Тақырып Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы


Тақырып 13. Экобақтар, олардың ұйымдастырылуы, мазмұны



бет39/40
Дата14.05.2024
өлшемі0.8 Mb.
#501036
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
1-лекция

Тақырып 13. Экобақтар, олардың ұйымдастырылуы, мазмұны.

‎Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8,5 %-ына тең.


Сайрам-Өгем” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Өгем аңғары
Халықаралық жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді:
1. Қатаң түрде қорғалатын қорықтар, табиғи-ғылыми резерваттар;
2. Ұлттық саябақтар;
3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары;
4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар;
5. Қорғалатын ландшафтылар;
6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар;
7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау);
8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар;
9. Биосфералық резерваттар;
10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында республикада маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемлекеттік табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықаралық стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 – 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та 15,8%, Жапонияда 14%, т.б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.

Бас қалада тал егу, жасыл белдеуді қалыптастыру және экологиялық аумақтар құру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда елордадағы жасыл белдеу аумағында 10,2 миллионнан аса ағаш пен 1,8 миллион бұта (қарақат, мойыл, бөріжидек, көріктал) жайқала өскен.


Қалада өсімдіктерді қорғау мақсатында көшеттерді күту әрі қорғау ережелері күшейтілді. Бұрын кесілген бір ағаштың орнын толтыруға бес ағаш егілетін. Ал қазір бір ағаш кесілсе, оның орнына он ағаш отырғызылады. «Биыл 30 мың ағаш отырғызамыз. Жұмыстар елорданың барлық ауданында жүріп жатыр. құрылыс барысында аумақты көгалдандыруға ерекше мән береміз. Өсімдіктер кеуіп кетпес үшін суару жүйесін 20 пайыздан 90 пайызға дейін қалпына келтірдік» деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Сонымен Жасыл белдеуде 330 мың жапырақты және қылқанжапырақты ағаш, 3 мыңнан аса көшетке дейін егеміз. Аулалар, саябақтар, скверлер мен бульварларды абаттандыру кезінде, қатар қала әкімі Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында экотуризм мәдение­тін дамытуды маңызды міндет ретінде атағанына тоқтала келіп, аталған мақсатта экосаябақтар құру бойынша жұмыстар атқарлып жатқанын жеткізді.


Ең алғашқы ботаникалық бақ ХІV ғасырдың басында Италияда Маттео Сильватиконың (итал. Matteo Silvatico, лат. Matthaeus Silvaticus) ұйымдастыруымен Scuola medica salernitana мекемесінің жанында ашылыпты. 1333 жылы Венецияда медициналық және ботаникалық бақ ашылды. Осыдан бастап байыған итальян қалалары ботаникалық бақтарының көркімен бір бірінен асып түсуге тырысты. XVI-XVII жылдары Феррар Паду, Пиза, Болонье, Неаполь және Флоренцияда ботаникалық бақтар өте көп дамыды.


Франциядағы ең алғашқы ботаникалық бақ Монпелье қаласында 1593 жылы ашылса, Ресейдегі ең алғашқы бақ 1714 жылы Санкт–Петербургта «Дәрілік егістік» атауымен Петр І–дің ұйымдастыруымен ашылды.
Ботаникалық бақта тірі өсімдіктердің коллекциясын жинап олардың көмегімен өсімдіктердің сан алуандығын және жердің өсімдік әлемінің байлығын зерттейді. Ботаникалық бақтардың баты мақсаты жаңа өсімдік түрлерін ашу, оларды кешенді зерттеу және интродукциялау. Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және сырттан әкелінген өсімдіктерді өсіру, жерсіндіру, олардың биологиясын, экологиясы мен физиологиясын, өсіп-өнуін, селекциясын зерттеу; ботаникалық ілімді дамыту, оның жетістіктерін жалпы халыққа тарату; республикамызда азайып бара жатқан, жойылу қаупі төнген өсімдіктерді қолдан өсіріп көбейту, биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет