Тамақ өндірісінің процестері және аппараттарын жетілдіруде профессор Г.А.Куктің еңбегі көп.
Оның тамақ өні мдерін пастерлеу теориясын жасауы және «Сүт өнеркәсібінің
процестері және
аппараттары» деген кітабының шығуы дәлел. Тамақ өні мдерін кептірудегі үлкен зерттеулеріне және
«Ет өнеркәсібінің процестері және аппараттары» кітабына байланысты профессор Н.Е.Федоровтың
еңбегі үлкен.
Тамақ өндірісіндегі масса алмасу процестерінің теориясын жасауда және «Тамақ өндірісінің
процестері және аппараттары» атты ең бірінші оқулық жазған профессор В.Н.Стабниковтың
елеулі еңбегі бар.
Қазақстанда бұл пәннің одан әрі жетілуіне өздерінің үлкен үлестерін қосқан ғалымдар Ұлттық
академияның корреспондент мүшесі, профессор О.С.Балабековті, Инженерлік академияның
корреспондент мүшесі, профессор Ш.М.Молдабековті және т.б. атауға болады.
Курста оқылатын процес терминін (латын тілінің «processus» - қозғалу ) - физикалық, химиялық,
механикалық және басқа әрекеттердің әсеріненен бастапқы материал
тағам өнімдеріне айналатын
өңдірістік процес. Бұл айналулар заттың агрегаттық күйінің, ішкі құрылысының және химиялық
құрамының өзгеруімен жалғасады.
Процестер
технологиялық аппараттарда (латын тілінің apparatus - құрал, жабдық) жүреді.
Көбінесе аппарат әр түрлі түтіктер (трубалар), торлар, полкалар,
сақиналар, тарелкелер, сұйық
тамшыларды бөлу үшін сепараторлар және т.б. қозғалыссыз орналасқан сыйымдылықтар. Кейбір кездері
аппараттарда сұйық заттарды араластыру үшін айналмалы механизмдерді орнатады
2. Тамақ технолгиясының процестерінің түрлері.
Поцестер өту жылдамдығын анықтайтын негізгі заңдарға байланысты төмендегіше болады:
1) Гидродинамикалық процестер - өту жылдамдығы гидродинамиканың заңдарымен
анықталады. Бұларға төмендегі процестер жатады:
сұйықтарды тасымалдау, газдарды
тасымалдау және сығу, сұйықты және газды әртекті жүйелерді ауырлық күштің (тұндыру),
ортадан тепкіш күштің (центрафугалау) және қысым күшінің (сүзу) әсерлерімен ажырату,
сұйық ортаны араластыру. Процестің қозғаушы күші қысымдар
айырмасы немесе ортадан
тепкіш күш болады.
2) Жылу процестері - өту жылдамдығы жылу тасымалдау заңдарымен анықталады.
Бұларға: жылыту, суыту, конденсациялау, қату, балқу, булану және буландыру процестері
кіреді. Процестердің қозғаушы күші – температуралар айырмасы.
3) Масса алмасу (диффузиялық) процестері. Мұндай процестер қоспаның бір немесе
бірнеше құрамдастарының бір фазадан екінші фазаға өтуімен сипатталады. Бұларға: абсорбция,
ректификация, айдау, экстракция, адсорбция, кристаллизация, кептіру процестері кіреді.
Процестің қозғаушы күші концентрациялар айырмасы.
4) Химиялық процестер - өту жылдамдығы химиялық кинетиканың заңдарымен
анықталады. Бұл процестерге каталитикалық, крекинг, пиролиз, гидротазалау және т.б. кіреді.
Процестің қозғаушы күші әрекеттесетін заттардың концентрациялары болады.
5) Механикалық процестердің өту жылдамдығы
қатты заттар механикасының
заңдарымен анықталады. Бұларға: қатты денелерді ұсақтау, іріктеу, араластыру және
тасымалдау процестері кіреді.
6) Микробиологиялық процестер – микроорганизмдердің өмір сүруінің биологиялық
заңдарымен анықталады. Мысалы:
ашытқы жасау, сүтті ашыту және т.б.
7) Электрофизикалық процестер әлектр тогының әсерімен өтеді. Қозғаушы күші
потенциалдар айырмасы - ∆U.
Достарыңызбен бөлісу: