Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы


Тақырып 13 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата19.01.2024
өлшемі140.48 Kb.
#489461
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тақырып 13 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті
Материалдық емес активтердің аудиті. Негізгі құрал – жабдықтардың аудиті. Ұзақ
мерзімді активтердің тозуы мен амортизациясының аудиті. Аудит жүргізгенде тексерілетін
негізгі аудиторлық тұжырымдар. Бақылау құралдарын тексеру тестілері.
Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты
қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен
мерзімін бағалаудың шынайылығын, маортизациялық есептеуді, істен шығарудың
негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішқі
бақылауды тексеру түсіндіріледі.
Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптің мәліметтеріне баланс
көрсеткіштерінің сәкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екндігі және оның
жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру
актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері
мен өзге құжаттар тексеріледі.
Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтттіруге қажетті
шығындар көлемін айқындаудың аңықтығы мен материалдық емес активтердің құн
бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы
бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:


– жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың
келісімдері бойынша;
– бұл объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты
шығындарға негізделе отырып;
– басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама
жолымен.
Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті
бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:
– негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың
мәліметтерімен сәйкестігі;
– негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;
– негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың,
өндірістік процеске қатыстылығы;
– негізгі құралдардың түсуі мен істен шыгуы жөніндегі операциялардың есебінде
бағалаудың, ресімдеудің және көрсетудің дәлдігі;
– негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа
сәйкестігі;
– бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы
мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі. 
Негізгі құралдардың аудитінің негізгі процедуралары: 
- Бас кітаптағы мәліметтермен баланс көрсеткіштерінің сәйкестігін тексеру; 
- негізгі қаражаттардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің
дұрыстығын тексеру; 
- эксплуатациялау мен сақтау орындарындағы негізгі қаражаттардың болуы мен
сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру;
- негізгі қаражаттар қозғалысы бойынша бастапқы кірістерді рәсімдеудің
дұрыстығын тексеру;
- негізгі қаражаттардың жіктелуін жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру;
- негізгі қаражаттарды бағалау мен қайта баға берудің дұрыстығын тексеру;
- негізгі қаражаттарды кірістірудің дұрыстығын тексеру;
- есепте тозудың дұрыс көрсетілуін тексеру;
- жөндеуге шығындардың негізделгендігін тексеру және олардың шоттарда дұрыс
көрсетілуі; 
- жалға беру бойынша операциялары мен жалға беру төлемінің шоттарда көрсетілуі
және дұрыс есеп айырысуын тексеру;
- есепте негізгі қаражаттардың кетуінің дұрыс көрсетілуін тексеру; 
- негізгі қаражаттарға қатысты салық есебінің дұрыстығын тексеру.
Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:
1 Материалдық емес активтердің аудиті. 
2 Негізгі құрал – жабдықтардың аудиті. 
3 Аудит жүргізгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар. 
Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.
Әдебиет
1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 373-392 б. 
2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 172-185 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет