Бизнестің аудиті мен талдауын жүргізу барысында тексеруді жүргізудің мынадай арнайы
әдістердің, тәсілдердің және процедура топтарын кеңінен қолдана алады:
1.
Нақты бақылау тәсілдері: тексеру, зерттеу, түгендеу, бақылап жіберу,
лабораториялық талдау, сараптау бағасы, нақты объектілерді тексеру және т.б.
2.
Айғақтарды құжаттық тексерулер әдістері, оның ішінде, деректемелерді
формалдық тексеру, құжаттарда көрініс тапқан операциялар мен фактілердің мәні
бойынша бағалауларын тексеру.
3.
Қадағалау тәсілдері: жаппай , тұтастай, іріктемелі,
визуальды және
тікелей.
4.
Жауап алу тәсілдері: ауызша, анкеталық, корреспонденттік, өзін-өзі
тіркеу және т.б.
5.
Операциялармен міндеттемелердің шынайылығын тексеру тәсілдері:
құжаттық растау, кезікпе тексеру, өзара тексеру, бақылау мақсатында салыстыру, сканерлеу
және т.б.
6.
Сандық параметрлерді нақтылау тәсілдері: өлшеу, салмақтау, қайта
есептеу, салыстырып тексеру және т.б.
7.
Талдамалы процедуралары:
іздестіру, жоспарлы, шолу, елеулі,
перспективалық, оперативті, ағымдық, диалностикалық және т.б.
Аудитте және қаржылық-экономикалық талдауда қолданылатын әдістерді жіктеу
тәсілдемесі оларды мына қосалқы жүйелерде топтастыруға мүмкіндік береді: техникалық,
талдамалы-есептік, құжаттық, қорытындылаушы және нақты бақылау. Олардың
әрбіреуінің өз ерекшкліктері мен пайдаланатын салалары бар. Атап айтқанда:
- техникалық тәсілдің қосалқы жүйесі талдамалы-бақылау міндетін шешу үшін
қажетті бастапқы ақпараттарды алу, тексеру және дайындау
барысында қолданылады;
- талдамалы-есептік тәсілдің қосалқы жүйесі экономикалық талдау, талдамалы
тексеру, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістердің дәстүрлі және
арнайы тәсілдері;
- құжаттық тәсілдер ақпараттық модельдеуді, нормативті-құқықтық реттеуді,
тексеруді зерттеу объектісі туралы есептік деректерді бақылаумен талдауды жүзеге асыру;
- қорытындылау тәсілі жиынтық есеп берулермен баланыстарды жасауда, кешенді
бағалауларды жүргізуде және ғылыми негізделген ұсыныстарды
әзірлеуде олардың
қорытындыларын зерттеу мен қалыптастырудың логикалық және синтетикалық
тәсілдерімен бірге пайдаланылады;
- нақты бақылау тәсілдері белгіленген тәсілдердің тексеріп қарау арқылы алынған
мәліметтер бойынша оның нақты жағдайын зерделеуде қолданылады.
Айғақтарды алу үшін аудитордың сараптау. Қадағалау, сұрау, растау, тәуелсіз
операциялық тестер мен сәйкестікке орай тестер, инспекция, есептеу, талдамалы тексеру
және т.б. бақылау тәсілдерінің технологиялары туралы нақты түсініктері болуы керек.
Талдамалы процедураларды аудитті жоспарлауда да,
процестік және кезеңдік
тексерулерде де қолданады. Бизнестің аудитінде қаржылық-экономикалық талдау
процедуралары мына түрде орындалады:
- аудиторлық тексерулердің бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеу кезеңіндегі
іздестірушілік жоспарлы және шолушылық талдау;
- шаруашылық операциялар үшін есеп пен ішкі бақылау жағдайын тексеру
барысындағы жүйелі, елеулі және функциональдық талдау;
- дайындап-жабдықтау, өндіріс және қаржылық өткізу қызметтерінің оперативті,
ағымдық және перспективті талдауы;
- бизнес тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне әсер
ететін факторларды зерттеу
және қаржылық есеп берулерді тексеру кезеңдеріндегі ұйымдық, функционалдық және
процестік талдау;
- бизнесті басқару мен оның тиімділігін арттыру жүйелерін жетілдерудің жағдайы
мен келешегін арнайы, толық, тақырыптық, локальды және кешенді талдау.