тақырып. Этиканың заңдар жинағы мен іскерлік қасиеттердің концепциясы



бет8/16
Дата06.10.2023
өлшемі54.65 Kb.
#479983
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Дәріс 8

Тыңдай білу әдебі.
Тыңдай білуде мыналарды басты назқарда ұстау керек:
Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс.
Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады.
Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек.Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек.
Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек.
Тыңдау екі түрлі болады :
1.Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.
2.Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау.
Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.
Сөйлеу әдебі.
Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:
1.Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.
2.Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.
3.Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау- әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.
4.Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.
Сөз атасы – құлақ.
Сөзге құлақ қойып, тыңдай білуге де дағды керек.Абай ақылды сөзді кімнің қалай ұғатыны туралы былай деген: “Қарны тоқ аса маңғаз ұқпас сөзді, сөзді ұғар көкірегі болса көзді”. Кісіні тыңдай білу де – мәдениеттілік. Адамның аузы біреу, құлағы екеу болғандықтан, көп тыңдай білу керек. Сөйлей білу қаншалықты қажет болса, тыңдай білу де сонша керек.
Айтылған сөз атылған оқпен тең. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Бал тамиған тілден у тамар. Көп сөз- күміс, аз сөз - алтын. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде мылжың боларсың. Таза сөйлеу- биік мәдениеттілік. Көңілсіз құлақ- ойға олақ.
Жазба тіл, оның өзіндік ерекшелігі.
Жазба тіл мәдениетінде тілдік норма сақталуы тиіс. Тілдік норма- халық, ұлт толық қабылдаған, жүйеленіп қалыптасқан ережелер жиынтығы.
Лингвистикада дыбысты тіл екіге бөлініп қаралады. Бірінші саласы- тілдің материалдық жағы, екіншісі- мағыналық, функциялық жағы.
Тілдің материалдық жағына ондағы дыбыстар, сөздер, грамматикалық формалар, үлгілер жиынтығы жатады.
Ал тілдің функциялық жағына адамдар арасындағы қатынас құралдық қызметі жатады.
Жазба әдеби тіл- жазу арқылы белгілі бір жүйеге түскен, өңделген, сұрыпталған, жазу дәстүрі мен жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты, орныққан нормалы, стильдік- жанрлық тармақтары бар, халыққа ортақ, түсінікті, қоғамдық қызметі әр алуан жалпыхалықтық тілдің екшелген, сұрыпталған түрі, ең жоғары сапалы тіл.
Жазба тіл өзіндік тілдік ерекшелігіне қарай бірнеше стильдік тармақтарға бөлінеді :
1.Ресми тіл( іс қағаздары стилі).
2.Ғылыми стиль.
3.Көркем әдеби стиль.
4.Публистикалық стиль.

Жазба тіл мәдениетін игеруде есте ұстайтьын қағидалар:


1.Сөзді орынды қолданып, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қою.
2.Дұрыс жазу үшін баяндайтын оқиғаны жақсы меңгеру.
3.Сөзді дұрыс тіркестіріп, грамматика заңдылықтарын меңгеру.
4.Орфография, пунктуацияны білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет