығын қорғады. Дарынды ұстаз, 
білікті, білімді ғалым. Қазақ тіліне аса жетік сирек жастарымыздың бірі. 
Біліммен қоса Эльмираның бойынан да, ойынан да сол шешесі Фаузия Шамсиқызына тартқан 
тұлғалық сипаттарды көргендей боласың. Үлкенге құрметі, жалпы кафедра ұжымына деген ниеті мен 
ықыласынан терең зиялылық аңғарылады. Бірнеше жыл қатарынан үкіметтік үлкен бір орында өз 
мамандығы бойынша жұмыс атқарды, бүгінде Назарбаев университетінің профессоры. Біздің ұжыммен 
қарым-қатынасы үзілмей, өте мәдениеттілігімен әлі де жалғасуда. Міне, осындай тәрбиелі баланы көріп, 
Фаузия Шамсиқызының жалғасы жақсы екенін айтқымыз келеді. Анасы да, қызы да – еліне адал қызмет 
жасап жатқан азаматшалар. Жолдасы Нұрлан Оразалинді ел алдындағы үлкен қызметі бойынша 
теледидар мен газет-журналдар арқылы білеміз. Елдің үлкен қайраткері, белгілі азаматы, отбасының адал 
ұйтқысы. Әрине, отбасының гүл-гүл жайнап, бәрінің өз орнында жарасып тұруына осы тұлғаның көп 
әсері барын да ашық айту жарасымды. Бұл – «Таудай талап, бармақтай бақ берсін» деген үлкендер сөзінің 
көрінісі... 
Жалпы жарасымдық – үлкен үйлесім мен өзара ұғыныстықтың жемісі. Жарасымдылық – отбасының 
көркі. Менің ойымша, бұл отбасы – сондай отбасы. Ұлдарын алсаңыз... Оған қоса күйеу баласы да... Бір 
көргеннен-ақ бұл жанұяның үлгілі тәлім-тәрбиесін байқатады. Өте мәдениетті отбасы. Отанымызда осы 
сияқты жанұялар көбейе берсін. Мұндай отбасылардың көбеюі – елдің абройы. Елімізде тыныштық пен 
байлық болсын, ал бұл отбасына тілерім – зор денсаулық, бақыт! Әрқашанда биіктей берулеріне 
тілектеспін. 
«Жақсыға айтқан тура сөз – шыңға тіккен тумен тең» дегендей, Фаузия Шамсиқызы туралы іркілмей, 
жан-жақты сөздер айтуымызға әбден болады... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет