Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы


Тақырып 12 Ақша қаражаттарының аудиті



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата19.01.2024
өлшемі140.48 Kb.
#489461
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тақырып 12 Ақша қаражаттарының аудиті
Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті. Банктегі және басқа да щоттардағы ақша
қаражаттарының аудиті. Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит жұргізілгенде
тексерілітін негізігі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестері.


Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы
мемлекеттік, ведомствалық және басқа нормативті актілерімен жеткілікті түрде қатан
реттелген. Сондықтан төлеу циклі аудиттін өткізуге дайындық кезінде қабылданған
заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын,
қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият
оқып-білу қажет. 
Ақша жалған құжатсыз тікелей ұрлау ісі кассаны тексергенде кассадағы барды
түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол шын мәнінде кассир, не болмаса басқа
лауазымды қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын лауазымды қызмет адамының
қолхатымен бүркемеленеді. Сондай-ақ, қылмыстың ең қарапайым түрі болып саналатын
қаражатты қымқырудың бүркемеленбегендері де болуы мүмкін. 
Ақшаны касса бойынша кіріске алмау алынған соманы тікелей шығыстарға есептен
шығармаумен немесе кірістік операцияларды жасырумен байланысты. Есеп шоттан
алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары жиі кездеседі.
Аудитор банктен чек бойынша алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы мен
уақыттылығын чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен, банк көшірмелерімен және
кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен тексеруі тиіс. Кейбір аудиторлар
банктен алынған қолма-қол ақшаны кіріске алудың түгелдігін тек қана чек түбіртектері
бойынша тексергенде қате жібереді. Мұны сондай-ақ банк көшірмелері бойынша да жасау
қажет. Егер көшірмелерде тазартып өшіру, түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар
айырмасында банктен ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер алып, тексерілетін
кәсіпорынның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме мәліметтерімен салыстыру
керек. Қатаң есептегі құжат деп саналатын банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды
талап етеді.
Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:
1 Банктегі және басқа да щоттардағы ақша қаражаттарының аудиті. 
2 Есеп беруге міндетті сомалардың аудиті. Аудит жұргізілгенде тексерілітін негізігі
аудиторлық тұжырымдар. 
Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.
Әдебиет
1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 349-372 б. 
2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 207-227 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет