Тақырып 14. Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер



Дата30.06.2016
өлшемі46.5 Kb.
#167059
Тақырып 14. Әлеуметтік шиеліністер туралы түсінік. Шиеліністі құрайтын элементтер.

Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік шиеліністердің орын ағандығын байқауға болады. Біздің тілімізде “шиелініс” деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus-қақтығыс деген ұғымды білдіреді.

Шиеліністі, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды,, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады.

Шиелініс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.

Қазіргі кезде, әсіресе, біздің қоғамымызда әлеуметтік шиеліністер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-сңды болып көрмеген шиеліністі жағдайға ұласуы жиі ұшырасып отырды.

Міне, сол себептен әлеуметтік шиеліністерді оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиелініске жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеліністің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет.

Шиеліністер барлық қоғамдық ғылымдарға қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымында қалыптасты.

Әлеуметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеліністің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. 19 ғасырдың соңында жарық көрген Г.Спенсер, М.Вебер және Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеліністер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л.Гумплович К,Маркстен кейін көп ұзамай шиеліністердің шығу себептерін адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған күрестен іздеу керектігін айтты.

“Әлеуметтік шиелініс” (социология конфликта) деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымы Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеліністі қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.

Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғалыми көзқарастарын 20 ғ. 20-жыллдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бэрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар “әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын” негіздеді. Бұл теория бойынша шиелініс еркін бәсеке, бейімделу, ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.

Әлеуметтану шиелінісі әлеуметтану ғылымының құрамында өзалдына жеке бағыт ретінде 20 ғ. 50- жылдарында қалыптасты. Әлеуметтікшиеліністердің жан-жақты зерттеген конфилктологияныі классиктері Р.Дарендорф (Германия), Л.Козер (АҚШ) және К.Боулдинг (АҚШ) деген ғалымдар болды. Олар өздерінің еңбектерінде шиеліністердің барлық қоғамдық жүйелерге тән жалпылама себептерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасап, шиелініс процестерін реттеу және шешудің жолдарын көрсетті.

Әлеуметтік шиеліністер мәселесі бүгінгі таңдағы күрделі, өзекті проблема болып табылады. Бұл мәселе - әлемдік масштабта назар аударылып отырған мәселе. Мәселен, саяси ғылымдардың халықаралық ассоциясының 1997 – жылы Сеулде болған Дүниежұзілік конгресі осы мәселені талқылауға арналған.

Ғылыми әдебиеттерде шиелініс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50-ге жуық). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиелініс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.

Мәселен, Е.М.Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиелініс – түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің , әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама-қарсылығынан немесе мәнді айырмашылықтарынан шығып асқынған түрі. Әлеуметтік шиелініс шешілуі қажет әлеуметтік проблемаға байланысты нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның белгілі бір себептері, қозғаушы күштері ( таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар, т.б.) болады. Сонымен бірге шиелініс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.

Әрине, бұл берілген анықтама әлеуметтік шиелініс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеліністің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық.

Шиелініс болуы үшін оның барлық алғышарттары пісіп-жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеліністерді өзара тығыз байланыста болатын элементтер тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет. Шиеліністі құрайтын элементтерге келсек. Олар төмендегідей;

шиеліністі жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады.

Сол сияқты шиелініске оның негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар – екі жақтың қолдаушылары, бітімге келтірушілер, арандатушылар, арашашылар, ақыл-кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар даболуы мүмкін. Шиеліністің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеліністі жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты рөл атқарады. Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері, т.б.

Ал, психологиялық сипаттамасы дегеніміз, жекелеген адамдардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері. Мәселен, өмірде басқа адамдармен келісімге келебермейтін, бар мәселелерді ұрыс-таласпен шешуді қалайтын “қиын” мінезді адамдардың болатыны белгілі. Мұндай адамдар шиеліністің басталуына, оның барысы мен нәтижесіне елеулі ықпал ететіндері сөзсіз.

Шиелініс орын алу үшін қарама-қарсы жақтардың арасындағы қайшылық шегінен шығып, асқынуы қажет. Ал, қайшылық екі жақтың мүдделері мен мақсаттарының айырмашылығынан немесе қарама-қарсылығынан туындайды. Қоғамдағы жекеадамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың мүдделері бір-бірімен қабыса бермейді. Шиеліністі жағдайды көбінесе мүдделердің қақтығысуы ретінде түсіну керек. Американдық авторлар Р.Фишер мен У.Юри шиелініс дұрыс шешімін табуы үшін, ең алдымен екі жақты субъектілер мақсат, мүдделерінің қарама-қарсылығын айқын сезінеді.

Екі жақтың арасындағы қарама-қайшылық асқынып, субъектілер тікелей іс-әрекетке көшкен кезде шиеліністің қақтығысу кезеңі басталады. Яғни, екі жақ та бірдей іс-әрекетіне тойтарыс беруге тырысып, барынша батыл қимыл жасайды, өз мақсатына жетуге тырысады.

Шиеліністің барысына әлеуметтік орта даелеулі ықпал етеді. Қоғамның жалпы даму дәрежесі, нақты сол кездегі орын алып отырған экономикалық жағдай, коғамдағы дәстүр, ұлттық, демографиялық айырмашылықтар шиеліністі жағдайда елеулі рөл атқарады. Бұл жағдайлар шиеліністің нәтижесіне де әсерін тигізбей қоймайды.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет