Тақырып: Дәмділіктер. Дәмдеуіштер. Тұз Дәмдік тауарлар



бет6/6
Дата03.01.2022
өлшемі21.88 Kb.
#451117
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
16 Дәмділіктер. Дәмдеуіштер. Тұз

Сірке эссенциясын древесинаны химиялық жолмен құрғақ айдау арқылы алады, оның құрамының 80%-ы сірке қышқылы болып табылады.

Асханалық сірке қышқылы – сірке қышқылының әлсіз ерітіндісі (3-9%). Оны спирті бар сұйықтарды, уытты сірке қышқылдарды ашыту арқылы немесе сірке эссенциясын сұйылту арқылы алады.



Сірке қышқылын және эссенциясын герметикалы жабылған шыны ыдыстарды шығарады. 10оС дейін температурада сақтайды.

Лимон қышқылы құрамында 99,5% қышқыл бар түссіз немесе сәл сары кристалл. Оны биохимиялық жолмен қанттың лимон қышқылды ашуынан алады.

Ас тұзы –97-99%-ы натрий хлориді мен аз мөлшерде басқа минералды тұздардан тұратын табиғи кристалды зат. Адамның тәуліктік тқз нормасы – 5-6г. Тұз осмостық қысымды, су алмасуды реттейді, асқазан сөлінде тұз қышқылының түзілуіне қатысады, ферменттердің қызметін күшейтеді, консервант ретінде қолданады.

Шығу тегі және алу жолы бойынша тұз тас (жерде алынған), қайнатылған (табиғи немесе жасанды тұздықтан буландырып алынған), өздігінен тұнған (тұзды көлдің түбінен алынған) және тұнған (теіңздер мен мұхиттардан алынған) болады.

Өңдеу әдісі бойынша майда кристалды, ұнтақталған, йодталған және фторланған болады.

Сапасы бойынша ас тұзының экстра, жоғары, 1-ші және 2-ші сорттарын ажыратады. Экстра тқзында 99,7% дейін натрий хлориді, ал қалған сорттарда - 97,0-98,4% болу керек. Олардың ылғалдылығы 0,1-6% болу керек.

Тұзды 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында құрғақ бөлмелерде сақтайды, йодталған тұзды 6 ай сақтайды.

Натрий глютоматы – глютамин қышқылдарының бәр орынбасқан тұзы. Тағамның дәмін айқын шығарады. Аспаздықта, консервілеуде (ет, балық, көкөніс) қолданады. Натрий глютоматын қант өндірісінің қалдықтарынан, казеиннен, бидай клейковинасынан алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет